Сүйінші!!!

Еңбектің елегенінен артық зор боқыт, үлкен қуаныш жоқ шығар сірә!

Тынбай еңбек етумен үнемі ізденіске құмар, жаңашылдыққа құштарлығымен аз уақытта еселі еңбек етіп, дәрежелі жетістіктер қатарын молайтып жүрген басшымыз Гүлнұр Ерсайынқызы бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімі атынан алғыс хатымен марапатталды.

2020 жыл #8 мектеп-лицейі үшін жетістік қорын толтырған, жаңашылдыққа бет бұрған,жаңа ғимаратымыз пайдалануға берілген қуанышты жыл болып қала бермек!

#8 мектеп-лицей ұстаздары!!!

Ынтымағы жарасқан, біріксек қамал алатын ұжым, сіздердің еңбектеріңіз орасан зор! Жаңа жылдарыңызбен!!!

Құрметті мектеп ұжымы және диреторы Зауре Жакановна сіздерді осы келе жаткан жана жылдарыңызбен құттықтай отырып, үлкен алғысымды да білдіргім келеді! Осындай қиын кезеңдерді бүкіл әлем басынан өткеріп жатқанда, балаларымызға білім беруден тайсалмай, барлық қажетті шараларды сақтана отырып аман-есен екінші тоқсанды бітіргеніміз үшін. Бұның бәрі жүйелі түрде жасалған қатаң тәртіпті сақтай отырып мектеп жұмысын адал атқара білгендеріңіздің арқасында. Сонымен қатар нақты ұстазымыз Гаухар Темірхарқызына деген ризалығымыз шексіз. Гаухар Темірханқызының ұстамдылығы, сабырлылығы, балаларды өзіне баурап алатын мінезі ерекше ұнайды. Өз қызметін өте тиянақты ,адал атқарумен қатар әр баланың тілін тауып, көзінен таса қалдырмай онлайн да мектептегі оқушыларын да білім нәрімен сусындата білгені үшін көптен көп рахмет! Жұмыстарыңыз әрдайым алға басып, ел алдында елене берсин! Жемісін молынан көріп, түлектеріңіздің әрбіреуін мақтан етулеріңізге тілектеспін! Отбасыларыңызға амандық, қуаныш- бақыт тілеймін!
Сізге деген құрметпен, Ешмухамбетовтар отбасы, 2а сынып оқушысы Ешмухамбетов Алинурдың ата-анасы.
Құрметті Зәуре Жакановна, құттықтау тілегіңізге көп рахмет! Келер Жаңа жыл сізге де мол жақсылығымен келсін, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін. Сіздей тәжірибелі де көреген, білімді де білікті басшысы барда біздің мектебіміз тек алда болатынына сенімдіміз.Ал, мектеп әкімшілігі және құрметті де ұлағатты ұстаздар, сіздерді де келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбекте шығармашылық тілеймін! Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп—лицейде ұлдарымның білім алып жатқанын мақтан етемін! Баршаңызға Жаңа жыл құтты болсын!
Ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде құқық секциясы бойынша 9-сынып оқушысы Мұғал Өсиет ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Жылқайдар Арыстангалиевич. Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Отан жолымен" оқушылардың өлкетану жобаларының қалалық қашықтық конкурсында 9 сынып оқушысы Тультаева Риза ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Пусурманов Жылкайдар Арыстангалиевич. Құттықтаймыз!!!

Жаңа жыл әр елде ұлттық салт-дәстүрге сай тойланады, десек те, алуан түрлі ойыншықтармен безендірілген әсем шырша, түн ортасында сағаттар соғып, Жаңа жыл келгенін білдіруі, жаңажылдық дастархан, сыйлықтар, ғажайыптар мен жақсылыққа сену – бәрімізге ортақ.

2020 жылдың 5.11-15.12 аралығында өткен ЭкоАсар-2 жобасы аясында өткен Экошырша конкурсына белсене қатысқаны үшін

2 ә сынып оқушысы Серикбай Назерке марапатталды

Жетекшісі:Мусаева Ақмарал Исаевна

2021 жылдың 6 қаңтары күні 7-сынып оқушыларын Техникалық инженерлік ойын сайысына шақырамыз.

Әр сыныптан 3 оқушыдан 1 команда құрылуы керек.

Құрметті,7-сынып оқушылары!

Сайысқа қатыса отырып, өзіңізді тағы бір рет сынап көріңіз.

Ендеше,сәттілік!

6 "Ә" сыныбында Lesson Study сабақты зерттеу бойынша математика пәнінен Смагулова К.С. сабақ өткізді. "Рационал сандарға амалдар қолдану" тақырыбы бойынша оқушылар білімі жүйеленді. Сабақта "миға шабуыл", "RAFT", Венн диаграммасы, " Плюс минус, қызықты" сияқты сын тұрғысынан ойлау стратегиялары тиімді қолданылды. Сондай-ақ деңгейлік тапсырмалар, онлайн мектептен берілген есептер оқушылардың есептеу дағдысын дамытуға ықпал етті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Модератор және бақылаушылар сабақтан кейін талдау жасап, әрі қарай жұмысты қай бағытта жалғастыру керектігіне баса назар аударды.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны