Меню KDT

Новости

Главная Новости

10.09.2021

«ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ»

№79 мектеп-лицейде 08.09.2021 ж. күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты жолдауды талқылау бойынша кездесу өтті.

09.09.2021

ҚР Президенті жолдауын талдау

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың халқына жолдауы. Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес.Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда. Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік. Еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалуда. Сондықтан, кез-келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет. Менің Қазақстан халқына биылғы Жолдауым мынадай мәселелерге арналады деп жолдаған жолдауды мектебіміздің ұстаздары мен 11 сынып оқушылары арасында талдау жүргізілді. Ұстаздар мен оқушылар белсене қатысып жолдау жөнінде толық ақпарат беріп, әріптестер бір- бірімен бөлісті.
#жолдау#2021#1қыркүйек

09.09.2021

«А.Байтұрсынұлы - ұлт жанашыры» жас мамандар конференциясы

9 - қыркүйек мектебімізде «А.Байтұрсынұлы - ұлт жанашыры» тақырыбында жас мамандар конференциясы өтті. Конференцияға 12 жас маман қатысып, зерттеу жұмыстарын таныстырды. Зерттеу жұмыстарын тыңдап, талдау жасап, жас мамандарға бағыт бағдар беру үшін мектептің тәжірибелі ұстаздары төрелік етті.  Олар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері  Алтын Момысқызы мен Ляззат Бақтыбайқызы және тарих пәні мұғалімі Нұр Берікқанқызы. Математика пәні мұғалімі Сағынова Ардақ Әділбекқызының «Баяншы» кітабының маңызы, информатика пәні мұғалімі Секенқызы Айнұрдың  «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ терминологиясын жасаушы» тақырыбындағы зерттеу жұмысы өте жақсы бағаланып, қалалық «Ахмет оқулары» конференциясына ұсынылды. Басқа жұмыстарға толықтырулар мен өзгерістер енгізіп, мектепшілік апталық жұмыстарына қатысуға жолдама берілді.

09.09.2021

Абайлаңыз, балалар

2021 жылғы 9 қыркүйек күні Міржақып Дулатұлы атындағы 68 мектеп-гимназиясында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Рустемованың басшылығымен сынып оқушыларына «Абайлаңыз, балалар!» атты түсіндірме жұмысы жүргізілді.

08.09.2021

"Абайлаңыз, балалар!"

Оқу жылының басында жылдағыдай "Абайлаңыз, балалар!" тақырыбында оқушыларға жол қозғалыс ережесін түсіндіру, үйрету сабақтары өтті.

08.09.2021

Дұрыс тамақтану

2021 жылғы 8 қыркүйек күні Міржақып Дулатұлы атындағы 68 мектеп-гимназиясында қыздардың дұрыс тамақтануы жайлы түсіндірме жұмысы жүргізілді.

07.09.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сынып сағаттары өтті

2021 жылдың 6-шы қыркүйегінде «№35 мектеп-лицей» КММ-нің  5-11 –ші сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Семей ядерлық сынақ полигонының жабылуына 30-жыл толуына арналған  сынып сағаттары өтті.Сынып сағаттарының өткізілу мақсаты: Отанға деген  сүйіспеншілігінің маңыздылығы,барлық тұрғындардың ортақ үйі ретінде Қазақстан идеясын қалыптастыруды жалғастыру, оқушыларды патриотизмге, барлық ұлт пен дін өкілдеріне құрметпен қарауды, оқушыларға толеранттылық құндылықтарын сіңіруді жалғастыру.

07.09.2021

Темекі шегудің зияны

2021 жылғы 7 қыркүйек күні Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясында ұлдарға арналған темекі шегудің зияны туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.

06.09.2021

"Тәуелсіздік жетістіктері" атты біріңғай сынып сағаты

Бүгін, 06.09.2021ж Нұр-Сұлтан қаласы № 45 орта мектебінде "Тәуелсіздік жетістіктері" атты біріңғай сынып сағаты өткізілді.

06.09.2021

«А.Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Бүгін, 6 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ZOOM платформасында  «Ана тілім – қадірлім де қастерлім» тақырыбында  онлайн конференция өткізді. Конференцияға мектебіміз қатасып, белсенділік танытты.  Жиынның алғы сөзін Ахмет Байтұрсынұлы  атындағы №48 мектеп-лицейдің директоры Садыкова Зауре Жаканқызы алып, ұлт ұстазы Ахмет бабамыздың құнды мұраларын ұрпаққа жеткізуде жасалынып отырған шараларға тоқталды.

03.09.2021

АҚ "Сбербанк" ұжымына алғысымызды білдіреміз!

2021-2022 оқу жылы 1 қыркүйек Білім күніне орай АҚ "Сбербанк" ұжымы Нұр-Сұлтан қаласы "№42 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педұжымына сый-сияпат тапсырды. Сбербанк ұжымының оқу-құралдарымен жасақталған сөмкелері көп балалы отбасы балаларына үлестірілді. АҚ "Сбербанк" ұжымына алғысымызды білдіреміз! 💐
03.09.2021

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны