№ 39 кешкі / ауысымды / мектепте 2020 жыл 28 ақпан күні «1 наурыз Алғыс айту» күніне орай «Мейрімділік - ризашылық бұлығы» атты тақырыпта мектепішілік кеш өткізілді. Кеште «Алғыс айту» күні туралы мәліметтер беріліп, «Алғыс айту » күнінің маңыздылығы туралы айтылды. Сонымен қатар кеште мектеп оқушылары көркем сөздер оқып, әндер айтылды.

Бүгін 2020 жылдың 4 наурызы күні №63 мектеп-гимназиясында 10 сыныптар арасында Мәншүк Маметованың Кеңес Одағының Батыры атағын алғанына 76 жыл толуына орай және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ал, қанекей, қыздар!» атты әсrери-патриоттық сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты: Оқушыларды патриоттыққа, Отан сүйгіштік сезімге тәрбиелеу, Отанды қорғауға дайындау және оқушылардың арасында достық қарым-қатынасты нығайту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды:

Өзін-өзі таныстыру

Саптық байқау (сатық элементтеріді орындау)

Автоматты бөлшектеу және жинақтау

Әскери атақтарды ретімен орналастыру

Дартіс лақтыру

Сөзжұмбақ «Бауыржан Момышұлына арналған»

Әділқазылардың шешімімен 10 «Б» сынып оқушысы Амантаева Ляйла бірінші орынға, 10 «В» сынып оқушысы Оспанова Динара екінші орынға, 10 «А» сынып оқушысы Көпбосын Талшын үшінші орынды иеленді. Қалған қатысушыларымызға «Үздік сап», «Үздік мерген», «Кім жылдам?», «Сұм мерген» номинациялары берілді. Қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз.

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау уақыты

Мамандықты таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру

Қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Бүгін 4 наурыз күні мектебіміздің 9-сынып оқушыларына (125 оқушыға) Нұр-Сұлтан қаласының Халықаралық лингвистикалық колледжі мамандары тренинг-презентация өткізді. Өте қызықты өтті, оқушылар мамандық таңдауда белсене қатысып, араласып кетті. Жалпы мектебімізде 9, 11

сынып оқушыларына мамандық таңдауда, ЖОО, колледждер ашық есік күндеріне шақырып, тренинг-презентациялар өткізуге жиі келіп тұрады және оқушыларды ол қызықтырады. Оқушыларымызға мамандық таңдауда тек сәттілік тілейміз.

4.03.2020.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Ұлы данышпан Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің 17.02.-21.02 аралығында «Поэзия - сұлулық әлемі» атты дәстүрлі іс-шарасы өткізілді. Іс-шаралардың жалпы сипаты төмендегідей:

«Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы....» тақырыбында ақындар мүшайрасын Пернебаева Нұршапағат және Берекетова Гүлнар мұғалімдер ұйымдастырды. 8 «В» сынып оқушысы Төлен Нұрай, 9 «А» сынп оқушысы Ақмолдаева Динара топ жарып шығып, өздерінің сырлы да мағыналы өлеңдерін оқып, тыңдарманды тәнті етті.

«Әнді сүйсең, менше сүй...» бөлімі бойынша 7-сыныптар арасында Абай әндерін орындау байқауы Жақсыбаев Думан және Сапархан Жансая ұйымдастыруымен өткізілді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін нақышына келтіре орындаған 7 «З» сынып оқушысы Алиайдарова А топ жарып, жүлдеге ие болды.

Кабдулова Аайдан және Мукалыков Бексейіт мұғалімдердің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасына «Күз», «Қыс», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жазғытұры» т б өлеңдерінен сурет салу байқауы 5-сыныптар аралығында өткізілді.

«Рухани жаңғыру идеясы мен Абай философиясының үндестігі» тақырыбында Боданов Амангелді, Қайрат Айсәуленің ұйымдастыруымен пікірсайыс өткізілді. 9-10-сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын А.Құнанбайұлының қара сөздерімен, философиялық лирикаларымен салыстып, бүгінгі замандағы күнделікті кездесетін әлеуметтік-қоғамдық мәселелермен байланыстыра отырып, жан-жақты талқылады.
Оқушылардың бір тобы Абай да өз заманында халықты жаңашылдыққа, ескіліктен құтылып, жаңаша ойлануға, жаңаша өмір сүруге үндеді деген ойлар айтты. Оқушылардың екінші тобы Абай тек халықтың мінез-құлқын сынады, оқу-білімді көбірек насихаттады, ал Н.Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы нақты халықтың рухани жаңғыру жолын айқындап бере алды деген пікірді ұстанды.

«Латын әліпбиіне көшу- заман талабы» тақырыбы - «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұсынылған басым бағыттың бірі. Аталған тақырыптағы іс-шараны Нарбаева Меңдігүл және Пернебаева Нұршапағаттың жетекшілігімен ұйымдастырылып, 9-сынып оқушыларының көзқарастарын, жастардың арман-тілектерін білу мақсатында эссе жазылды. Өзінің қоғамдағы өзгерістерге деген көзқарастарын шынайы білдіруімен, сауаттылығымен ерекшеленген 9 «ә» сыныбының оқушысы Ұзақ Айсұлудың жұмысы үздік жұмыс болып жарияланды.

Гимназиямызда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде жүргізілетін «Поэзия-сұлулық әлемі» атты іс-шара келесі жылдарда да жүзеге асып, жас жеткіншектердің жан дүниесінің сұлулығының артуына ықпалын тигізеді деген сенімдеміз.

Орындаған: Әдістемелік бірлестік жетекшісі Кабдулова А.Т.

№67 гимназияда мұғалімнің шығармашылық күнін тиімді ұйымдастыруда "Іс-әрекеттегі зерттеу", "Тиімді оқытудағы 7 модуль", "Денсаулық әліппесі" курстары жүргізілуде. Ұстаздар бұл курстар арқылы зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оны тәжірибеде қолдануды, оқушының жас ерекшеліктерін ескеру арқылы қабілетімен мүмкіншілігіне сай тиімді сабақтарды ұйымдастыруды меңгереді.

Гимназияда "тарих" пәнінен "Даналық көзі - ақыл кітабы, Яссауи хикметтерін жаңғырту" тақырыбындағы өткізілген шарасының оқушыларға берері мол болды.
Мақсаты: Ахмет Яссауи өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды түсіну арқылы Ахмет Яссауиді тарихи тұлға, қазақ әдебиеті мен тарихтағы пәлсафалық сипаттағы ақын ретінде танып білу. Ұлы тұлғаның хикметтерін жаңғырту мақсатында оқушыларды имандылыққа тәрбиелей отырып, адами құндылықтарды бойына дарыту болып табылады
Шарада ерекше қабілетімен танылып, белсенділік танытқан:
5 сынып оқушысы –Егинбаева Зарина
6 сынып оқушылары- Арман Раббия, Ахметова Абдрахман, Сайлаубек Баубек, Муратова Ақтолқын, Жамединова Еркеназ, Иманбаева Аягөз
7 сынып оқушылары - Пердебекова Нұрлы, Аюбек Жансая
8 сынып оқушылары – Совет Тахмина, Пансабек Құралай
9 сынып оқушысы – Ақмолдаева Динара сынды оқушыларымызға алғыс хаттар табысталып, шығармашылық қабілеттерін одан әрмен шыңдай түсуге тілек білдірілді.

🔥"Болашақ" ерікті көшбасшылар ұйымы🔥

Гимназиямыздың 7-10 сынып арасындағы сынып лидерлері "Кәсіби бағдар" жобасы аясында өз жұмысын жүргізе бастады. Жоба аясында әр оқушыны кәсіптік бейімділікке баулу мақсатында апта күндеріне іс-шаралар жүргізу жоспарланып отыр. Бұл мақсатты жүзеге асыруда аптаның әр күнінде мына жұмыстарды бақылай аласыздар:

* дүйсенбі күндері #cookingclub жобасы жұмысын;

* сейсенбі күні #фитошай жобасы;

* сәрсенбі психологиялық саулық күні;

*бейсенбі күні #novelmedia жобасы бойынша жаңалықтар, құттықтаулар мен хабарландырулар;
*жұма #kitaptalk жобасының талқылаулары өтеді.

Ұйым мүшелері гимназия оқушылары мен төменгі буын үшін кәсіби бағдар бойынша бұдан да бөлек іс-шаралар ұйымдастыруды көздеп отыр. Көшбасшы оқушылардың жұмысына сәттілік тілейміз!

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің

ЖАҢАРТЫЛҒАН "АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ"

«Адалдық дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетеді. Сауда орнының басты ерекшелігі де осы. Биылғы жаңартылған «Адалдық дүкенінің» сөрелеріне мектеп логотипі мен мектеп атауы жазылған қаламсаптар, блокноттар, кружкалар, футболкалар, күнтізбелер және оқушы қолымен дайындалған қолжазбалар, ұялы телефон қаптары т.б. заттар қойылды. «Адалдық дүкенінің» оқушыларымыз үшін тәрбие мекені болатынына сеніміміз мол.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны