Меню KDT

Новости

Главная Новости

25.02.2020

Құттықтаймыз!

№14 МГ оқушылары "Рухани жаңғыру" жобасы аясында ұйымдастырылған "Сәулет өнері болашақта!" атты қалалық байқауына қатысты. Жетекшісі: Брусинская Н.Б.

25.02.2020

Хабарландыру!!!

Мектеп директоры мен мектептің Қамқоршылық

кеңесінің қатысуымен азаматтарды жеке мәселелер бойынша     қабылдау күндері –

Сейсенбі 11.00 – 13.00

Бейсенбі 17.00 – 19.00

25.02.2020

Диплом!

17- ақпан күні оқушылар сарайында өткен "Қазақ ертегілері мен аңыздары комикс жанрында " атты қалалық балалар бейнелеу өнері байқауына көркем еңбек пəні мұғалімі Айсулу Темиртасовнаның жетекшілігімен Мырзаханова Айғаным қатысты. Айғаным сертификатпен, жетекші алғыс хатпен марапатталды.

25.02.2020

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын

2019-2020 оқу жылғы  қаңтардың  21 – і күні әлеуметтік ұстаз Ж.Ж.Толукпаева №69 мектеп-гимназия демеушісі «Дар» қорының көмегімен демеушілік көмек ұйымдастырды. Аз қамтылған отбасынан шыққан 14  оқушыны  «Tutubi»  аяқ киімімен  қамтамасыз етті.

25.02.2020

Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!

Ғылыми жобалар конкурсының Республикалық кезеңінен Нұр-Сұлтан қаласында 8 медаль болса, соның 3 медалін біздің мектептің 4 оқушысы алып келді. Жеңімпаздарымызды күтіп алу сәтінен.

25.02.2020

«Парасатты қоғам қалыптастырудағы қағида мен жетістік формуласы»

«ADAL BILIM» кеңселік жобасының негізінде мотивациялық кездесу болып өтті.

24.02.2020

Құттықтаймыз!

Нұр-Сұлтан қаласы Ахмет Байтұрсынов атындағы №48 мектеп-лицейінде  математика пәнінен  әлемнің екінші ұстазы атанған, ұлы ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған мектепішілік олимпиадасы өтті. Жеңіске жеткен оқушыларды құттықтаймыз!

24.02.2020

Литературно-музыкальный вечер.

24.02. «№78 мектеп-гимназия» КММ орыс тілі мен әдебиеті пән  оқытушыларының

апталығының салтанатты түрде ашылуы болды. Апталықтың тақырыбы «Литературно-музыкальный вечер. О «Пушкин и Абай… Эти два имени, как мост, перекинутый меж двух культур – русской и казахской. Они - поэты вселенской культуры!».  Жауапты оқытушылар: Сейдахметова З.Б., Сулейменова К.С., Толыбаева К.М., Канафина С.С.,

Жунисова Ж.Т., Естаева Қ.Т.

Сценарий бойынша орыс тілі мен әдебиеті апталығы екі тілде жүргізілді. Бініші  сахнада «Нарекание имени Абая» көрінісі  қойылса, , 9 «Б» сынып оқушысы  Шаймұрат Мәди  «Сегіз Аяқ» әнін , 8 «В» сынып оқушысы  Уалиденова Айым «Татьяна хатын» және  9 «А» сынып оқушысы Акимгалиев Руслан  «Онегиннің хатын» орындады.  Ал 3 және 4 сынып оқушылары Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін орыс тілдегі аудармаларын айтып шықты. Ашылу барысында 10 пән мұгалімдері Абайдың  «Желсіз түнде жарық ай !» әнін айтты. Абайдың  175 жылдығы, Пушкиннің 180 жылдығына арналған  апталығымыз 28 ақпанға дейін жалғасады, оқушыларымыздың бойына Абай әндеріне деген сүйіспеншілік пен тәрбиені сіңдірсек- біздің мақсатымыздың орындалғаны деп ойлаймыз.

24.02.2020

Конкурс!

17 ақпанда орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында № 43 орта мектепте қазақ ақыны, ағартушысы, жаңа қазақ ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы философ Абай Құнанбаев пен орыс ақыны және жазушысы Александр Сергеевич Пушкиннің 175 жылдығына арналған өлеңдер байқауы өтті. Байқауда 5-6 сынып оқушылары арасында қазақ, орыс тілдеріндегі өлеңдер тыңдалды.

24.02.2020

Республикалық "Жас толқын" балалар мен жасөспірімдер байқауында "Вокал" жанры бойынша Бахытбек Нұрдаулет-І орын, "Аспапта ойнау" жанры бойынша Аширбай Бексұлтан және Мейрамбек Қайсар-ІІ орын иеленді

Республикалық "Жас толқын" балалар мен жасөспірімдер байқауында "Вокал" жанры бойынша Бахытбек Нұрдаулет-І орын, "Аспапта ойнау" жанры бойынша Аширбай Бексұлтан және Мейрамбек Қайсар-ІІ орын иеленді. Жетекшісі- музыка пәні мұғалімі Сеилова Жанна Қылышбековна

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны