ШЛ №70 базасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша қалалық жарыс өтті.

СҚО. Манаш Қозыбаев атындағы университетте қазақ тілі мен әдебит пәнінің мұғалімдері арасында облыстық олимпиада өтті. Мектебімізден қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Зикирина Дина Макановна қатысып, ауданымыз бен мектебіміздің намысын қорғап, бағы мен бабы шауып, 1 орынды жеңіп алды. Мақтанышпен ұстазымызды құттықтаймыз. Алар асулары көп болсын демекпіз.

28 ақпанда №14 МГ Нұр-Сұлтан қаласы, 9 сыныптардағы қорытынды аттестаттау бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.

Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған мектеп-лицейімізде 28 ақпан күні «Абай лебі, үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні» атты қалалық іс-шара өтті. Осы іс-шараның мақсаты: жастарды, жас өспірім балғындарды дана Абайдың шығармашылығына тарту, ұлы адамның идеясын насихаттау болды.Іс-шара барысында дара ақын Абайдың дүниеге келуі, он үш жастағы Абай, жас Абай жолынан мектеп оқушылары көріністер арқылы Абай әлеміне саяхат жасады. Қандай ұлы құбылыс болса да, дана Абай аударма саласында да өзінің ерекше дарындылығын көрсетті. Бұны мектеп оқушылары А.С.Пушкиннің Татьяна мен Онегиннің хаттары арқылы жеткізді. Осы кеште Абай әні қалықтап, өлеңдері оқылып, оның «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе; жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімзді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық-әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсысын, байлаусысын көрдік, бәрі құршылық екенін білдік» дегендей ойшыл Абайдың қара сөздерінен хибрат алды. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс деп, іс-шараны аяқтадық.

Нұр-Сұлтан қаласы № 35 мектеп-лицейінде 28 ақпан күні 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «2020 жылғы мемлекеттік қорытындылау аттестациясы» тақырыбында жалпы жиналыс өткізілді. Мектеп директоры Адильбекова Зәуреш Ишанкуловна ата-аналарын 9-сынып оқушыларының бітіру емтиханын ұйымдастыру және өткізу үдерісімен таныстырды.

Қазақ және орыс сыныптарындағы оқу үдерісін басқаруға жетекшілік ететін мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
«9-сыныпты бітірушілердің қорытындылау аттесстациясын өткізу туралы» видео-слайдтарын әзірлеп, емтиханға дайындық кестесімен таныстырды. Жиналыс барысында ата-аналар өздері түсінбеген жайттарға байланысты сұрақтарын қойып отырды.

Сондай-ақ, 9-сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері де өз кезегінде сөз алды. Оқушылардың емтихан тапсыруға міндетті пәндері мен таңдау пәндері бойынша емтиханның жаңа форматта өтетіндігі, берілетін тапсырмалардың қалай құралатындығы, қанша ұпай алу қажеттілігі және ұпайдың қалай бағаға айналатындығы туралы жан-жақты ұғынықты түрде түсіндірді. Мектептің психологиялық көмек қызметі балалармен емтиханға дейін және емтихан тапсырған соң жүргізетін жұмыстарының жоспарын таныстырды.

Жиналыс соңында мектеп директоры Зәуреш Ишанкуловна емтихан алынатын пәннің мұғалімдері емтихан өтетін орынға кіруіне болмайтындығын қадап айтты. Сонымен бірге, биылғы жылы аппелляциялық комиссия құрылатыны туралы түсіндіріп, егер өз бағасына қанағаттанбаған жағдайда аппеллияциялық комиссияға өтініш беруге құқығы бар екендігін атап өтті. Сондай-ақ, оқушылардың емтихан тапсыратын пәндерден дайынығына қатысуын ата-аналардың қадағалап, қамтамасыз еттіп отыруы қажеттігін де айтты. Соңында 10-сыныпқа қабылдау мен құжаттарын алу туралы да айтылды.

Жалпы жиналыста ата-аналар белсене қатысып, өздеррін толғандырған мәселелердің түйінін шешіп, ризашылықпен тарқасты.

Қуанышты хабар! Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің оқушысы Тұрсынбаева Еңлік (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Ғайния Сандыбайқызы) Нұр-Сұлтан қаласы «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қалалық «Руханият» бағытының ұйымдастыруымен Абайдың 175-жылдығына арналған «Туған жер – тұнған тарих» атты ақындар мүшайрасында ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Шығармашыл қабілеттерін арта берсін, Еңлік! Саған және Ұстазына Алғысымызды білдіреміз!
"АЛҒЫС АЙТУ ПАРЫЗЫМ" Сырбай Мәуленов атындағы #37 мектеп-лицейінде 28 ақпан күні "Ризашылық-мейірімділік бұлағы" атты жалпыұлттық жобасы аясында "Алғыс айту" күніне орай мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары қаламыздың Қарттар үйіне барып, ата әжелерімізге өз үйлерінен әкелген кітаптарды сыйға тартты. Халқымыз қашанда қария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Әрбір оқушы өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, сыйға берген кітаптардың мазмұнымен таныстырып, сырласып, көңіл -күйлерімен бөлісті. Қарттарымыз оқушыларымызға ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты. Оқушылар керемет әсер алып қайтты. Ата-анамызды, ата-әжемізді бағалай, құрметтей білейік!
«АЛҒЫС АЙТУ» АҒАШЫ
Бүгінгі күнді біздің оқушылар «РАХМЕТ» деген сөзбен қарсы алды... 2020 жылдың 28 ақпан күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінде «Алғыс айту күні» мерекесіне орай 3-қабатта 1-11 сынып оқушыларына арналған «Алғыс айту» ағашы орналастырылды. Оқушылар түрлі-түсті қағаздан жасалған жүрекше, жұлдыздар мен гүлдерге өз алғыстарын жазды. Ең бірінші кезекте оқушылар Жер ғаламшарына, Қазақстан мемлекетіне, Елбасыға, ата-аналарына, мектепке, ұстаздарға, сынып жетекшілеріне, дос-құрбыларына алғыстарын білдіріп, тілектерін жазды. «Алғыс айту күні» мерекесі терең мән-мағынасымен ерекшелінеді, бұл мереке оқушыларды бір-біріне деген құрметке және достық сезіміне, толеранттылыққа тәрбиелейді.
2020 жылдың 28 ақпан күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінде “Алғыс айту күні” мерекесіне орай “Мейірім көрем көзіңнен” атты мерекелік концерт өткізілді. Іс-шараның мақсаты - оқушылар ата - анаға мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім - тәрбие бергені үшін, жалпы кез - келген жақсылық пен көмекке алғыстарын білдіру.
Мектебіміздің талантты әрі дарынды оқушылары өз алғыстарын өнерлері арқылы жеткізді. Мектеп ұжымы атынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Д. Тулеуова ата-аналар, мұғалімдер мен оқушыларға алғыс айтты. Концерт соңында ата-аналар ұйымдастарылған іс-шараға жылы лебіздері мен ыстық ықыластарын білдірді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны