Нұр-Сұлтан қаласы №29 орта мектепте «Азаматтық қорғаныс»күніне орай өтілетін «Мықты Азаматтық қорғаныс -Ұлт экономикасын сақтауға үлес!» үндеуімен жүргізілген онкүндік жоспарын  іске асыру аясында жүргізілген іс-шаралар легі жақсы деңгейде атқарылды.

17 наурыз күні Абай шаңырағында Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған “ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-АСЫЛ МҰРАМЫЗ” атты қала мектептерінің ұстаздары арасында спорттық сайысы өтті.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп – лицейінде қалалық пән олимпиада жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Мектебіміздің дарынды оқушылары 2020-2021 оқу жылындағы пән олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті. Аудандық олимпиадада 31 оқушы жетістікке жетсе, қалалық пән олимпиадасында 15 оқушы жетістікке жетті. Ағылшын тілі пәні жеңімпазы 10 сынып оқушысы Сардар Нұрайым 1 орын иеленіп, республикалық пән олимпиадасына қатысуға жолдама алды. Пән мұғалімі Есетова Тамара Қусмановнаға алғыс айтамыз!

«Қош келдің, әз Наурыз!» челлендж
Құрметті №64 мектеп-лицей
оқушылары, ата-аналары,
ұстаздары мен мектеп
ұжымы баршаңызды қасиетті
қазақ жеріне келіп жеткен
Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтаймыз !
Сіздерді "Қош келдің, әз Наурыз!"
челленджісіне белсене
қатысуға шақырамыз.
1.Ақындар жырына
арқау болған – әз Наурыз жырларын;
2. Ұлттық салт-дәстүрден;
3. Ұлттық тамақтан;
4. Ұлттық киімнен және т.б бізге
бейне көрсетілім, фотосурет
87711450645 нөміріне жіберіңіздер!
Наурыз құтты болсын!
Құрметті 8-11 сынып жетекшілері және оқушылары 22-наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде ұйымдастырылып жатқан “Наурыз құтты болсын!” атты бейнеролик байқауына белсенді қатысуға шақырамыз!

Бейнероликті бағалау критериялары:
Видеодағы ақпараттың жүйелілігі;
Түс қанықтығы;
Бейнероликтегі мәліметтердің маңыздылығы;
Бейнероликтің сапасы (качествосы);
Сурет, әуен, анимация, құттықтау сөздер болу қажет.
Ұзақтығы: 3 минуттан аспауы керек.
Байқау мерзімі: 17-21.03.2021

Бейнероликті
74mektep@list.ru электронды поштасына жіберіңіздер.
Бұл іс-шара Наурыз мерекесін ұйымдастырып өткізу жоспары бойынша жасалынып отырғандығын және ең үздік 3 бейнеролик мектебіміздің инстаграмм парақшасында және фейсбугінде, сонымен қатар мектеп сайтында жарияланады. 1, 2, 3 дәрежелі дипломмен марапатталады.

Ұйымдастырушы: Информатика бірлестігі.
№74 мектеп-гимназиясында 15 наурыз күні 1-11 сынып аралығында «Армысың, әз-Наурыз» бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өткізілді
Өткізілу форматы: онлайн, оффлайн
Мақсаты:
1. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету;
2. Ауызекі сөйлеу арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейту;
3. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.
Барысы: Күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесі әз-Наурыз мейрамы тәрбие сағаттарына оқушылар жақсы әзірленген. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың қайта жаңғыратын ерекше сәтінде қазақ халқының ұлылығын дәріптей түсетін Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамы тойланып, Жаңа жылымыз басталады. Бұл – ақ түйенің қарны жарылған күн, ырысты, ынтымақты ұлы той. Ел ынтымағын арттыруда Наурыз мейрамының алатын орны ерекше. Бұл күні араздасқан ағайын бір-бірімен табысып, ағаттыққа кешіріммен қараған. Бірлікті, ынтымақты ту еткен мерекені жаңа өмірдің, жаңғырудың бастауы деп қабылдаған. Сынып жетекшілеріміз осы Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсініктерін толықтай түсті. Мектеп-гимназиямыздағы екі ауысымдағы барлық сыныптарда онлайн, оффлайн форматта тәрбие сағаттары толық өтілді.
Нұр-Сұлтан қаласы «№74 мектеп-гимназия» ЖШҚ МКК 10.03.2020 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек»: «Мамандығым мақтанышым» атты 9 сыныптар оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында пікір алмасу іс-шарасы болып өтті. Мақсаты: 9 сынып оқушыларына болашақ кәсіби қызмет саласындағы өзін-өзі анықтау және мамандық таңдау үрдісінде оқушыларға кәсіби бағдардағы демеушілік көрсету.
Пікір алмасу кешіміздің қонақтары мектеп директоры Жеңіскүл Темірханқызы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Кенжегүл Райханқызы, мектеп психолгі Венера Айдосқызы. Мектеп түлектері техникалық колледж түлегі Қаржауов Әділхан, Қоғамдық тамақтану және сервис колледж түлегі Бейсенбек Ерислам.
Кеш 3 кезеңнен тұрды,
1. «Менен сұрақ, сізден жауап».
Қонақтар өздерінің таңдаған мамандықтары туралы, мамандық таңдау жолдары туралы ой бөлісті. Қонақтарға оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген , бастаған ісін орындауға табандылық көрсете алатын, мемлекеттің тірегі бола алатындай тұлғаларды қалыптасу мақсатында түсіндірме жұмыстар жүргізді.
2. «Қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары»
Жаңа заманның мамандықтары - Видео көрсетіліп, болашақтағы сұраныстағы мамандықтар туралы ақпараттармен таныстырылды.
3. «Мамандықты таңдау» практикумы. «Мамандық таңдау формуласымен» мектеп психолгі Венера Айдосқызы таныстырып, оқушыларға мамандық таңдау бойынша кеңес берілді.

Қазақстан Республикасындағы Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні «Күшті Азаматтық қорғаныс- Ұлттық экономиканы сақтау» ұранымен Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігі «Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп –лицей» ШЖҚ МКК бойынша ақпараттық –насихаттау іс –шараларын өткізу жоспары негізінде 2021 жылдың 15 ақпан мен 19 ақпан аралығында «Үздік бейнеролик» 5 сыныптар -"Отпен ойнамаңыз!",

6 сыныптар - «Абайлаңыз, жұқа мұз!» ,

7 сыныптар- "Жол ережесін сақтаңыз!" ,

8 сыныптар -"Судағы қауіпсіздік" тақырыбында және «Үздік өлең» конкурсы қашықтық форматта өтті. «Үздік бейнеролик» байқауына 36 сынып және өз еріктерімен бастауыштың 3 сыныбының оқушылары қатысты.

Бастауыш сыныптардың арасында Гран-при – 4 «Л» сынып оқушысы- Қуанышев Мирас, сынып жетекшісі Дюсенова Н.Б.

1 орын 2 «З» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Ильясова Ж.А.

2 орын- 3 «И»сынып оқушысы Такисов Тимур, сынып жетекшісі Балабекова А.Т.

5-8 сыныптар арасында Гран-при 5 «Ж» сынып оқушысы Жансая Сапар, сынып жетекшісі Бегилдаева Т.Б.

"Отпен ойнамаңыз!" 5 сынып оқушылары арасында.

1 орын 5 «Е» сынып, сынып жетекшісі Данкибек А.А.

2 орын 5 «Д» сынып, сынып жетекшісі Мурсалимова А.Т.

3 орын 5 «Ә» сынып, сынып жетекшісі Ещанов К.С.

«Абайлаңыз, жұқа мұз!» - 6 сынып оқушылары арасында.

1 орын -6 «Г» сынып оқушысы Қыдыралы Нұрдаулет, сынып жетекшісі Құтылмұратова Б.Т.

2 орын – 6 «Ә» сынып оқушысы Күлмай Әбілмансұр, сынып жетекшісі Тохтарова С.А.

"Жол ережесін сақтаңыз!" - 7 сыныптар арасында

1 орын- 7 «В» сынып, сынып жетекшісі Талдыбаева Ш.А.

2 орын 7 «Ә» сынып оқушысы Дүйсенбек Балжан, сынып жетекшісі Айдарова А.А.

3 орын 7 «Д» сынып, сынып жетекшісі Жумажанова Н.Ж.

"Судағы қауіпсіздік"- 8 сыныптар арасында

1 орын – 8«Д» сынып оқушысы Сейсембай Камбар, сынып жетекшісі Мантиева К.Э.

2 орын -8 «А» сынып оқушысы Смағанбет Нәзия,сынып жетекшісі Жаканова Л.С., 8 «Ә» сынып оқушысы Спанова Гүлнұр, сынып жетекшісі Таймбетова А.К.

3 орын – 8 «В» сынып оқушысы Болат Нұрбек, сынып жетекшісі Ахметова Г.А.

«Үздік өлең» конкурсының 1 орын иегері 8 «Д» сынып оқушысы Артыкбаева Жидек, сынып жетекшісі Мантиева К.Э.

2 орын 9 «А» сынып оқушысы Батталова Камила, жетекшісі Жакупова С.А.

Барлық жіберілген материалдардың бала өміріне тигізетін тәрбиелік маңызы зор, сайысқа қойылған мақсатына сай, міндеттерін ашқан. Сайысқа қатысқан оқушыларымызға, ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, сыныптарымызға алғысымыз шексіз. Мектеп –лицей әкімшілігінің атынан оқушылар мен ата –аналарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!!!

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Абай шаңырағында “Қош келдің, берекелі Наурыз!” атты әдеби-сазды концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтті.

«Мен таңдаған жол» кәсіби бағдар жобасы.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны