Меню KDT

Новости

Главная Новости

01.09.2020

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – КЕМЕЛ БОЛАШАҚ

Бүгін 1 қыркүйек Білім күні және жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына орай салтанатты cынып сағаттары болып өтті.

01.09.2020

Меруерт Ерболатовна: Қымбатты әріптестер! Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Жер жүзін жайлаған індет, өкінішке орай, білім саласын сырт айналып өтпеді.

Меруерт Ерболатовна: Қымбатты әріптестер! Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Жер жүзін жайлаған індет, өкінішке орай, білім саласын сырт айналып өтпеді. Қауіпті кеселдің таралуына жол бермес үшін еліміздегі білім беру ұйымдары шәкірттерді қашықтан оқытуға мәжбүр болуда.

01.09.2020

"Білімді ұрпақ - жарқын болашақ"

2020-2021 оқу жылының мектеп табалдырығын аттаған 1- сынып оқушыларына арналған  «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты іс-шара- Алғашқы қоңырау болып өтті.

01.09.2020

1 қыркүйек – БІЛІМ КҮНІ

1 қыркүйек – БІЛІМ  КҮНІ

01.09.2020

1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтаймын

Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, қадірменді оқушылар!

Сіздерді 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтаймын. Ерекше форматта басталған жаңа оқу жылы- жаңа мүмкіндік, жаңа табыстарға толы боларына сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, толағай табыстар тілеймін. Ең бастысы ауырмаңыздар.Сақтық шараларын жасай жүріңіздер. Саулық сақтықта болайық!

01.09.2020

Карантиндегі мектепке қабылдау.

А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің биылғы  2020 – 2021ж жаңа оқу жылында 164 бала алғаш рет табалдырығын аттады. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 1-қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілмегенімен, 1- сынып оқушыларына тәрбие сағаттары жүргізілді. Білім күніне арналған тәрбие сағаттары, конституция туралы, мемлекеттік рәміздер туралы, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармалары турасында өтті. 1-сыныптарды қабылдау барысында карантин  талаптары толығымен сақталды. Оқушылар мектепке медициналық маскамен келді. Ережеге сай 2 метр ара қашықтық сақталды. Оқушылар мектепке  дезинфекциялық туннель арқылы кірген соң, мектеп медбикесі оқушылардың дене қызуын тексерді. Барлығы 6 сынып, кезек бойынша мектепке кіргізілді.

01.09.2020

БҮГІН ЕЛОРДАДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ «ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕГЕН ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫМЕН БАСТАЛДЫ

Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орайНұр-Сұлтан қаласының барлық оқу орындарында бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылықжәне сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды дамыту.

Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған.

Түркі әлемінің дамуындағы Ясауи рөлі сөзсіз, оның мұрасы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев«Қожа Ахмет Ясауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді» депатап өткен.

Бейне-дәрістерде оқушылар мен студенттер «ақыл кітабы» – «Диуани-Хикметте» жинақталған адалдық, әділдік, парасаттылық, қарапайымдылық пен мейірімділіксияқты адами құндылықтарға шақыратын ұлы ойшылдың сөздерімен танысады.

Адалдық — адам бойындағы басты қасиеттердің бірі, адамгершіліктің маңызды талаптарының бірін көрсететін моральдық сапа. Оған шыншылдық, ар-ождан, адалдық, қабылданған міндеттемелерге адалдық, мәселенің дұрыстығына субъективті сену, адамның басқарылатын себептеріне байланысты, өзгелер мен өзіне деген шынайылық.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақреспубликалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Бейне-дәріске сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=3p1TwYI9-fg&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны