Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты Республикалық бірыңғай «ЖасҰлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімінің салтанатты жиыны онлайн форматта өткізілді.
Astana IT University,STЕM Academia , Астана Innovation, "Астана-Дарыны" @astana_daryny , Нұр - Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталықтары және Білім басқармасы ұйымдастырған қалалық STEM жобасында оқушыларымыз ІІІ орынды иеленді. STEM жобасының мектебімізде жүргізіліп жатқанына ұзақ уақыт болғанына қарамастан технология пәнінің мұғалімі, жоба жетекшісі Мақсат Төлентайұлының тынымсыз еңбегі мен асқан ұқыптылығы арқасында , 10 "Ә" сынып оқушылары Базарбаев Ардабек пен Муканов Әділеттің нақты мақсатқа жету жолында жеңіп алған жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз.

Сөнбесін жүректегі нұрлы арман... Дәл осындай атаумен бүгін мектебімізге, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ғалым Үлкенбайұлы келіп, 6 мың дана бетперде табыстады. Бұл игі іске Үрімші қаласындағы қандастарымыз мұрындық болған екен. Жүректері қайырымдылық пен ізгілікке толы қандастарымыздың мұндай сый-құрметіне қуанып, жүрегіміз тебіренгені рас. Әлемде болып жатқан қазіргі таңдағы жағдайға байланысты ағайын-туыс, қандастарымызға азғантай болсада көмегіміз тисін деп алыста отырған бауырларымыздың ұйымдастырған ізгі істеріне мектеп директоры Жеңіскүл Темірханқызы, ұжым атынан үлкен алғысын айтты.. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске, қолынан келгенше көмектесіп, ұйымдастырып жүрген Ғалым Үлкенбайұлына да айтар алғысымыз мол.
Берілген бетперделер әлеуметтік жағынан аз қамтылған және кезекші сынып оқушыларына таратылады.

Қалалық "Алтын сақа " сайысының жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай ағымдағы жылдың 27-ші қарашасында №35 мектеп-лицейінде «Көрнекті тұлға» - атты онлаин конференция өтті. Конференцияны жүргізгендер: Бекжанова Жанна Ержановна және Мурзагалиева Адия Бестауевна. Конференцияға қатысушылар жоғарғы сынып оқушыларымен тарихи әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері. Конференцияда Пусурманов Жылкайдар Арыстангалиевич алғы сөз айтып, одан әрі 8 «в» сынып оқушылары: Сахитов Алихан, Мусин Аннасир, Мадияр және Таир қатысты. Конференцияда Елбасы қызметінің түрлі аспектілері қарастырылды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Конференцияны Атабаева Манзира Аюповна аяқтады.

"Балалар және жасөспірімдердің Туризм және өлкетану орталығы" тарапынан ұйымдастырылған қалалық жасанды жер бедеріндегі жартасқа өрмелеу спорты бойынша өткен жарыста мектебіміздің оқушылары жеңімпаз атанды.
2020 жылдың 16-18 қыркүйегінде Жас сарбаз қалалық қозғалысының қолдауымен волонтер жылына арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша қалалық жарыстар өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны