№51 мектеп-гимназиясында 9-мамыр Ұлы жеңістің-75 жылдығы қарсаңында қашықтықтан «Ұлы жеңіс ұрпаққа аманат» атты акциясы болып өтті.

Онлайн тәртібіндегі жалпымектептік ата-аналар жиналысы

2020 жылдың 2 мамыры күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейде онлайн тәртібінде 1-11 сынып ата-аналар комитетінің төрайымдары мен төрағалары үшін жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тілектесқызы онлайн-жиналыста жүздесіп отырғанына өз қуанышын жеткізіп, қатысып отырған ата-аналарға ризашылығын білдірді. Бүгінгі жиналыстың күн тәртібімен таныстырды:

1. Қорытынды аттестаттау ерекшелігі және онлайн тәртібінде БЖБ, ТЖБ өткізу бойынша ұсыныстар – Алимова З.С. (директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары) 10 мин.

2. Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру үрдісін ұйымдастыру, онлайн тәртібін жүзеге асырудағы платформалар мен бағдарламалар – Алибекова Г.З. (директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары) 10 мин.

3. Тәрбие жұмысын Қашықтықтан ұйымдастыру және қазіргі таңдағы нәтижелері – Г.Абильдина (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары) 10 мин.

4. Балаға Қашықтықтан оқыту кезеңінде қандай психологиялық көмек қажет? - Я.Банникова.,С.Нурмаханова (мектеп психологтары) 10 мин.

Күн тәртібіне қойылған барлық сұрақтар аясында толық мәліметтер айтылып, ата-аналарға ұсыныстар жасалды.

Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан туындаған көптеген сұрақтарға жауап беріліп, өтініш-тілектері ескерілді. Сондай-ақ, ата-аналардың бүгінгі жиналыстан мазмұнды және пайдалы дүние алғандықтары туралы көптеген оң пікірлер жазылды.

Нұр-Сұлтан қаласы Әл - Фараби атындағы Оқушылар сарайы ұйымдастырған «Жеті атасын білу - тектіліктің белгісі» атты челленджді қабылдап, мектептің оқушылары өз бейнероликтерін әлеуметтік желіге жіберіп, челленджді жалғастырды.

Нұр-сұлтан қаласындағы №2 Балалар музыка мектебі - ЮНЕСКО клубы «Абай әлеміне саяхат» қалалық вокалдық онлайн-байқауын ұйымдастырды

"Менің отбасымда спорт пен ұлттық ойындардың мәдениеті" номинациясының қатысушылары "Бақытты отбасы" Акаевтар отбасы. Отан отбасынан басталды деген сөз дұрыс айтылған, сондықтан ең алдымен отбасы тәрбиесін жөңге келтіріп, балаларымызға ұлттық мәдениетті үйретіп отыру керек.

2020 жылдың сәуір айында мектеп оқушылары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» МКҚК ұйымдастырған Халықаралық құстар күніне арналған «Құстарды сақта» акциясына қатысты.

№67 гимназияда ұжымдық әдістемелік кеңес болып өтті.
1-мамыр -Халықтар бірлігі күні мерекесіне арналған гимназия ОҚУШЫЛАРЫ мен АТА-АНАЛАРЫ жолдаған құттықтаулар
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны