2020 жылдың 21 тамыз айынан 17 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан «Назар аударыңыз балалар!» жедел алдын алу іс шарасы аясында Ақмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей инспекторы Жанар Камалбаевна мектеп оқушыларына жол жүру ережелері жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
17 қыркүйек күні мектебіміздің ата-аналарымен "Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады" тақырыбында бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, 1-11 сынып ата-аналары қатысты.
Бүгін мектебімізде «Абайлаңыз балалар» мектепке баратын қауіпсіз жол профилактикалық іс-шарасы аясында кезекші сынып оқушыларымен мектеп инспекторы Сарыарқа ауданы ПБ полиция капитаны Айтбек Эльмира және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Момынов Мақсат Үмбетханұлы кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
№38 мектеп-лицейде 16 қыркүйек күні 2020-2021 оқу жылының басталуына байланысты, құқықбұзушылықтың алдын-алу, қауіпсіздік ережелері бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған онлайн профилактикалық жиналыс өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе, оқушыларды мектеп ережесімен таныстыру бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сағитова Айгүл Әнуарбекқызы мен Құрманғалиева Марал Әділбекқызы таныстырды. Екінші мәселе оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, жол-жүру ережесімен таныстыру, адам өмір қауіпсіздігі, су, өрт, терезе т.б. төтенше жағдайлар туралы
мектеп инспекторы, полиция капитаны Шаримбекова Акдидар Налибековна заң тұрғысында ақпарат бере отырып, оқушыларды тәртіп бұзушылықтан аулақ болуға шақырды.
Үшінші мәселе, қашықтан оқыту бойынша білім алушыларға психологиялық көмек, балалар мен жастар арасындағы интернетке тәуелділіктің алдын алу, азаматтардың цифрлық беделін қорғау жөнінде мектеп психологтары Н. Т.Мейркулова мен М.М. Ермекбай психологиялық кеңес берді. Төртінші санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу туралы мектеп медбикесі Мусина Сауле Манерхановна түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
21.08.2020-18.09.2020 аралығында өтіп жатқан «Абайлаңыз балалар» атты жедел профилактикалық іс-шара аясында Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданының ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция аға лейтенанты А.Б.Байтугановтың және қатардағы полицей Е.Б.Жүгінісов қатысуымен 1-4 сынып аралығындағы кезекші сынып оқушыларна жол қауіпсіздік ережелері тақырыбында дәрістер оқылып профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Тілдер мерекесі аясында 14 қыркүйектен бері көптеген іс-шаралар атқарылуда. Қазақ тілінің мәртебесін асқақтату мақсатында 16 қыркүйек күні онлайн түрде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері – Жырымбаева Мархаба Ахметқызы, Мейрамгүл Қалиханқызының ұйымдастыруымен қазақ-орыс сыныптары арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

2020-2021 оқу жылғы қыркүйек айының 16-сы күні жоспарға сәйкес №69 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережесін сақтау» тақырыбында әлеуметтік ұстаз Б.Б.Қуанышбекова, мектеп инспекторы А.Б.Тажбагамбетова және Нұр-Сұлтан қаласы Патрульдік полиция қызмет инспекторы, аға лейтенанты Б.А. Байдаулетов, кіші лейтенанты

Е.Е.Еспенбетов бірлесіп 1 сынып оқушылары арасында дәріс өткізді. Оқушылар жалпы белсенді қатысып өз ойларын ашық жеткізді.

С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназияда 2020-2021 оқу жылының оқу процесін ұйымдастыру туралы, сондай-ақ карантин жағдайындағы оқытудың үшінші аптасының қорытындыларын, яғни бастауыш сыныптарда оқу процесін штаттық режимді қалпына келтіру бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қатаң режим сақталып жатқанын жеткізгіміз келіп отыр.

Нұр-Сұлтан қаласы ЕАПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік инспекторларымен 21.08.2020 -17.09.2020 ж. Аралығында «Абайлаңыз балалар !» атты іс-шара өткізілді. 1-4 сынып оқушыларына “жолда жүру ережесі, жол қозғалысы ережесі, бағдаршам көздері“ атты лекциялар өткізілді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны