«Парасат-2020» зияткерлік турнирі
"Есірткіні қолданудың салдары және олардың аналогтары"
"Біз - Абайдың ұрпағы" қалалық байқауында №14 МГ оқушысы Орынбасар Нұрислам жүлдегер атанды. Жетекшісі: Ибраева С.А.
"PARASAT-2020" зияткерлік турнирінде №14 МГ "Жалынды жастар" командасы ІІІ-орынгға ие болды. Жетекшісі: Нұрқасымова Ф.Қ.

2020 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қорғаныс істері бойынша департаменті және «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері үшін «Волонтёрлер жылының» аясында әскери-патриоттық тәрбиені және волонтёрлік қызметті дамыту бағытындағы «Жас сарбаз – мейірімділік біріктіреді» жобасының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы, генерал Б.Ертаев, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Республикалық «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері, тағы басқа қонақтар қатысты.
Сонымен қатар іс-шараға елордамыздың білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан 350 Жас сарбаз қатысып, жоба барысында «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері қатарынан спорт түрлерінің халықаралық, азия чемпиондары (№ 16, 30, 37, 52, 65 және басқа да мектеп оқушылары), «SMART-SARBAZ» сыныптарының оқушылары (№ 4, 10, 16, 18, 29, 40, 50, 58, 65, 77 мектеп оқушылары) өз өнерлерін көрсетті.

«Рухани Жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Атқа міну мәдениеті » бөлімін жүзеге асыру мақсатында және «Салтың санаң, ғұрпың ғұмырың, дәстүрің дәулетің» жобасы аясында мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары әр апта сайын «Қазанат» ат клубына тәжірибелік сабаққа барып отырады. Еліміздің ұлттық мәдени дәстүрлерін насихаттай отырып, жылқы жануарына қызығушылық танытқан оқушылар жылқыны күтіп баптауды, азықтандыруды, оларды ерттеуді үйренеді. Сондай – ақ жылқы үстенде денсаулыққа пайдалы жаттығуларды орындайды.
Бүгін №77 мектеп-гимназиясында Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған «Біз – Абай ұрпағымыз» атты қалалық байқау өтті. Бұл байқауға Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей оқушылары да қатысып, бізді қуантатын нәтижелерді көрсетті. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты жас ақындар номинациясында ІІІ дәрежелі дипломға 8 сынып оқушысы Тұрсымбаева Еңлік ие болды, ал «Талаптың мініп тұлпарын» атты Абай шығармалары бойынша сурет салу номинациясында мектебіміздің жас суретшісі 8 сынып оқушысы Нургалиева Ажар ІІ дәрежелі дипломға иеленді. Оқушыларымызды және оларға жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғайния Сандыбайқызы Ахметованы құттықтай отырып, келесі сайыстарда да шығармашылық табыс тілейміз!
Бүгін 2020 жылдың 21 ақпан күні Сырбай Мәуленов атындағы#37 мектеп - лицейінде "Зерделі" ақыл - ой дамыту орталығының 3-4 сыныптар арасында математика "Алтын сақа" олимпиадасынан 1 кезеңінен өтіп, жүлделі орын алған оқушыларымыздың марапаттау рәсімі өтті.
Жеңіске жеткен оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз👍👏!1 орын алған оқушыларымызға келесі кезеңінен де сүрінбей өтіп, бас жүлде алуларына тілектеспіз🥇.
Сонымен қатар "Зерделі" ақыл - ой дамыту орталығының ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны