«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» тақырыбындағы тәлімгерлердің әдістемелік онкүндігі өткізілді.

Мақсаты:

Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, еңбек сабағындағы қауіпсіздік ережесін сақтап,ресурстарды және құралдарды қолдану ережелерімен таныстыру

Өмірде кездесетін дағдыларға бейім болу.

Шығармашылыққа байланысты жұмыстарда ашықхат дайындау.

Міндеті:

Рухани мәдениетті, шығармашыл,ұлттық көзқарасы жоғары тұлғаларды қалыптастыру.

Психологиялық қолдау көрсету

Шығармашылыққа бағыт беру

Онлайн тәжірибе алмасу бағытындағы онлайн кездесу сағаттарында әртүрлі тренингтер өткізілді.

🔊Бүгін №63 мектеп-гимназиясында 10-11 сыныптар арасында мектепшілік әскери-патриоттық "Мерген" атты пневматикалық қарудан ату сайысы өтті🤗

🤩Сайыстың мақсаты: Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу.

Сайыс барлық санитарлық эпидемиологиялық жағдайды сақтай отыра өткізілді🤗

Сайысқа оқушылар өте белсенділік танытып қатысты.

📌1-орынды-10 "Б" сыныбы

📌2-орындв-11 "А" сыныбы

📌2-орын-11 "В" сыныбы

📌3-орынды-10 "А" сыныбы жеңіп алды.

Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз👏👏👏

Сендер жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сеніміміз мол🙏

Рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аясында жыл сайын өткізіліп отыратын Республикалық «Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі 2 ақпанда басталып бүгін, 12 ақпан күні өз мәресіне жетті. Осы онкүндік барысында орта білім беру мекемелерінің бәрі өздерінің шама-шарқына қарай бекітілген жоспар негізінде әртүрлі іс шаралар өткізіп жатты. Осы онкүндіктің соңғы күні, Нұр-Сұлтан қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей мен Қарағанды қаласындағы Ә. Бөкейхан атындағы жалпы орта білім беретін орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Риясыз қызмет – жақсылыққа жетудің көзі» атты тақырыпта Республикалық оқушылар арасындағы онлайн-семинар өткізілді.

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МАҢЫЗДЫ ІС

12.02.2021оқу жылы 9 сыныптармен кәсіби бағдар беру бойынша "Даналық" колледжімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында барлық мамадықтармен нақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, толыққанды мағлұматтар берілді. Медицина саласына оқуға түсуге ниеттеніп жүрген оқушылар өз сұрақтарын қойып жауаптары алынды. Оқушылардың сұрақтарына тұшымды жауаптары беріп, кең көлемді ақпарат бергені үшін колледжге алғысымызды білдіреміз.

https://www.facebook.com/groups/astana37/permalink/1061106837704789/

2021 жылдың 10 ақпанында белгілі ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына байланысты 9,10 сыныптар арасында «Аққудың қанатына жыр жазған ақын» атты конференцияны қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері К.Т.Зейнелова мен М.М.Жусупова ұйымдастырды. Конференция барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен бөлісті.

Қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай №63 мектеп-гимназиясында «Аққудың қанатына жыр жазған ақын» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Қашықтан оқыту барысында өтілген бұл байқауға оқушылар белсене қатысты. Оқушылар өз туындыларында ақиық ақынның жырларынан үзінді келтіре отырып,ақын рухы –ұлт рухының ажырамас бөлшегі екенін өз шығармаларында кеңінен талдап өтті. Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бигожина Б.О.

Қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай №63 мектеп-гимназиясында «Аққудың қанатына жыр жазған ақын» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Қашықтан оқыту барысында өтілген бұл байқауға оқушылар белсене қатысты. Оқушылар өз туындыларында ақиық ақынның жырларынан үзінді келтіре отырып,ақын рухы –ұлт рухының ажырамас бөлшегі екенін өз шығармаларында кеңінен талдап өтті. Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бигожина Б.О.

«Махамбеттің жас ұрпақтары!» V Республикалық ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КОМПОЗИЦИЯЛАР байқауы аясындағы ЖЕҢІСТІ І ОРЫН-мен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Республикалық сайыста қазылар алқасы мен көрермендер алдында байқауға қатысушылар «Біз Махамбет ұрпағы!» тақырыбында әдеби-музыкалық композиция, «Ұлы дала ұрпағы» тақырыбында Қазақстанның ұлы тұлғаларының шығармалары тақырыбына әдеби-музыкалық композиция ұсынылды.

Байқаудың ережесіне сәйкес бірінші кезең аймақтық деңгейде өтті. Әр облыстар мен қалалардан 50-ден астам ұжым қатысты: Нұр-Сұлтан, Өскемен, Петропавл, Қостанай қалалары, Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары.

Қазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері болды.

«Махамбеттің жас ұрпақтары!» V Республикалық ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КОМПОЗИЦИЯЛАР байқауы «Біз Махамбет ұрпағы» тақырыбы бойынша Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейдің қазақ театры І ОРЫН иеленіп, мектеп абыройын Республикалық деңгейге көтеріп отыр.

Қазақ театрының жетекшісі Ташпенов Мухит Қайратұлының еңбегі орасан. Мектеп әкімшілігі атынан талантты оқушыларымызға және театр жетекшісіне үлкен АЛҒЫСЫМЫЗДЫ білдіре отырып, шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Аталмыш байқауды дәстүрлі ұйымдастырып, оқушылардың талантын қала, республика деңгейіне дейін шыңдауларына өзіндік үлес қосып отырған Нұр-Сұлтан қаласы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ұжымына рақметімізді білдіреміз.

«ТӘУЕЛСІЗДІК – БІЗДІҢ БҮГІНІМІЗ БЕН БОЛАШАҒЫМЫЗ»

Нұр-Сұлтан қаласының Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 8-сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – біздің бүгініміз бен болашағымыз» атты тақырыпта Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырып дебат өткізілді.

Жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген ашық онлайн-дебат оқушыларға ұнады, әр бала өз пікірін айтып ойларымен бөлісті. Сайыс барысында әр сыныптан екі спикерден қатысып, даттаушы және қорғаушы болып сөз жарыстырды. Дебатқа бүкіл топ оқушылары да белсене қатысып, таймкиперлер уақытты қадағалап отырды.Нәтижесінде «Жас Сарбаз» тобынан Джумаддула Үміт пен Қамбаева Асем сайыс жеңімпаздары атанды.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны