Құрметті әріптестер! № 5 гимназияның мектепішілік әкімшілігінен келе жатқан қасиетті Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл егемен еліміздің мәртебесін арттырған ұлы мейрам. Жасампаз елі жарқын болашаққа бет алған Тәуелсіз Қазақстанның жолы болсын!
Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілейміз. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз — Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін.
С Днём Независимости, уважаемые коллеги!
Ұстаздардың атқарған жұмыстарына алғыс білдіре отырып, марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
“Менің туым, менің Отаным “ акциясына флешмоб
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Қазақстанның тәуелсіздік күні - Қазақстан республикасының басты ұлттық мейрамы. Бұл мереке Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. Бүгін біздің мектепте балалар әнұран айтты, мерекеге арналған тақпақтар айтты. Онда балалар салған суреттер мен көрмесі болды.
2020 жылдың 15 қараша күні № 3 мектеп-гимназиясында 1-11 сыныптар аралығында «Еліміздің еркіндігі-тәуелсіздік» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Дәйім осы биіктен көріне беруге жазсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз. Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Өзіңізге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, мықты денсаулық тілейміз. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін. Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін! Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны