"Жеңіс - ұлы сөз" атты қалалық онлайн - байқауына қатысып, мектебіміздің 5 "Г" сынып оқушысы Сұлтан Сымбат жүлделі III - орынға иеленсе, 8 "М" сынып оқушысы Бекжан Назарбек жүлделі I - орынды иеленді.Оқушыларымызды үлкен жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта биік-биік асуларды бағындыра берулеріне тілектеспіз! Оқушыларымызға зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыстар тілейміз!

Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-лицейінде 13 мамыр күні 9, 11 сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі туралы ZOOM платформасында онлайн режимде сағат 15.00-де 11 сыныптар үшін, 16.00- де 9 сыныптардың ата-аналарына жиналыс өткізілді. Жиналысты мектеп директоры Бану Әлімжанқызы Баймұратова жүргізді. Жалпы, ата-аналарға қорытынды аттестаттаудың ережесін түсіндіріп, соңғы қоңырау мерекесі мен аттестат тапсыру рәсімдерінің өтетін күндерін, өткізілу талаптарын айтып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Мұғалімдерге сыйлық беруге, дастархан ұйымдастыруға, қаладағы мейрамханаларда тойлауға тыйым салынатындығын түсіндіріп, санитарлық талаптарды орындауға жауапкершілікпен қарау керек екендігі айтылды. Ата-аналар осындай түсіндірме жұмыстың өткізілгендігіне алғыстарын білдірді.

021 жыл, 14 мамыр күні сағат 14.00-де «МАГИСТР САҒАТЫ» жобасы бойынша мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, филология ғылымдарының МАГИСТРІ ТУРСЫНБЕКОВА ЛЯЙЛА РАУШАНБЕКОВНА астаналық мектептердің білім сапасын көтеру, қашықтан оқу кезінде кеткен олқылықтарды орнына келтіру, оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттыру мақсатында қазақ әдебиеті пәнінен 6-сынып оқушыларына сабақ өткізеді.
P.S: «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ»
«Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, озық ойлы, ұшқыр қиялды, жаны жайсаң, кең жүректі білікті ұстаздардан білімді де білікті шәкірттер шығатын белгілі. Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін анықтау, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне жауапкершілікпен қарау мақсатында 13 мамыр күні мектебімізде санитарлық талаптарды сақтай отырып, online-offline форматта «ҮЗДІК ЖАС МАМАН - 2021» байқауы өтілді. Мектепішілік байқаудың ережесі алдын-ала жасалып, жас мамандарға тәлімгерлер әдістемелік қолдау көрсетті.

Терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы ЖАДНАМА.

Жедел қызметтердің телефон номерлері.

Интернет дегеніміз- дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отыра( шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.

Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық почта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.

Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады. Интернет желісінде жұмыс істеу барысында ақпараттық қауіпсіздіктің басты ережелерін сақтау маңызды. Бұл ережелер мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуге және ақпараттың бөгде адамдарға мәлім болуының алдын алуға бағытталған.

Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз – ақпараттың тұтастығын, құпиялығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Ақпараттың тұтастығы дегеніміз – деректерді жіберу, сақтау немесе көрсету кезінде ақпараттың бұрмаланбауының кепілдігі. Ақпаратты тек құқығы бар адамдар ғана өзгерте алады.Ең алдымен Ғаламторда отырған кезде сақталуы керек үлкенге де, кішіге де ортақ ережелерді еске түсіріп алайық: электронды поштаңызға бейтаныс адамнан Word немесе Excel түрінде келген файлды ашпас бұрын, вирусын тексеріп алу керек.

Әлеуметтік желілердегі парольді ешқашан ешкімге беруге болмайды.

Парольді есте сақталуы қиын сандар мен сөздерден құрау керек.

Ғаламторда жеке басқа қатысты мәліметтерді көрсетпеу керек және ник, яғни бүркеншік ат қолданған жөн.

Ғаламторда танысқан кез келген бейтаныс адаммен кездесуден қорқу керек.

Егер ғаламтордағы әлдебір сайтқа тіркелу керек болса, жеке басқа қатысты ақпараттарды беруге болмайды.

Ғаламтордағы барлық ақпараттарға сене беруге болмайды. Ақпараттың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізіп алу керек.

2021 жылы 12 мамырда №22 «ӘЛЕМ» балабақшасында «Түзету-дамыту қызметіне қатысушылар жұмысының сабақтастығы» тақырыбында халықаралық онлайн-семинар өтті.

Профилактикалық іс-шара -өткізілуде
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны