Күллі әлемді жайлаған COVID-19 дертіне байланысты мектебімізде "Қауіпсіздік шараларын сақтаймыз" тақырыбында мектеп медбикесімен бейнеконференция өткізілді. «Сақтансаң, сақтаймын» деген бар. Оны ұмытпағанымыз жөн. Ертеңімізді ойласақ, сақтықпен қимылдағанымыз дұрыс. Айналадағыларға да оны түсіндіруіміз қажет. Сондықтан біз қауіпсіздік шараларын қаперімізден еш шығармаймыз. Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Өзіңіз бен өз жақындарыңызға қамқорлық танытыңыз!
Әл - Фараби атындағы халықаралық олимпиада
Табиғаттың ерекше маусымы - осы күз мезгілі. Қаламызды алтын нұрға бөлеп, күз мерекесі де келіп жетті. Күзбен ілесе келген қуанышты күнде бүгін біздің мектептің ақылына көркі, сөзіне ісі сай 5 "Б" сыныбының оқушылары да өз өнерлерін сіздерге ұсынбақшы.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№78 мектеп-гимназия"КММ инспекторы, полиция лейтенанты М.Уразалиева жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстырып, сақтық шараларына қатысты және адам өмір қауіпсіздігі жөнінде мағлұматтар берді.
<p>3 желтоқсан – Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні болып белгіленсе, ал жыл сайын қазанның әр екінші жексенбісі көңілі жарым жандарға мейірім сыйлауға үндейтін мереке ретінде аталып өтіледі. Осыған орай, <strong>Мүмкіндігі шектеулі жандар күні</strong> қарсаңында мүгедек баллар мен ата-анасына айырылған балларға қайырымдық шаралар ұйымдастырылды. Жұмыс пен сабақтан тыс мәдени демалыс ретінде түрлі көрмелер мен шағын қалалық саяхаттар ұйымдастырылды. «Дар» қайырымдылық қоры толық демеушілік етуінің арқасында жоспарланған іс шара өте жоғары деңгейде өтті. Қоғамдық көлікпен баллардың жүріп тұруын қамтамасыз етті. Жоспарланған іс шара аясында баллалар Думан ойын сауық орталығында зоопарк пен су асты балықтарын тамашалады. Нұр-Сұлтан қаласының кереметін биіктен тамашалау үшін Думан ойын-сауық орталығының жанындағы айналмалы Карусельге отырды. Түскі ас кезінде балаларды тамақтандыру үшін отбасылық рестораны Family –ға пицца жеуге алып бардық. Мүмкіндігі шектеулі балалардың осы бір айтулы күні көңілдерінен шығатындай өту үшін ұйымдастырушылар бар күш жігерін салды. Әр мүгедек бала тағдырдың сынағына түскендіктен оның көңіліне қаяу түсірмей білім беру мектебіміздің ең басты мақсаттарының бірі болып табылады.</p><p> Берекелі өңірімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілдерін көкке көтерген, мерейлерін асқақтатқан осындай іс-шаралар әлі де жалғасын табатынына сенімдеміз.</p>
<span style="font-family:'times new roman', times, serif;font-size:12pt;">Бүгін мектебіміздің 9 «Ә» сынып оқушылары модернизация орталығы ұйымдастырған "Интернетке тәуелділіктің алдын алу және күресу жолдары " атты тренингке қатысты. Барлығы 10 оқушы қатысты.</span>
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны