26.02 күні Нұр-Сұлтан қаласы №63мектеп-гимназиясында 10-11 сыныптар және Еуразия Ұлттық университеті студенттерінің қатысуымен Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған дебат өтті. Дебат барысында Шыңғыс хан құрған империя қалай ыдырады? Оның орнына қандай мемлекеттер келді? Алтын Орданың заңды мұрагері кім? Алтын Орда Қазақ жерінің негізгі орталығы бола алды ма? Деген сұрақтар төңірегінде ой қозғалды. Сонымен қатар, Алтын Орданың Қазақ жерінің дамуына тигізген әсері жайлы, Жошы ұлысының тарихы жайында нақты дәлелдер келтіріп, ойларын ашық жеткізе білді. Дебат өте жоғары деңгейде өтті.

26 ақпан күні №63 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып аралығында «Ертегілер еліне саяхат» атты іс-шара өтті.

Мақсаты: балалардың ой-өрісін кеңейту, жазғы мерзімде оқуға танымдық қызығушылық тәрбиелеу, талдаулы сынамалы және образды ойлауды, танымдық белсенділікті дамыту. Балалар «ертегі» түсінігімен және түрлерімен танысты. Іс-шара барысында балалар жарыстың көтеріңкі рухына, сөз тапқыштыққа, тапқырлыққа және ауызбірлікке сүңгіді.

25.02.2020 ж. «№78 мектеп-гимназия» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары К.Сулейменова, Ш.Мухаметова, Б.Карибаевалардың ұйымдастыруымен «Үлгі болсын өмірім» атты «№78 мектеп-гимназия» география пәнінің мұғалімі Р.Бекеевамен кездесу кеші өткізілді.Кешке 9-11 сынып оқушылары және жас мамандар қатысты. Кездесуге арналып ұстаз өмірі және шығармашылығы туралы слайд жасалды. Кездесу барысында Р.Бекеева өзінң өмірбаянын және еңбек жолы туралы айтып берді және жүргізуші мұғалімдердің сұрағына жауап беріп отырды.Бастауыш сынып оқушылары Абай мен Пушкин өлеңдерінен үзінді оқыды, 6 «В» сынып оқушысы Біржанова Толғанай «Толғау» әнін айтты, музыка пәні мұғалімі Д.Кикимов «Ана» әнін өз сүйемелдеуінде орындап берді.

Кездесу кешінің тәрбиелік мәні және өскелең ұрпаққа берер үлгісі өте зор болды.

Кеше 25.02.2020ж. «Тұран» колледжінде Нұр-Сұлтан қаласының колледждері студенттерімен мектеп оқушылары арасында «Менің ИТ-идеям» атты сайыс болып өтті. Оған мектебіміздің атынан 10 - сынып оқушылары Мунтинов Даниал мен Тультаева Томирис қатысып, ІІ-орынды жеңіп алды. Жалпы осы сайыс 2-кезеңнен тұрды, 1-кезең бойынша алдын ала берілген тапсырмаға сәйкес Тультаева Томирис «Казэко» компаниясына логотип жасап, «Фирмалық стиль» дайындады. 2-кезең бойынша Мунтинов Даниал «Казэко» компаниясының сайт үлгісін жасады. Жалпы сайыс жайында айтатын болсақ, өте тартысты өтті. Қаламыздың 14 мекемесінен 30 үміткер қатысты. «Фирмалық стиль» және «Цифрлық дизайн» кезеңдері бойынша үміткерлер өз жұмыстарын таныстырды. Сайыс соңында командалардың 1-2 кезеңдері бойынша жұмыстары бағаланып, қатысушылар төмендегідей нәтижеге қол жеткізді:

І-орын Сурина Екатерина №31МЛ.,

ІІ-орын Мунтинов Даниал, Тультаева Томирис №35 МЛ.,

ІІІ-орын Асаинұлы Диас, Гудина Ирина Экономикалық лицей

ІІІ-орын Сагадат Аида №59 МЛ.

Осындай нәтижеге қол жеткізіп отырған мектебіміздің 10 «К» сынып оқушылары Мунтинов Даниал мен Тультаева Томиристы және жетекшілері Қазымбек Абай Қуанышбайұлын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылықтарыңызға мол табыс, талмас қанат, бұданда биік асуларды бағындыра берулеріңізді тілеймін!

Мектебімізде әр сейсенбі сайын сағат 11.00 мен 13.00 аралығында Қамқоршылық кеңес өкілінің қатысуымен азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау болады. Көкейлеріңізде жүрген сұрақтарыңыз, мектеп өміріне байланысты айтатын ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз болса баршаңызды күтеміз.

Lesson study - оқу мен оқыту тәжірибиесін жетілдіру тәсілі

2019-2020 оқу жылғы 26 ақпан күні жоспарға сәйкес, №69 мектеп-гимназиясының 9,10,11 сынып оқушылары арасында әлеуметтік ұстаз Б.Б.Қуанышбекова және мектеп инспекторы А.А.Досымбеков «Зиянды әдеттер- насыбай, темекі» тақырыбында дәріс өткізді.

Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын «зиянды әдеттерден» аулақ ұстайтын, саналы ұрпақ болып өсуіне ықпал жасау.
Қатысушыларға зиянды әдеттер: шылымның, алкогольдің, есірткінің адам ағзасына зияны, олардың әсерінен қандай аурулар туындайтыны, алдын алу жолдары туралы ақпараттар берді. Оқушыларға бейнежазбалар көрсетіліп, өздеріне қажет сұрақтарына жауап алып, белсенді қатысып өз ойларын ашық жеткізді.

25 ақпан 2020 жылы мектебімізде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мақсатым-тіл ұстартып, өнер шашпақ...» 5-7 сынып оқушылар арасында Абай оқулары өтті.

26.02.2020 ж. «№78 мектеп-гимназия» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары К.Сулейменова, Ш.Мухаметова, Б.Карибаевалардың ұйымдастыруымен «Дорожи не тем, что сын отца: гордись тем, что ты – сын человека!» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынға 5-6 сынып оқушылары Қарабала А, Берікқұл А, Фазыл А, Советқанова Е, Ердешова С, Тұрсынбай А, Қайыпбек А, Асубаева А, Қуаныш Д. қатысты. Интеллектуалды ойын қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев пен орыс ақыны А.Пушкиннің өмірі мен шығармашылығына арналды. Ойын 6 кезеңнен тұрды: 1-кезең – «Пословицы и поговорки», 2-кезең – «Знаешь ли ты Абая и Пушкина?», 3-кезең – «Рассыпанные буквы», 4-кезең – Лексикографический марафон «Кто быстрее?» ,5-кезең – «Портреты», 6-кезең «Прочтите ребус» ойын барысында оқушылар екі ақынның ертегілері мен өлеңдерінің кейіпкерлерін еске түсірді, шашылған әріптерден ақындардың өлең атауларын жинақтады. Сонымен қатар оқушылар ойын соңында екі тілде Абай мен Пушкин өлеңдерінен үзінді оқыды.

Интеллектуалды ойын оқушылардың ой-өрісін дамытуға өте пайдалы.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны