№38 мектеп-лицейінде тәрбие жоспарына негізінде 26 сәуір Чернобыль АЭС-індегі ядролық апатқа 35 жыл толуына орай «Чернобыль мәңгі жадында қалатын ауырсыну» тақырыбында «Жаратылыстану жұмбақтары» үйірме жетекшісі А.Ж.Абилова Чернобль апатына ерікті түрде көмекке барған студент Б.С.Серікбевпен, Чернобыль апатына әскер қатарында жүріп шақырылған сарбаз Ж.Д. Отыншыновпен онлайн кездесу өткізілді. Кездесу барысында Чернобль апаты, зардаптары туралы айтылып, кездесу қонақтары жас ұрпаққа бейбіт өмір мен оқуда үздік болу туралы өз тілектерін білдірді
Мектебімізде "Мен атаммен мақтанамын" және "Қарулы күштер-қауіпсіздік қазығы" атты сайыстар ұйымдастырылуда.
23.04 күні 3-сынып оқушылары арасында өткен "Тәуелсіздікке - 30 жыл" атты іс- шарасымен бастауыш әдістемелік бірлестік апталығы өз мәресіне жетті.
МЕКТЕП ҰЖЫМЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАНУДА
Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейдің ұжымымен «COVID-19» вирустық-инфекциясының алдын алуға байланысты егу шарасы жалғасын тапты. Нұр-Сұлтан қалалық №7 емхананың медициналық қызметкерлерімен бүгінгі егу жұмысы мектептің медициналық кабинетінде жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда мектепте 200-ге жуық мұғалім қызмет жасауда. Бүгінгі күні ұжымның 40 пайызға жуығы вакцинацияланды.
Ұжымдық иммунитетті бекіту шарасы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
2 - сынып оқушылары арасында "Ғажайып ғарыш әлемі " тақырыбында оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында ғарыш денелерінің макетін жасау сайысы қашықтан өтті.
Бала Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулу мақсатында 4- сынып оқушылары арасында " Бала Абай" атты Абай өлеңдерін жатқа айту байқауы өз деңгейінде өтті. Байқау жеңімпаздары 4 "Б"сынып оқушысы Мұратқызы Нұрай, 4 "Г" сынып оқушысы Рахимжан Ілияс сынып жетекшісі Оралды Алтынай және
4 "Ә"сынып оқушысы Нұрлыбекұлы Нұрислам сынып жетекшісі Аубакирова Маржан Қалтаевна жүлделі 1- орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Жаратылыстану бірлестігі апталығы аясында ұйымдастырылған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің География пәнінің мұғалімі Иманүсенов Нұрлыбек Амандықұлының ұйымдастыруымен өткен конференцияда Еуразия ұлттық университеті География кафедрасының профессоры, ғалым Сапаров Қуат Табылдыұлы "Топономика және оны зерттеу нысаны" тақырыбында 8-сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізді. Мектеп оқушылары "Топономика зерттеу нысаны" туралы көп мәлімет алды, бұрыңғы көне атаулардың шығу тегі, атауын біліп, білімдерін жетілдірді. (Петропавл-Қызылжар, Павлодар-Кереку т.б.)
Конференцияға қатысқан оқушылар, әріптестер ғалымға өз алғыстарын білдірді!

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ

ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

Кәсіптік бағдар беру, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ол білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады. Кәсіптік бағдар беру-қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде.

Аталған міндеттерді жүйелі түрде орындау мақсатында ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ мен №37 мектеп-лицейінің түлектерімен кездесу ұйымдастырылды. Университет өкілі, дайындайтын мамандық түрлерін оқушыларға презентациялап толық ақпарат берді. Кездесуде оқушылар сұрақтар қойып, өздерінің қызығушылықтарын білдірді. Оқушыларымызға мамандық таңдауға септігін тигізген ҚЭҚХС университетіне алғысымызды білдіреміз.

https://m.facebook.com/groups/astana37/permalink/1101584350323704/

21.04.2021 күні 7, 8, 9 сынып оқушыларымен химия пәнінен сыныптан тыс іс- шара, Евразия Ұлттық университетінің студенттерімен бірлесіп өтті. Окушыларды 2 топқа бөліп, жарыс түрінде өтті. 1 топ басшысы 7А сынып оқушысы Амзеева Нұрсипат, 2 топ басшысы 8Г сынып оқушысы Амалбек Ақерке болды. Осы жарыста 1 топ жеңді 90 балл жинап, ал 2 топ 50 балл жинады. Жарыс онлайн болды. Барлығы 35 оқушы қатысты. Окушыларға қызықты болды. Осындай Евразия Ұлттық университеті мен мектеп арасындығы бірлескен жұмыс жалғасуда.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны