2021 жыл қазақ елі үшін көптеген атаулы мерекелерге толы жыл ретінде есте қалғалы отыр. Солардың бірі «ХХ ғасырдың Гомері» атанған абыз жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы.

Нұр-Сұлтан қалалық Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейде осы атаулы мерейтой қарсаңына орайластырып, «Жас сарбаз» сыныбының бастамасымен «Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым» атты мәнерлеп оқу челленджі басталып кетті. Қазіргі таңда бұл шараға мектептің оқушылары, мұғалімдері мен ата-аналары белсенді қатысуда.

Жамбыл: «Домбырам - найза, сөзім-жалын» деп, отты сөзімен жауын түйрей білген ақын. Ақын өлеңдері жас ұрпақты елжандылыққа, ерлік пен өрлікке тәрбиелейтіні анық. Осы орайда, №37 мектеп-лицейде жүргізіліп отырған бұл шара ел мен елдікті дәріптеуде тағы бір маңызы бар өнегелі дүние.

Нұр -Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 78 мектеп - гимназия" КММ

ҰЛТ ЖАДЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРЫҚ

1938 жылы 25 ақпан күні – мемлекет және қоғам қайраткері -С.Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Сүлеймен Есқараев, Құдайберген Жұбанов, Темірбек Жүргенов, Сейтқали Меңдешов, Ғаббас Тоғжанов, Ізмұқан Құрамысов, Жанайдар Сәдуақасов, Қайсар Тәшитов қатарлы 39 адам;
26 ақпан күні – Оразғали Бураев, Қапан Мұхаметжанов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин, Мұқаш Орынбаев, Сұлтан Есқалиев, қатарлы 37 адам КСРО Жоғарғы сотының Москвадан келген өкілі – дивизиялық әскери заңгер А. Д. Горячевтің төрағалық етуімен өткен Әскери коллегиялық сотының үкімі бойынша ату жазасына кесілді.
Бұл тарихымыздағы ұлттық жоғалту. Бүгінгі Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жете тану үшін де өткен тарихымыздың сарғайған беттерін жиі ашып отыруымыз керек.
Осы күнге орай Нұр-Сұлтан қаласы № 78 мектеп - гимназиясы «Ұлт жадындағы жаңғырық» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өткізді. Кешке Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы, «Алжир» мемориалды - мұражай кешенінің экскурсия жүргізушісі Қыдырбаева Назерке Кеулімжайқызы және мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Кеш барысында қонақтарға сұрақтар қойылып, сол заманның ауыр зардабы тілге тиек болды.
25 қаңтар күні №83 мектеп-гимназиясында «Жемқорлыққа қарсы күрес» заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы онлайн кездесу өткізілді.
Олимпиада жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!!!

2020 – 2021 оқу жылының қаңтар айында №63 мектеп-гимназия пән мұғалімдерінің
«Сандық білім ресурстарын тиімді қолдану» тақырыбы бойынша педагогикалық іс-тәжірибені тарату мен жалпылау бойынша әдістемелік фестиваль ұйымдастырылды. Фестиваль барысында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісуде.

«Таңдау жаса!» жобасының кезекті саны 9 және 11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағыт бағдар беру негізінде 22 қаңтар 2021 жылы 11 сынып оқушыларына Нұр-Сұлтан қаласы , «Еуразия гуманитарлық институты оқытушылармен онлайн кездесу сағатын жүргізілді.

Мектеп бітіруші түлектерге институт ішіндегі кафедралар мен мамандықтар жайлы таныстырым жасалды. Оқуға түсуде таңдау жасауға кәсіби бағдар ұсынып, кеңестер берілді. Оқу орнының ерекшелігі ондағы студенттердің қоғамдық өмірге араласуы және бос уақытын тиімді ұйымдастыру сынды көптеген тәжірибелерімен бөлісе білді. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте жоғары екені айқын көрініс табуда. «Нарықтағы бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі»-деп онлайн кездесу ұйымдастырушы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Төлегенқызы бітіруші түлектерге маңызды қадам нақты шешімдерден тұратындығын айтты. Оқушыларға әліде болашақтағы жоспарланған кездесулерде ҰБТ дайындығы, емтихан тапсыру кезіндегі даярлық, сонымен қоса мамандық таңдау, әлі де әртүрлі оқу орындармен кездесулерде талқыланатындығын мәлімдеді.

ANTIKOR.LIVE жобасы аясында бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы жөнінде жылдық есеп беру

№64 мектеп-лицей директоры Баймуратова Бану Алимжановна Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ANTIKOR.LIVE жобасы аясында бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы жөнінде жылдық есеп беру мақсатында әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізді. Тікелей эфир барысында жыл бойына мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында, компьютер, моноблок тағы басқа техникамен қамтамасыз ету үшін, заманауи кабинеттер жасақтауға, мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына, карантин кезеңіндегі дезинфекциялық жабдықтар мен құралдарды сатып алу бойынша және тағы басқа мектептің шығындарына жұмсалған мектеп бюджеті жайлы айқын және түсінікті ақпарат ұсынылды.

Алдағы 2021 жылға жоспарланған жылдық бюджеттің бөлінуі жайлы мәліметтер берілді.

Сонымен қатар, мектебімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстар бойынша жобалар жүргізіліп жатқаны айтылды. Атап айтсақ, «Адал ұрпақ», «Адалдық дүкені», «Адал кітапхана», «Парасатты азамат» ақпараттық бұрышы, «Сенім жәшігі» және де басқа іс-шаралар.Тікелей эфирде ата-аналарға кері байланыс берілді.

ANTIKOR.LIVE жобасы аясында бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы жөнінде жылдық есеп беру

Инстаграм желісінде тікелей эфир. Өту уақыты: 25-қаңтар, сағат 10:00 Мектеп директоры: Баймуратова Бану Алимжановна

23.01.2021ж №74МГ, №57ОМ, №86МГ-ның жас мамандарына №74 мектеп-гимназия психологтары В.Курмашева мен Л.Таженова «Мұғалімдердің қарым-қатынасы-кәсіби шеберлік шыңы» атты вебинар өткізді. «Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті- бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші- ұстаздардың қолында. Тек жоғарғы сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»- деп Елбасы атап көрсеткендей, вебинар мақсаты да осыны білдірді. Педагогикалық қарым-қатынас негізінде баланы дұрыс түсіну, ұжыммен тығыз байланыс орнату, жағдаяттарды бірге шеше білу, сыйластық орнату, тәжірибемен бөлісу, көмек пен қолдау көрсету – нағыз ұстаздың іскерлігі екендігі туралы қажетті мағлұматтар айтылды.
#ANTIKOR.LIVE жобасы аясында мектеп-лицейдің ата-аналары үшін жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Онда мектептің жылдық есебі талқыланып, алдағы жоспарлардың іс-шаралары айтылды. Ата-аналар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны