Меню KDT

Новости

Главная Новости

01.04.2020

"БІЗ БІРГЕМІЗ" деген ұранмен алға нық қадам жасайық.

Оқушыларымыз көктемгі каникул уақытын карантин кезеңінде өткізілуіне қарамастан үйде, отбасында отырып, өздерінің сүйікті істерімен айналысып, ұстаздарымен қашықтан болса да байланыс жасау арқылы өздерінің жасаған жұмыстарын, шығармашылықтарын, оқыған өлеңдері мен музыкалық өнерлерін жолдап, шыңдау үстінде. Күнделікті сабақ кезіндегі мектеп, оқушы, мұғалім арасындағы ыстық қарым- қатынас, өзара қызу әңгімелер, бір- бірінің жүздерін көріп сәлем- сауқат сұрасқан күндерді кәзір бәрі бір- біріне деген сағынышын жеткізіп, жүздесуін асыға күтуде. Лайым ол күннің де келер уақыты алыс емес. Бәріміз кәзіргі еліміздің саулығын сақтаудағы ережелер мен талаптарды мұқият орындасақ, біз бәрін бірге жеңеміз! Көктемгі каникулдың соңғы аптасы аяқталуға жақын қалып, мұғалім, оқушы, ата- ана болып жаңа тәжірибемен бастағалы отырған оқу жылының 4- ші тоқсаны қашықтан білім беру жүйесіне қызу да қарқынды дайындық үстінде. Ұстаз бен шәкірт арасындағы сағыныш бүгінгі 1- ші сәуір күні өткізілген қашықтан оқыту сынама сабағында көрініс тапқаны байқалады. Сыныптағы оқушылар бір- бірін ZOOM желісі арқылы көріп мәре- сәре болып, сынып сағатын, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, қуанысып қалды. Осындай керемет көңіл - күймен бастағалы отырған оқу тоқсанымыздың сәтті болып, барша халықтың тілегі орындаларына сенімдіміз. Ендеше " БІЗ БІРГЕМІЗ" деген ұранмен алға нық қадам жасайық.

01.04.2020

"Абайды оқы, таңырқа" челленджі

67 гимназия оқушылары Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Нұр- Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының  ұйымдастыруымен "Абайды оқы, таңырқа" челленджіне белсене қатысуда. Абайдың әңдерін, өлеңдерін, қара сөздерін орындады.

31.03.2020

ОҚЫТУДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ЕҢБЕГІ ОРАСАН ӘРІПТЕСІМ...

ОҚЫТУДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ЕҢБЕГІ ОРАСАН ӘРІПТЕСІМ...

Қытайдан басталып, «алпауыт елмін» деген Америка мен Еуропа елдеріне, Таяу Шығыс пен Азияға, біраз күннен берекесі тасыған, көңілі ақ қазақ еліне таралып отырған қазіргідей аты жаман ауруға байланысты үйді-үйімізге тарағанымыз баршаға аян. «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» демекші, осындай қиын кезеңде етігімен су кешіп жүрген дәрігерлеріміз бен медбикелеріміз, «Тәртіпке бағынған құл болмайдыны» барынша үйретіп жатқан құқық қорғау органдарының ел болашағы үшін жасап жатқан еңбегі берекелі болғай дейміз. Осы орайда, елімізде миллиондаған оқушының да үйде еріксіз қамалып отырғаны, біразы бала болған соң балалығын жасап, біршамасы өзіне ұнайтын іспен шұғылданып, бірқатары кітаптан бас көтермей, жан азығын жинап жатқанын да байқаймыз. Төртінші тоқсанның басталуына аз ғана уақыт қалғанына қарамастан, оқушыларымыз «Мұғалім, сабақ бүгін бастала ма, ертең бастала ма?» деп, елеңдеп отырғаны да рас.

Таңдауым түскендіктен емес, білім беру саласында мектептің ішкі өмірімен біте қайнасып жүргендіктен болар, қазіргі таңдағы әріптестерімнің жай-күйі туралы бүгін біраз ойға баттым. Балалардың қауіпсіздігі аясында енгізіліп отырған «Қашықтықтан оқыту» үрдісі оқушыға да, ата-анаға да, қала берді мұғалімге де оңай тимегені анық. Мұны әріптестерімнің күнді түнге, түнді күнге ұластырып жасап жатқан еңбектерінен-ақ көріп отырмын. Дегенмен, мұғалім деген қашан да сабырлы, көп нәрсені ақылға жеңдіретін жүрегі кең жандар ғой, біраз қиындықты еңсеруде. Төрт мыңнан астам оқушысы, екі жүзге жуық мұғалімі бар мектебімізде «Қашықтықтан оқыту» үрдісін енгізуде жүздеген, мыңдаған адаммен қатар жұмыс жасап отырған директордың ақпараттық-технологиялар жөніндегі орынбасары Сарсекеева Айша Жакуповнаның қазіргі таңдағы атқарып отырған жұмысын ой елегінен өткізе отырып, селк ете түскендей күйде болдым. Түрлі іске қосылып жатқан Google.classroom.com, Microsoft Teams, Zoom платформалары, олардың қызметтерін, қолдану мүмкіндіктерін педагогикалық ұжымға үйрету, түсіндіру, бірнеше қайтара тәжірибеден өткізу, кемшін тұстарын қайта жасау, күндіз-түні екі жүз мұғалімнен келіп түсетін сұраққа сабырмен жауап беру, Kundelik.kz-тегі кері байланыстың түп-төркінін түсіндіру, оқушыны бағалауды жүзеге асыру жолдарын ойластыру, ұялы телефонға жауап беруден бөлек Whats App желісіндегі жүздеген сұрақтарға жауап беріп, өтініштерін орындау сияқты үздіксіз ұйымдастыру қызметін атқарып отырған осы бір әріптесімнің мектеп үшін жаралған «нағыз педагог» екендігін мойындадым. Тумысынан бойында мейірім мен сүйіспеншілік тұнып тұрған әріптесімнің  сабырлы салмақтылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында бүгінде осыдан біраз күн бұрын «мынаны қалай жасаймын?», «қалай қолданамын?» деген секілді сан сұрақ қоятын ұжым да бір қалыпқа түсіп келеді. Отбасында бір үйдің отанасы, немерелердің әжесі, аяулы жар, мектепте директордың орынбасарлығы қызметін қатар алып жүрген әріптесіме ел игілігі тұрғысында атқарып жатқан орасан еңбегі үшін, шынайы азаматтығы үшін алғыс айтқым келеді. «Айша Жакуповна, Сіз ешкіммен, ештеңемен санаспайтын өз ісіне адал, баланы, жалпы адамдарды жақсы көретін, мектебімнің абыройы – менің абыройым деп қабылдайтын, түріңізден қалжырау көрінсе де, тіліңіз жақсы сөз ғана айта алатын «Ең жақсы мұғалім» деген атқа лайық жансыз! Біз сізді қадірлейміз! Өркеніңіз өссін, ұрпағыңыздың қызығын көріңіз!» деген тілегімді де жеткізсем деймін.

Ал, ертеңнен басталғалы тұрған алғашқы қадамда барлық әріптестерімнің істеріне сәттілік тілей отырып, ата-аналарымыз бен оқушыларымыздан әр мұғалімнің еңбегіне құрметпен қарап, қолдау үндерін қосса деген тілегіміз бар.

31.03.2020

HANGOUTS MEET ПЛАТФОРМАСЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

HANGOUTS MEET ПЛАТФОРМАСЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
2020 жылдың 31 наурызында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде Hangouts meet платформасында  онлай-педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңеске мектептің мұғалімдер ұжымымен қоса, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Абдижалилов Атахан Усманханович те қатысты. Күн тәртібіне қойылған мәселелермен мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы таныстырып өтті:
2019-2020 оқу жылының ІІІ тоқсаны бойынша оқушылардың үлгерімі және білім сапасы. Мектеп оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындық. (Алимова З.С.)
Мектептің инновациялық жобалары:
- «SHARE» (Кожахметова Ж.Ш.)
- «СТЕМ-білім беру» (Апитова Б.К.)
- «Cisco» (Искакова Г.Г.)
- «Жас сарбаз» (Дюсембаев М.Р.)
- «Бағдарламалау негіздері» (Ныгметжанова Г.М.)
«Lesson study» кластері аясындағы мектептің іс-әрекеті. (Айсанова А.А.)
Қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру түрлері:
google.classroom.com платформа аясында Hangouts meet бағдарламасын қолдану (Билял М.Ж.)
ZOOM платформасында бейнеконференция ұйымдастыру (Серикбекова Б.А.)
Алғашқы үш мәселе бойынша аталмыш платформада баяндамашылардың презентациялары ұсынылып, педагогикалық кеңес шешім шығарса, кейінгі мәселелер аясында мұғалімдер өз әріптестері тарапынан google.classroom.com платформа аясындағы Hangouts meet бағдарламасы, ZOOM платформасында бейнеконференция ұйымдастыру туралы нақты әдістемелік нұсқаулықтар алды. Сондай-ақ, мектеп басшысы мұғалімдерді бұл платформалармен шектеліп қана қоймай, заманауи және оқушыға сабақ беруде, кері байланыс алуда ыңғайлы өзге де ресурстар аясында ізденуге шақырды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес қысқаша түсіндірмелер жүргізіліп, алдағы күндерде жүзеге асырылатын жұмыстар аясында хабарламалар жасалды. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Атахан Усманханович мұғалімдердің қазіргі таңдағы жасалып жатқан еңбектерін бағалау керек деген пікір білдірді. Педагогикалық кеңес соңында директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Алибекова Гульден Зияшевна педагогикалық кеңестің шешімімен таныстырып, мектеп басшысы ұжымды осындай ел басына жаппай түсіп отырған қиын-қыстау кезеңде аса сабырлылық пен шыдамдылық танытуға шақырды, өздеріне, отбасыларына және жақындарына мықты денсаулық, қайрат пен күш, жалындаған жігер, істеріне сәттілік тіледі.

30.03.2020

БІЗ БІРГЕМІЗ, СӨГІЛМЕСІН ІРГЕМІЗ!

БІЗ БІРГЕМІЗ, СӨГІЛМЕСІН ІРГЕМІЗ!

Нұр-Сұлтан қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің тәрбие бөлімі бүкіл әлемнің, соның ішінде қазақ елінің басына түсіп отырған қиын кезеңде барлық ұстаздар қауымы мен оқушыларымызды, ата-аналарымызды «Қиындықты сен жеңбесең, қиындық сені жеңеді» деп Мырзатай Жолдасбеков ағамыз айтқандай, сабырлы да салқынқандылық мінезбен, қайсар күшімізбен, төзімді қасиетімізбен жеңіп шығуға шақырады.

Біз әрқашан сіздермен біргеміз!

Жер-Әлемге мықты денсаулық пен табандылық тілейміз.

30.03.2020

#Бізбіргеміз челленджін қолдап, жылы лебіздерін білдіруде.

#Бізбіргеміз
Нұр-Сұлтан қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 7 «Г» сынып оқушылары #Бізбіргеміз челленджін қолдап, жылы лебіздерін білдіруде.

30.03.2020

«ПАЙДАЛЫ ДЕМАЛЫС» челленджі

№42 мектеп оқушылары көктемгі демалыс уақытында "ПАЙДАЛЫ ДЕМАЛЫС" челленджін жолдайды.

30.03.2020

#5 гимназия оқушылары демалыс кезінде ,бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуда

#5 гимназия оқушылары демалыс кезінде ,бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуда

30.03.2020

Қашықтықтан оқыту

Құрметті оқушылар мен ата-аналар! 2020 жылғы 6 сәуірден бастап №55 орта мектепте сонымен қатар жалпы республика бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқыту жүзеге асырылады. Оқыту ақпараттары келесі оқу арналары арқылы жүзеге асады :
1.Zoom Web-конференциялары: бейнесабақтар. Күн сайын сабақ басталар алдында оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау мақсатында сынып жетекшісінің Web-конференциясы өткізеді. Бұл платформаны пайдалану үшін Zoom қосымшаларын алдын ала компьютерге немесе телефонға интернет арқылы орнату қажет.
2. Kundelik.kz электрондық жүйесі арқылы тапсырмалар мен Оқу материалдарын, ұсынылатын кері байланысты (мұғалімдердің түсініктемелері мен ұсыныстары , ата - аналарды жаңалықтармен ақпараттандыру, үй тапсырмасын беру және оны онлайн-тексеру) жүзеге асырылатын болады.

30.03.2020

Коронавирус инфекциясы дегеніміз не? және сақтану жолдары

Коронавирус инфекциясы дегеніміз не? және сақтану жолдары

коронавирус – бұл 2019-nCoV деп аталатын вирустық инфекцияның жаңа түрі,

жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруын тудырады, өкпе, қабынуы асқынып, өлімге әкелуі мүмкін,

2019 жылы Қытайда, Ухань провинциясында анықталды,

вирустың басқа елдерге сапар немесе саяхат шеккенде таралады,

вирус жылдам тарайды,

27 елде коронавирус жұқтырған 20 630 оқиға тіркелген, оның 427-і өліммен аяқталған. Бұлардың басым бөлігі Қытайда орын алған,

ҚХР-да 5974 оқиға тіркелген,

Хубей провинциясының 15 қаласында карантин жарияланып, тұрғындарға қаладан кетуге тыйым салынған,

автобус, поездардың қозғалысы, ұшақ рейстері тоқтатылды;

Коронавирустың белгілері:

дене қызуының көтерілуі,

тұмау,

бас ауруы,

жөтел,

тамақ ауруы,

әлсіздік,

іш өту,

иммундық жүйесі әлсіз әрі төмен адамдарда жиі кездеседі, сәбилер мен қарттар да сырқатқа ұшырауы мүмкін.

Инкубациялық кезең – 2 күннен 14 күнге дейі

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны