«Қайырымды істер» марафоны,аз қамтылған отбасы балаларына арналған мейірімділік челленджі аясында, №38 мектеп-лицейінің Қамқоршылар кеңесі атынан 3 отбасыға азық-түліктік көмек көрсетілді.

Наурыз мерекесін әлемнің түрлі елдері тойлайды. Біздің халқымыз да наурыз мерекесін жаңа жылдың басталуымен байланыстырып, ерекше ықыласпан қарсы алады. 22 наурыз – қазақтың төл жаңа жылы. Адамдар бұл мерекені Самарқанның көк тасы жібіп, күн мен түн теңеліп, араздасқан ағайын татуласып, ұлттық ойындар ойналып, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылатын көктемнің шуақты мерекесі ретінде есінде сақтайды.

Нұр-Сұлтан қаласы №29 орта мектепте «Әз Наурыз!»мерекесіне орай өтілетін онкүндік бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілген іс-шаралар легі жалғасуда.Мектеп дәлізінде киіз үй макеті қойылып,тұрмыстық ұлттық бұйымдармен жабдықталды.
"Астана дарыны" орталығы 2021 жылдың 18 наурыз күні І қалалық "Құтты білік" оқуларын 5-7-сыныптар арасында өткізді.
Байқаудың мақсаты- мектеп оқушылары арасындағы ауыз əдебиеті шығармаларын насихаттап, құнды қазыналарымызды білу қажеттілігін түсіну, көркем əдебиетке қызығушылығын арттыру, əдеби тіл байлығын, көркем сөз шеберлігін даму.
Байқауға мектеп-лицейіміздің оқушылары қатысып, төмендегідей нəтиже көрсетті.
Осы байқаудағы "Ойтолғау" эссе жазу номинациясы бойынша, 6 "Б" сынып оқушысы Сəмет Нұрзия Грамотамен марапатталды , жетекшісі қазақ тілі мен əдебиет пәні мұғалім Кыздарбекова Г.К., "Сыр сандық" шешендік өнер номинациясы бойынша 5 "А" сынып оқушысы Жұманова Наргиз 3-орынмен марапатталды, жетекшісі қазақ тілі мен əдебиет пәні мұғалі Шамшиева А.Т.
Əріптестерімізге алдағы уақытта да жеңіс тұғырында болыңыздар деген тілек айтамыз.

Әр күннің өз берері болады. Наурыз мерекесі қарсаңындағы Республикалық экологиялық шарада әр еңбектің өз нәтижесін беретіндігін көрсетті.

Абыройымыз арта берсін!

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны