Биыл мектебімізден 24 түлек ұшып , үлкен өмірге қанат қақпақ.

Сондықтан Құрметті түлектер!

Білімнің дамуы – бүгінгі адамзат өркениетінің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші болып қала бермек.

Сіздер жаңа ғасырға сай сапалы білім алдыңыздар! Мақсаткерлік пен еңбексүйгіштікті үйрендіңіздер! Соның арқасында кез келген қиындықтан мойымай, үлкен өмірдің сан тарау жолдарында жауапкершілікпен шешім қабылдайтындарыңызға сенеміз!

Енді біз, ұстаздар, ата-аналар Сіздерге үміт артамыз! Отанымыз – Қазақстанның қуаттылығын нығайтуда жасампаздықпен еңбек етіңіздер!

Жолдарыңыз болсын! Аман болыңыздар! Түлектерімізді құттықтап 10 сынып оқушылары да ақжол тіледі.

Қоршаған ортаны қорғау, айналаны таза ұстау мақсатында Благовещенка жалпы орта білім беру мектеп ұжымы жаппай сенбілік өткізілді. Қызметкерлер ұйымшылдықпен атсалысып, белсенді жұмыс жасады. Мектебіміздің территориясы қоқыс-қалдықтардан тазартылып, жиналған қоқыстар арнайы орынға төгілді.

22.05.2020 ж. №38 мектеп-лицейде 2019-2020 оқу жылының аяқталуына байланысты нұсқаулық сынып жетекшілер отырысы қашықтықтан өткізілді. Сынып жетекшілер отырысында бірнеше мәселелер қарастырылды: 1. Демалыс кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі (су, өрт, терезе т.б.) бойынша Алматы аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы, Азаматтық қорғаныс тобының офицері, аға лейтенанты Солтанбеков Ернат Святбекұлы; 2. Құқықбұзушылықтың алдын алу, жол жүру ережесі бойынша Алматы ауданы жергілікті полиция бөлімінің ювеналды полиция бөлімі инспекторы, полиция аға лейтенанты Есымбков Олжас Акшаханұлы; 3. 25.05.2020 ж. 1-10 сыныптарда сынып жиналысы мен 26.05.2020 ж. ата-аналар жиналысын өткізу тәртібі және ата-аналардан заңсыз ақша жинамау бұйрығымен таныстыру бойынша ДТІЖО Сагитова Айгүл Ануарбековна; 4. Оқушылардың әлеуметтік жағдайы бойынша әлеуметтік педагог Салимгожинова Жанна Толеубековна; 5. Оқушы мен ата-анаға психологиялық кеңестер бойынша мектеп психологы Мейркулова Назгүл Тұрсынбековна сөй сөйледі. Жиналыс барысында сынып жетекшілерге нақты нұсқаулық беріліп, сұрақтарға жауап берілді.

Біз, 8 «Г» сынып ата-аналары мен оқушылары А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің ұжымына алғысымызды білдіре отырып, оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз! Биылғы оқу жылында оқушылар қашықтан білім алды. Соған қарамастан, мектеп әкімшілігі, ұстаздар балалардың алдындағы міндеттерін абыроймен орындап шықты. Мектеп әкімшілігіне, ұстаздарымызға МЫҢ АЛҒЫС!

"Соңғы қоңырау" және "Аттестат тапсыру" салтанатты жиыны 11-сынып түлектері үшін өткізіледі
1987 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жыл сайын 26 маусымды өзінің есірткіні теріс пайдаланушылықтан еркін халықаралық қоғам құру мақсатында қызметін және ынтымақтастығын күшейту табандылығын білдіру үшін «Халықаралық есірткі заттарын теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күні» ретінде атап өтуді белгіледі.

Білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды өткізу кезеңіне «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының құрастырған іс-шаралар жоспары бойынша, #NS_ADAL_URPAK хэштегімен, №61 орта мектеп ұйымдастырған «Асыл қасиет – адалдық» интернет-суреттер байқауына 1 Ә сынып оқушысы Құрбан Оразкүл қатысты. Ал №63 мектеп-гимназиясы ұйымдастырған «Адал болу үшін адамға не істеу керек» видео-челленджіне 3 А сынып оқушысы Нұран Мереке бейнебаян түсірді.

«1-ші сыныпқа қабылдау» пайдаланушы нұсқаулығы
1-сынып баланы қабылдауға өтініш беру үшін ата-ана http://school.nursultan.e-orda.kz порталына кіру қажет, содан кейін сайттың басты бетіндегі «1-ші сыныпқа қабылдауды» басу керек.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны