Алтын ұя мектебімізде 1 қыркүйек "Білім күні" мерекесі аталып өтті.

ЕЛОРДАДА ПРЕЗИДЕНТТІК КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
«АДАЛДЫҚ САҒАТЫН» ӨТКІЗДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» өткізді.

Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді. Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма мүшесі. Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Ол ТМД аймағындағы сукук (ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан. Ренат Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленген, сондай-ақ сертификатталған қаржы аналитигі дәрежесіне ие (CFA Charter Holder). Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орынға ие болды.
https://www.youtube.com/watch?v=B1Ut1GzT00E&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=4
Бүгін мектебімізде 1-4 сынып оқушылары үшін "Эко Асар" акциясы аясында мектеп тәлімгері Хамитова Ф. А., өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері 11 "А" сынып оқушысы Қаратаева Құралай және 10 "А" сынып оқушысы Авилбекова Динарамен бірге сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты сағат 09.00, 10.00 ұйымдастырылып, Zoom бағдарламасы арқылы өткізілді. Екі поток бойынша барлығы 405 оқушы қатысты.

Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру және ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия кітапханасында 3-4 сынып оқушылары арасында «Табиғатты аяла» атты онлайн-экосағаты болып өтті.

Мұғалімдерге толағай табыс пен шығармашылық шабыт тілейміз!

22 қыркүйекте республикамызда Қазақстан халықтарының Тілдері күні аталып өтіледі. Осыған орай, мектебіміздің 10 «В» сыныбында «Тіл-халықтың байлығы» тақырыбында онлайн-сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыру,өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Сынып сағаты Сабиров Сардорбектің мерекенің сипаттамасы мен шығу тегі туралы кіріспесінен басталды. Қазақстандағы ұштілділіктің маңыздылығы туралы айта отырып, оқушылар осы тілдерді білетіндерін растады. Асмус С, Ананян К, Сейфуллаев С, Сухамбекова А. өздері туралы айтып, қазақ, орыс, ағылшын,әзірбайжан және армян тілдерінде өлеңдер оқыды. тәрбие халықтың ана тілі оның Отаны үшін қаншалықты маңызды екендігі туралы айтылды. Балалар өте белсенді болды. Жалпы сынып сағаты достық, түсінушілік жағдайда өтті. Оқушылар сөздік қорын байыта түсті.

Сынып жетекшісі: Абдрашитова Г.Б.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны