Ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйек аралығында. қала аумағында «Жасөспірім» республикалық жедел -профилактикалық
іс -шарасы өткізілуде.

1- 11 сынып оқушылар арасында Отбасы күніне, "Отбасы- бақытың кілті" атты сынып сағаты өтті. 1-7 сынып оқушылары қабырға газетін шығарды. 8- 11 сынып оқушылары эссе жазды.
Отбасы - құрмет пен ынтымақтастық, сыйластық пен жарастық орнаған орта. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала.Балаға әлеуметтік- мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру жалпы өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әке - шешенің ең маңызды міндеті. Тәрбиелі болып өсуге берекелі, мерейлі отбасының әсері мол.Сондықтан қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған Отбасымыз аман, шаңырағымыз биік, босағамыз берік болғай. #Отбасымкүні2021# Қазақстан отбасы2021#

«Отбасы-рухани жаңғыру негізі»

Халқымызда «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер», деген ұлағатты сөз бар. Қазақы тәрбиенің тамыры тереңде екенін жас ұрпақ білуі тиіс. Осыған орай, кеше әл-Фараби мектеп-лицейінің 5-сынып оқушыларының қатысуымен тәрбиелік мәні зор шара өтті. Жеткіншек ұрпақ жеті аталарын атап, отбасындағы дәстүрлер мен құндылықтар жайлы әңгіме қозғады. Сонымен қатар еліміздегі киелі жерлер жайлы мағлұмат алды. Шоқан Уалихановтың әжесі Айғанымның қонысы, найзасымен жау түйреп, сөзімен құс тістеген Қожаберген жыраудың мазары, Қарасай мен Ағынтай батырлардың кесенесі, тағыда басқа атақты тұлғалардың ата қонысы, мәңгілік мекені жайлы біле алды. Тағы бір айта кететін жайт, бүгінгі күні өнерімен, еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген тұлғалар жайлы да сөз қозғалды. Еліміздің спортшылары да азаттықтың ақ туын асқақтауға қосып жүрген үлесі әңгіме арқауына айналды.

Мектептегі пәндерден бөлек үйірме сабақтарының да оқушыларға берері мол. «Үйірме» деген сөздің өзі оқушылардың өздігінен орындайтын іс-әрекеті екені мәлім.

Мектебімізде де сабақтан тыс уақытта үйірме сабақтары жүргізілуде.

Үйірме сабақтарының мақсаты: оқушылардың білімін тереңдету, қабілетін дамыту, шығармашылық қызығушылықтары мен бейімділіктерін қанағаттандыру, қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру.Мектебімізде балаларға арналған бірнеше үйірме жұмыс істеуін бастады.Бүгінгі күні үйірменің ашылуы Замандас қоғамдық қоры ұйымымен бірлесе балаларға үйірменің ашылуына жақсы көңіл-күй сыйлады.

23 тамыз және 9 қыркүйек күндері аралығында «Абайлаңыз- балалар!» атты профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Жаңа оқу жылы басында оқушылардың мектепке бару жолында жүргізушілердің жол ережесінде абай болу керектігі ескеріледі.Басты мақсаты – жол-көлік жарақаттануының алдын алу және жол-көлік оқиғалары құрбандарын бүкіл әлемдік еске алу күніне арналған.
Ұлттық халық санағынан онлайн өте аласыз.

Президент жанындағы реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің шешімі бойынша ұлттық санақ ағымдағы 2021 жылы өткізілуде.Ауқымды іс-қимыл сыни түсініктер береді, соның ішінде

халықтың нақты саны,

жас құрамы,

жыныстық құрамы,

урбанизация дәрежесі,

тексерілген, негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті басқа ақпарат.

Халық санағының күндері. Онлайн санағын 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастау туралы шешім қабылданды. Ол 15 қазанға дейін kzsanaq.gov. сайтында жұмыс істейді.

Сайтқа кіру тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Азаматтар, орналасқан жеріне қарамастан, виртуалды көмекшінің көмегімен санақты өздері және отбасы мүшелері үшін сауалнамалар толтыру арқылы дербес аяқтай алады. Дәстүрлі үздіксіз санақ онлайн-санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, 2021 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін жүргізілетін болады.

Жасөспірімдер арасында "AULA LIGASY" атты Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастырылған өткен футбол ойынынан 3ші орын алған мектеп командасын құттықтаймыз! Жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі Нурпеисов Женис.

«№64 мектеп-лицейі»

Тілдер мерекесіне арналған ісшаралардың қорытындысы туралы

МӘЛІМЕТ

№64 мектеп-лицейінде 6 қыркүйек күні Тіл мерекесіне арналған жоспарға сәйкес қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ондыбаева А.К. ұйымдастыруымен қазақ әліпбиінің негізін қалаған тарихи тұлға Ахмет Байтұрсыновқа арналған «Sòz – zerde» квест ойыны 11 сыныптар арасында өткізілді. Ісшараның мақсаты – қазақ әліпбиінің атасы, ұлт ұстазы ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан терең түсінік бере отырып, оқушы білімін саралау, тіл біліміне деген ынтасын арттыру. Ойын шарттары бойынша ойыншылар 5 аялдамаға өтіп, әр аялдамадағы тапсырмаларды орындады.

АЯЛДАМА –СҰРАҚ – ЖАУАП

АЯЛДАМА – ЖАСЫРЫН ӨЛЕҢ

АЯЛДАМА- ҚАТЕ САНДЫ АНЫҚТА

АЯЛДАМА- АДАСҚАН СӨЗДЕР

АЯЛДАМА- ЖАЛҒАСЫН ТАП

« Sòz – zerde» квест ойынында оқушылар ұлы тұлғаны танытуда зерделі білімдерін көрсетіп, дайындықтарының өте жоғары деңгейде екенін дәлелдеді. Нәтижесінде 11 Б сынып оқушылары жеңіске жетті.

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!

1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі!1 қыркүйек – әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын , жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн.

Тіл - тек қана қатынас құралы ғана емес, тұтас бір халықтың өмір сүруінің кепілі, мемлекеттілігің негізі, ұрпағыңның алтын арқауы. Сондықтан тіл үшін болған күрес ешқашан тоқтаған емес. Өз тілінің қадірі мен қасиетін танып, өзге тілді игеру мен білудің кімге де зияны жоқ.
Алдағы тіл мерекесіне орай #78 мектеп-гимназиясында "Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздіктің тірегі" атты іс-шара өтті. Бұл шараға қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бірлестіктері мұрындық болды. Оқушыларды негіз еткен, қойылымдар қойылып, Тәуелсіздікке тәу етер өлеңдер оқылып, күмбірлі күйлер орындалды. Тілге құрмет қашанда биік болмақ керек. #Тілдер#мерекесі
1-11 сыныптарында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағаты өтті.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны