4 "Б" СЫНЫБЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫ АТЫНАН АЛҒЫС ХАТ!

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деп ұлы Абай бабамыз айтқандай мектеп есігінен алғаш рет тарыдай болып кірген балаларымызды білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруден жалықпаған ұстаз 4 «Б»сыныбының жетекшісі Ақбарова Бақытжан Төкенқызына ата-аналар атынан шексіз алғысымызды білдіремін.

Сіздің өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі еңбегіңіз және Тәуелсіз қазақ елінің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін.

Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіп, жүз жасаңыз.

Әрине мектеп директоры Алмагүл Тілектесқызына да алғысым көп. Мектеп тізгініне Сіз келгелі көптеген атаулы, игі жаңалықтар орын алды, көптеген қосымша сабақтар (кружоктар) ашылды, баларымыз қалалық қана емес, республикалық, халықаралық жарыстардан жүлделі орындарға ие болып жатыр және т.б. айтпағанда, ең маңыздысы мектебіміз лицей атануы болар деп ойлаймын.

Барлық ұстаздарға шыармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін, мерейлеріңіз үстем болсын деп тілеймін!

Тілек білдіруші: 4 «Б» сынып оқушысы Сапар Жансаяның анасы.

Еліміздің білім ордаларының 2019-2020 жылғы түлектері үшін #бізбіргеміз_Жастүлек атты соңғы қоңырау салтанаты маусымның 3 және 4 күндері өтті. Жас түлектер үшін бұл күндері қоңырау күні соңғы рет соғылды. Ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы жиында түлектер өз лебіздерін қимастықпен білдірді.

Биылғы жылы жүректері лүпіл қағып, бала шақтан болашаққа қанат қаққан мектебіміздің 170 түлектің ішінде 10 оқушыға «Алтын белгі», 9 оқушыға «Үздік аттестат» табысталды.

«Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлері үшін бүгін 4 маусым күні үздіктердің үздігін үкілетіп, ерекше түрде марапаттады. Мереке соңында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер жас түлектермен бірге қаладағы Бауыржан Момышұлы ескерткішіне арнайы барып, батыр атамыздың рухына тағзым етті. Алға қойған арман-тілектерімен бөлісіп, гүлшоқтарын қойды. Білім ордасымен қоштасқалы тұрған түлектерге мектеп-лицей директоры Замзагүл Ертайқызы Киянова қадамдарына ақ жол тілеп, ұлттық құндылыққа бай, еліне адал қызмет ететін патриот болатындарына сенім білдірді. Алда мектебіміздің мақтаныштары мен үздіктері батыр атамыздың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімін дәстүрге айналдырып, жалғасын табатынын сөз етті.

СӘТ САПАР, ТҮЛЕКТЕР!

Бүгін №60 мектеп – лицейінде мектеп бітіруші түлектеріне аттестат табыстау салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынға Нұрсұлтан қаласы Білім бөлімінің басшысы Қадырова Шолпан Маратқызы өзінің игі тілектерімен Үздік аттестат және «Алтын белгі» иегерлеріне мектеп бітіру аттестаттарын салттанатты түрде табыстады.

Мектеп бітіруші түлектер ағаш отырғызып, даланы көгалдандыру мейірімділікке апарар дәстүр, сауабы мол салауатты іс екенін дәлеледеп, мектеп айналасына өз іздерін қалдыруды жөн көрді.

Нұр-Сұлтан қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде маусым айының 3-ші жұлдызы күні 11-сыныпқа аттестат тапсыру рәсімі қатаң санитарлық талаптарды сақтау арқылы өткізілді. Директоры Садықова Зауре Жақанқызының құттықтау сөзінен кейін, бірден аттестат тапсыру рәсімі болды. Мектебімізде 136 түлек,соның ішінде 14 "Алтын белгімен ",3 үздік аттестатпен бітірді. Бүгінгі жаһандану заманында биылғы түлектерге жүктелер жауапкершілік те көп. Терең білімсіз толыққанды болашақты елестету мүмкін емес. Біздің түлектер тәрбие мен білімді қатар ұштастырған сияқты. Сондай-ақ, салтанатты бөлімнен кейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, ағаш отырғызу акциясын өткізді. «Құсты қанат, адамды талап ұшырады» дегендей әр түлекке шексіз талап пен талант тілейміз.

Айбынымызды асқақтатып, рухымызды көтеріп тұратын Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі құтты болсын! Көк туымыз биікте желбіресін!

Қашықтықтан өткізіліп отырған мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің алғашқы күндері.
4 маусым "Рәміздер" күніне орай даяарлық сыныптар өз білімдерін көрсетіп жақсы көңіл-күй сыйлады. Мемлекеттік рәміздердің суретін салып, оларды сипаттап өз білгендерін айтты.
4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.Қазақ елінің тәуелсіздігі мен дербестігін, егемендігін бүкіл әлемге паш ететін рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Әнұраны.

Құрметті елордалықтар, Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің ұстаздары, ата-аналары мен оқушылары, 4 МАУСЫМ- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАУЫМЫЗДЫ ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗДАР!

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні – бұл тәуелсіз Қазақстанымыздың қолжетімділігі мен құндылығын насихаттау және ұлттардың бірлік мерекесі.

Уважаемые граждане столицы, учителя, родители и учащиеся школы-лицея №37 имени Сырбая Мауленова, ПРИМИТЕ СЕРДЕЧНЫЕ ПОЗДРАВЛЕНИЯ С ГОСУДАРСТВЕННЫМ ПРАЗДНИКОМ- ДНЕМ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СИМВОЛОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН!

В этот светлый праздничный день желаем всем крепкого здоровья, счастья и благополучия. Пусть процветает наша Родина – Республика Казахстан!

#МеніңТуым #МемлекеттікРәміздер #БізБіргеміз #МеніңЕлімҚазақстан.

АҚ ЖОЛ, ЖАС ТҮЛЕК!

Міне, мектеп бітіруші түлектеріміздің басынан қызығы мен қуанышы мол 11 жыл білінбей өте шықты. Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейде түлектеріміз үшін мектеппен, балалықпен қоштасып, жаңа өмірге қадам басатын күн есте қаларлықтай өтті. Биыл мектебімізде 130 түлек бітіріп, алты "Алтын белгі" иегері мен үш "Ерекше куәлік" иелеріне және Халықаралық, Республикалық олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына ерекше құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынымызды мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы түлектерге арнаған жүрекжарды лебізімен бастаса, сынып жетекшілері қимастық сезіммен ақ жол тіледі. Сонымен қатар, мектебіміздегі "Үздік оқушы" жобасы бойынша 2019-2020 оқу жылының үздік оқушылары Бержанова Индира мен Пак Вадим марапатталды.

Биылғы оқу жылының өзгешелігіне қарамастан, Жас түлектерімізге ақ ниетімізбен АҚ ЖОЛ тілейміз!

Бүгін «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында» «Біз біргеміз! ЖАС ТҮЛЕК 2020» мектеп түлектеріне арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны