2021-2022 оқу жылы бәріміз үшін өте ерекше болмақ. 1-сыныпқа алғаш қадам басқан бүлдіршіндеріміз де дәстүрлі форматта білім алатыны қуантады. Осы мереке қарсаңында еліміздің барлық аймақтарында «Алғашқы қоңырау» мерекесі аталып өтті. Біздің №83 мектеп-гимназиясы да бұл іс-шарадан тыс қалмады.

1 қыркүйек Білім күніне орай №35 мектеп-лицейінде "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл", "Конституция күніне", "Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл", мектептің ашылғанына 30 жыл толуына орайластырылған сынып сағаттары өткізілді. №35 мектеп-лицейі барша қазақстандықтарды құттықтайды!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!

1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, жазғы қызықты да қуанышты демалыстан келген оқушылар, оқу жылын жаңаша күш-жігермен бастағалы тұрған ұстаздар және ата-аналар.

Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп гимназиясында Білім күні аталып өтті.

Қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысты. Мектебімізде “Кел, балалар, оқылық!” атты іс-шара өтті. Аталған іс-шараға 1-ші сынып оқушылары белсене қатысты. Балғын балалықпен қоштасып, бірінші болып мектеп табалдырығын аттаған 1-ші сынып оқушыларын құттықтаймыз. 1 қыркүйек күні “Әліппе” 1-ші сынып бүлдіршіндеріне алғашқы қоңырауда салтанатты түрде табысталды. Болашақта осы оқушыларға оқуда сәттілік тілейміз!

1 қыркүйек – Білім күні 1 сынып оқушылары үшін өте маңызды күн болды. Мектеп табылдырығын енді ғана аттаған жас бүлдіршіндеріміз, алғашқы қоңыраудың үнін естіді.

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар және ата-аналар!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты мереке – Алғашқы қоңырау Білім күні мерекесімен құттықтаймын!

1 қыркүйек әрбір отбасының, әсіресе балалардың асыға күтетін мерекесі!

Өйткені бұл күннің әр шаңырақ үшін орны да, маңызы да ерекше! Алғашқы қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттап, 11 жыл бойы тәлім-тәрбие, білім алып, үлкен өмірге аттанған ұл мен қыз – әр отбасының мерейі мен үміті. Әдеттегідей биыл да 1 қыркүйек білім мерекесін қуана қарсы алып отырмыз! Бүгінгі күні мектебіміздің шәкірттер қатарын жүректері лүпілдей толықтырып отырған 1-сынып бүлдіршіндерін зор қуанышпен қарсы аламыз!

Қымбатты 1-сынып бүлдіршіндері! Біздің мектеп сіздерді көптен күтіп, өздеріңізге деген үлкен сеніммен құшақ жаяды. Сіздер біздің мектеп бітірген түлектеріміздің орнын басар үлкен толқынсыздар! Сол түлектер сияқты мектеп пен ұстаздарыңыздың, ата-аналарыңыздың мақтанышы мен үміті болатын, ел болашағын қолға ұстайтын мықты, білімді азаматтар болатындарыңызға сенімдіміз! Білім жолында табанды, денсаулығы зор, елінің нағыз патриоты болатын тұлға болыңыздар!

Құрметті ұстаздар, қымбатты шәкірттер! Кедергілерге қарамастан, денсаулықтарыңызды нығайтып, күш-қуат жинап, жаңа оқу жылын жаңа леппен бастауға дайынсыздар деп сенеміз! Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Бүгінгі ұстаздар қатарын толықтырып отырған жас мамандарымыз ілім-білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет. Осы жолда қажымай, талмай еңбектің өлшеусіз үлесін көрсетіп, болашақтың бағдаршамы - ұстаз деген атаққа лайық болыңыздар, қымбатты ұстаздар.

Ардақты ата-аналар! Ұрпағымызға білім беруде ұстздарымызбен қатар түсіп, ынтымақтықпен жасаған әр ісімізге қолдау білдіретіндеріңізге сенеміз! Әрқашан бірге болайық!

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер меға ұдан ашылуларйы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған
Тамыз айының 28 жұлдызы күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп лицейдің директоры, «Қазақстан Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», ұлағатты ұстаз Зауре Жақанқызының мерейлі 60 жасқа толған шығармашылық кеші аталып өтті. Ұзақ жылғы өнегелі өмірі еңбекпен өрнектелген ұстаздың шығармашылық кешіне төмендегі қадірлі қонақтар куә болды: Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры Кертаева Калиябану Махметовна, филология факультеті жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Г.Муратова, филология ғылымдарының докторы, профессор Бекжан Әбдуәли мырза. Қарағанды қаласының білім бөлімінің басшысы Әшім Есентай Мұқатайұлы, Республикалық «Дарын» орталығының директоры Тимур Сейтқажыұлы, республикалық «Дарын» орталығының педагогикалық шеберлік зертханасының басшысы Айгуль Акимгереевна, №30 мектеп-гимназия директоры С.М.Азимханова.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Конституцияның 25 жылдығына орай мектебімізде спорттық эстафета өтті.Түрлі спорт түрлері,арқантартыс және волейбол мен футбол командалық ойындары өткізілді. Мектеп ұжымының барлық мүшесі жаппай белсенді қатысып,жүлделі орындарға ие болды.Спорттық эстафетаны дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұйымдастырды.Мектеп ұжымының тату-тәтті ынтымағының арқасында өте қызықты да, көңілді өтті. Мектеп директоры Бану Әлімжанқызы әріптестерге жаңа оқу жылында тек жетістіктерге жетіп, салауатты өмір салтын ұстанып, шығармашылық табыс тілеп, бір шаңырақ астында бірлікпен толағай жетістіктерге жетуді тіледі. Ойын соңында марапаттау жұмыстары болды. Көптен бері жиналмаған ұжым үшін бүгінгі шара жаңа оқу жылында зор серпіліс болғаны анық. Осындай игі шаралар көп болғай! Алға, 64мектеп-лицей

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны