Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.
Алғашқы білім күнінде кезекші сыныптар үшін таңертеңгілік мерекелік флешмоб, сынып сағаттары өткізіліп, жас бүлдіршін 1 сынып оқушыларымыз мектеп табалдырығын аттап, көтеріңкі көңіл- күйде ұстаздарымен ыстық қауышуда.

Ассалаумағалейкүм бауырлар! Аллаға шүкір біз, сіз болып Нұр-Сұлтан қаласында " Мектепке жол" акциясының аясында оқуға керекті заттармен қамтамасыз етіп кішкентай бауырларымыздың жан қуанышына себепкер болып отырған жайымыз бар. Жалпы "Адалдық қайырымдылық жобасының қорына" 104.000 тг жиналды. Ұжымымыздың атынан 1 қыркүйек БІЛІМ КҮНІМЕН шын жүректен құттықтай отырып, оқуларыңызбен, еңбектеріңізге табыс, сәттілік тілейміз.Ассалаумағалейкүм бауырлар! Аллаға шүкір біз, сіз болып Нұр-Сұлтан қаласында " Мектепке жол" акциясының аясында оқуға керекті заттармен қамтамасыз етіп кішкентай бауырларымыздың жан қуанышына себепкер болып отырған жайымыз бар. Жалпы "Адалдық қайырымдылық жобасының қорына" 104.000 тг жиналды. Ұжымымыздың атынан 1 қыркүйек БІЛІМ КҮНІМЕН шын жүректен құттықтай отырып, оқуларыңызбен, еңбектеріңізге табыс, сәттілік тілейміз.

2020 жыл 01 қыркүйек күні #67 гимназияда Білім күніне арналған Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы тақырыптарында қашықтан оқыту форматында онлайн байланысу арқылы сынып сағаттары өткізілді. Оқушылардың сынып сағатына қатысу белсенділігі өте жақсы, оқуға деген ынта-зейіндері байқалды. Құрметті Ұстаздар, оқушылар, Ата-аналар Білім күні құтты болсын!
5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылып отырған Абай Құнанбайұлының шығармаларын бірнеше тілде оқу челленджін ұсынамыз
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне арналған гимназия оқушыларының ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен челлендж. Қазақстан халқының Тілдер мерекесі құтты болсын!
Сынып кабинеттері сабақ арасындағы үзілістерде тазалау, кварцтеу, таза ауамен желдету сияқты гигиеналық шаралар тұрақты жүргізіледі. Сонымен қатар үзіліс кезінде мектептің қабаттарындағы фойелерінде, ара қашықтықты сақтау арқылы балаларға сергіту сәттері жасалып отырады. Әрбір сынып кабинетінде санитарлық ережелерге арналған ақпараттық бұрыштар жасалып, кезекші сыныптағы оқушылардың денсаулығына баса назар аударуда мектепке сыртқы ауласына кірер алдында дене қызулары өлшеніп, булағыш тоннельден өтіп, қолдары антисептикпен залалсыздандырылады. Барлық сақтық шаралардың қатал сақталуы күнделікті жүргізіліп, әр баланың білім алуына жағдай жасалған. Ата- аналар мен оқушыларға арналған нұсқаулықтар мен жаднамалар да алдын ала таныстырылды.
Қыркүйек айының екінші жексенбісі - "ОТБАСЫ КҮНІ" мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған 67 гимназиясының "Бақытты отбасы" жобасы аясында "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНДА- БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР" атты отбасылық челленджіне белсенділік танытып, қатысуға шақырамыз.
Нұр - Сұлтан қаласы, 67 гимназиясының тіл жанашырларының бүгінгі мерекеге орай, қазақ тіліне деген, ыстық ықыласы мен шексіз құрметін қабыл алыңыздар!
Бүгін мектебімізге qazaqstantv телеарнасының tansholpan бағдарламасының тілшілерімен түсірілім болып өтті.

2020-2021 оқу жылғы қыркүйек айы 7-і күні жоспарға сәйкес, №69 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережесі» тақырыбында мектеп инспекторы А.Б.Тажбагамбетова және әлеуметтік ұстаз Б.Б.Қуанышбекова 1 сынып оқушылары арасында дәріс өткізді. Оқушылар жалпы белсенді қатысып өз ойларын ашық жеткізді.

Оқушылар тілдер мерекесіне орай позия оқиды (ағылшын тілінде). Алтай Малика 5 "Ә" сынып оқушысы, Алтай Бекарыс 5 "Ә" сынып
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны