"Білімді ұлт - тұрақты даму кепілі" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Өту барысында: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшелігі туралы әдістемелік нұсқау хатпен, мектептегі қарым- қатынас модельімен таныстырды. Оқу жылының жоспары, тәрбие жұмысы, құқықтық бұзушылардың алдын - алу, әлеуметтік жағдайы бойынша оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамассыз ету т.б жұмыс барысымен таныстырылды. Мектеп директоры Ж. Жұмабекова ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Педагогикалық кеңес басында дене шынықтыру пәні мұғалімдері, ұстаздарға сергіту жаттығуларын жүргізіп, әр бірлестік арасында жеңіл атлетика бойынша жарыс өтті. Оқу жылындағы алғашқы педагогикалық кеңес биыл ерекше таза ауада өткізілді.

27.08.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы, №63 мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылының басталуына орай педагогикалық кеңес өтті. Мектеп-гимназия директоры Серікұлы Мәди мектеп педагогтарын жаңа оқу жылымен құттықтап, ағымдағы оқу жылының жағымды жаңалықтарымен таныстырудан бастады. Күн тәртібі бойынша жоспарланған барлық мәселелер өз тәртібімен қарастырылып отырды. Мәселен, жаңа оқу жылындағы оқушылар контингенті және сыныптар бойынша ақпаратты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К. Ордабаева мәлімдесе, директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Ш.Шапиева педагогтардың сапалық құрамы, жас мамандарға тәлімгерлер бекіту және тағы басқа да оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді бекітуге ұсынды. Оқу ісі жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Ж.Ш.Оралбаев ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту туралы мәлімет берді. Сонымен қатар,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Ерназарқызы өткен оқу жылында атқарылған жұмыстардың есебіне тоқталып, алдағы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.

Педагогикалық кеңес соңында мектеп директоры Мәди Серікұлы білім ордасында ашылғаннан бастап еңбек етіп келе жатқан санаулы ұстаздарымызды ортаға шақырып,гүл шоқтарын ұсынып, ризашылығын білдірді. Сондай ақ Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен ұлағатты ұстаз Ыбырай Г.Қ. және Ерғалиева Г.А. марапатталды. Сонымен қатар, Білім басқармасының Алғыс хаты қызығы мен қиындығын қатар ұштастырып, оқушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген мұғалімдерімізге берілді. Мәди Серікұлы барша ұжымды оқу жылының басталуымен құттықтап, әріптестерімізге сәттілік тіледі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай “Білім өркениеті” ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен “Тәуелсіз елдің ертеңі - білімді жастар” атты республикалық байқауда 38 мектеп-лицей оқушысы Амирбек Мадияр 1 орын иеленді. Сондай-ақ арнайы төсбелгішемен марапатталды.

«Жаңа балалар - жаңа мектеп» семинары біздің Грузияға барған сапарымыздағы мұғалімдердің жазғы мектебінің негізгі бөлігі болып табылады.Семинар қазіргі заманғы балаларды оқыту мен оқытудың өзекті мәселелеріне арналды.

Бізге психология ғылымдарының докторы, әлеуметтанушы, педагог, Халықаралық гуманитарлық педагогика орталығының президенті Амонашвили Паат Шалвовичті тыңдау сәті түсті.

Сонымен қатар біздің спикерлер де болды Сыздықова Ғалия Сәбитқызы - «КЕRІМ» директорлар лигасының президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, академик, Остапца-Свешников (Мәскеу қаласы) атындағы Халықаралық балалар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетану академиясының корреспондент -мүшесі. Шингужинова Тлектес Сайхатханқызы - Global Sapa білім беру орталығының негізін қалаушы, «КЕRІМ» Халықаралық директорлар лигасының білім беру қорының вице -президенті.

Семинарда қазіргі заманғы балаларға білім берудің жаңа тәсілдері, гуманистік және жеке көзқараспен мұғалімнің ұстанымы талқыланды. Баяндамашылар бала-ата-ана-мұғалім байланысының табысты ынтымақтастығының құпияларымен бөлісті. Біз баланы оқуға деген сүйіспеншілікке қалай баулу керектігін, оның қабілетін қалай ашу керектігін айттық. Ең бастысы, олар теорияны тыңдап қана қоймай, оны тәжірибеде бірден қолдануға тырысты.

«Жаңа балалар - жаңа мектеп» семинары бізге білім беру үдерісін жақсарту, оқушылармен қарым -қатынасты жақсарту бойынша көптеген әсерлер мен идеялар берді.

Адамгершілік педагогиканың принциптері қазіргі балаларға ең қолайлы. Негізгі идея - балаларды сүю және әр балаға шексіз қабілеттер берілгенін түсіну. Ал біз оқушылардың қателіктеріне емес, жетістіктеріне назар аудара отырып, оларды ашып, дамытуымыз керек.

Мұндай семинарлар көкжиекті кеңейтуге және бар білім қорын байытуға көмектеседі.

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдері бекітілді.

Құрметті ата-аналар!

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы өзекті.
Жаңа оқу жылына мектеп формасы 🔵 қою көк түсті болуы ұсынылады.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында оқушылар мектеп формасын киюге міндеттелмейтінін мәлімдеді. Бірақ, Министрліктің мектеп формасы туралы бұйрығына арнайы тармақ енгізілген. Онда: "Төтенше жағдай, карантин, шектеу шаралары мен басқа да форс-мажор жағдайларда- таза классикалық немесе іскерлік үлгідегі киіммен келуге рұқсат беріледі” делінген.
🔴Бұндай шешім 2021-2022 оқу жылы үшін ғана қабылданды!
#мектепформасы
#20212022оқужылы

Құрметті ата-аналар, 2021 жылғы 11 тамыздан бастап Жалпыға міндетті оқу қоры бағдарламасының басталғанын хабарлаймыз.
Оның аясында белгілі бір санаттағы оқушыларға мектеп киімін, аяқ киімін және керек-жарақтарын сатып алуға материалдық көмек көрсетіледі. Жалпыға міндетті оқу аясындағы көмек мына санаттағы оқушыларға көрсетіледі:
✅ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
✅ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз, сол сияқты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
✅ жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тұратын балаларға;
✅ төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
✅ білім беру ұйымының алқалы органы белгілейтін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жатады.
Барлық сұрақтар бойыша мектептің әлеуметтік педагогтарына хабарласыңыздар:
Қазақ тілінде оқитын 1-11 сыныптар - Мырзағұл Айнұр Русланқызы 87027947194,
Орыс тілінде оқитын 1-11 сыныптар - Нұрұшева Саина Сәкенқызы 87471865716.
Құрметті ата-аналар, 2021 жылғы 11 тамыздан бастап Жалпыға міндетті оқу қоры бағдарламасының басталғанын хабарлаймыз.
Оның аясында белгілі бір санаттағы оқушыларға мектеп формасын, аяқ киімін және керек-жарақтарын сатып алуға материалдық көмек көрсетіледі.
Құрметті ұстаздар және ата-аналар!!!
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысына сәйкес, 4 тамыздан бастап мектепке кірген кезде Ashyq немесе Kaspi қосымшасы арқылы QR кодты сканерлеу қажет.

Сыртқы факторлардың әсерінен адам ағзасындағы зақымданулар, біз бір сөзбен – жарақат деп атаймыз.

Балалардың жарақаттануы - бұл ата-ананың да, баланың да өмірін түбірімен өзгерте алатын үлкен проблема.

Статистика бойынша жарақат негізінен кіші мектеп жасындағы (7-11 жас) балаларда болады. Ұлдардың жарақаттары қыздарға қарағанда әлдеқайда жиі (70%) болады.

Жарақаттар үш жастан асқан балалар өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады. Әлемде әр түрлі инфекцияға қарағанда жазатайым оқиғалардан көп бала өледі.

Балалар жарақаттануының негізгі себептері көп емес:

Негізгісі - нақты жағдайларда қорқынышты ештеңе орын алуы мүмкін емес деп ойлайтын ересектердің бейқамдығы.

Екіншісі - лауазымды тұлғалар немесе балалардың ата-аналары болсын өз міндеттерін тиісінше орындамайтын ересектердің салғырттығы.

Сонымен қатар, балалардың жарақаттану деңгейіне балалардың тәртіптілігі де үлкен әсер етеді.

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті осы мақалада электр тогынан болатын балалардың жарақаттануының алдын алудың кейбір мәселелері туралы баяндайды.

2021 жылдың 2 тамызынан бастап Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясында Ashyq жобасы толыққанды іске қосылды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны