ЕЛОРДАДА АРДАҚ НАЗАРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті онлайн «Адалдық сағатын» аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткізді.

Бейне-дәрістің кейіпкері спорттағы өмірін 1991 жылы грек-рим күресі секциясына келгеннен бастаған.

А.Назаров спорт жолында грек-рим күресі, джиу-джитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүлдегер атанған.

Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды.

Өз сөзінде «Парасатты адам деп кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп атап өтті.

А. Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады, «басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығып жатқанда, мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағат дайындыққа уақыт бөлгенде, мен одан екі есе көп жұмыс жасадым» деді.

Бүгінде әлем чемпионы – көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

«Адалдық сағаты» акциясы аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жұмыстары жалғастырылатын болады.

Бейне-дәріске сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=s9LHdfynaX0&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN

4.11.2020 жылы сағат 12.00-де қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, информатика, география пәндері бойынша мектепішілік пән олимпиадасы өткізіледі. Олимпиадаға 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада ZOOM платформасында өткізіледі. Пәндер бойынша олимпиаданың өткізілуіне жауапты пән мұғалімдері:

Қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті – Бигожина Б.О.

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті – Кабдирашова А.К.

Орыс тілі – Мустакова А.Ш., Саденова М.Г.

Ағылшын тілі - Шонгарбаева Н.Ж., Калимуллина Г.Р.

Тарих пәні – Ыбырай Г.К., Кулахметова М.С.

Химия – Ордабаева А.К., Бейсенова А.М.

Физика – Абдукаримова П.С., Муктарбаева Б.Е.

Математика - Климова Н.Ю., Зияданова К.Б.

Информатика – Чернова Ю.И., Байкенова М.Ж.

Биология – Молдабекова Н.Е., Табылдықызы Д.

География – Галижапарова Э.К., Ковалева Н.В.

Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!

Мектеп әкімшілігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті онлайн «Адалдық сағатын» аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткізді.
Мектеп ұжымына ерлік үшін медалін тарту етті.
Атаулы марапатпен мектеп ұжымын құттықтаймыз 👏👏👏

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті онлайн «Адалдық сағатын» аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткізді.

"Эко Асар-2. Пластик"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК «Менің Отаныма – менің бастамам» атты республикалық шығармашылық жобалар байқауында мектебіміздің 9«Ә» сынып оқушысы Бекмағанбет Бауыржан «Медиа жобалар» номинациясы бойынша І орын алып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Даривхан Н.
Сонымен қатар 8-сынып оқушылары : Хамзе Самина "Киіз үйдің жобасы" номинациясы бойынша 1-дәрежелі диплом, Женисова Алина "Қазақстанның жеті кереметі" номинациясы бойынша 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Турсынбаева З.Қ.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны