Нұр-Сұлтан қаласы №29 орта мектебі 10.09.2021-15.09.2021аралығында, «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында іс-шара өткізілді. 1-11сынып оқушылары Отбасы күніне орай видео- презинтация жасап, ғаламтор, инстограм желісіне жұмыстары салынды
"Тәуелсіздік жетістіктері" атты оқушыларға сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың бойында отан сүйгіштік сезім ұялату, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктермен таныстыру. Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата- бабаларымыздың ерлігін паш ету, бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егеменді даму туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау. Оқушыларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Бүгін 18.09.2021ж. Бүкіл әлемдік тазалық күніне және "Бірге-таза Қазақстан!" республикалық экобастамасына арналған жалпықалалық сенбілік өтті. Мектебіміздің ауласына тазалық жүргізілді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар",- деген мақалға сүйене отырып, сенбілікке белсене қатысқан ұстаздарға үлкен рахмет айтамын.
Адам мен табиғат - егіз ұғым. Табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ

1- 11 сынып оқушылар арасында Отбасы күніне, "Отбасы- бақытың кілті" атты сынып сағаты өтті. 1-7 сынып оқушылары қабырға газетін шығарды. 8- 11 сынып оқушылары эссе жазды.

Отбасы - құрмет пен ынтымақтастық, сыйластық пен жарастық орнаған орта. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала.Балаға әлеуметтік- мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру жалпы өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әке - шешенің ең маңызды міндеті. Тәрбиелі болып өсуге берекелі, мерейлі отбасының әсері мол.Сондықтан қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған Отбасымыз аман, шаңырағымыз биік, босағамыз берік болғай.

Отбасы - құрмет пен ынтымақтастық, сыйластық пен жарастық орнаған орта. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала.Балаға әлеуметтік- мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру жалпы өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әке - шешенің ең маңызды міндеті. Тәрбиелі болып өсуге берекелі, мерейлі отбасының әсері мол. Сондықтан қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған Отбасымыз аман, шаңырағымыз биік, босағамыз берік болғай.
Қай заманда да, қай ғасырда да тіл үшін күрес - күрестің ең ұлысы. Өйткені тіл мәселесі бір халықтың тұтас тағырын шешетін негізгі түйін. Сондықтан тілді рух, тілді тірі болмыс деп қарастырады. Тілсіз халық, жоғалған халық. Тәуелсіздіктің бүгінгі хал-қадірін ұғыну үшін де оның негізгі тірегі болған ана тілімізді ардақтау бәріміздің ортақ парызымыз. Осы мақсатта 17.09.2021ж. 78 мектеп-гимназиясында "Тіл үшін күрес - күрестің ең ұлысы" атты шағын танымдық кеш өтті. Кеш қонақтары - "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын, "Әдебиет порталының" әдеби шолушысы, дарынды журналист Арман Шеризат пен Республикалық, Халықаралық айтыстардың жүлдегері Тоба Өтепбаев оқушылармен еркін сұхбаттасты. Тұжырымды ой айтылған бұл кештің оқушылар өміріне өз әсері болатынына сеніміміз мол. Өткізген пән мұғалімдері:

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ

Тіл - тек қана қатынас құралы ғана емес, тұтас бір халықтың өмір сүруінің кепілі, мемлекеттілігің негізі, ұрпағыңның алтын арқауы. Сондықтан тіл үшін болған күрес ешқашан тоқтаған емес. Өз тілінің қадірі мен қасиетін танып, өзге тілді игеру мен білудің кімге де зияны жоқ.

Алдағы тіл мерекесіне орай #78 мектеп-гимназиясында "Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздіктің тірегі" атты іс-шара өтті. Бұл шараға қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бірлестіктері мұрындық болды. Оқушыларды негіз еткен, қойылымдар қойылып, Тәуелсіздікке тәу етер өлеңдер оқылып, күмбірлі күйлер орындалды. Тілге құрмет қашанда биік болмақ керек.

15 қыркүйекте елордалық №35 мектеп-лицейінде Халықаралық отбасы Күніне арналған сынып сағаты өтті. Жыл сайын бүкіл әлем маңызды күнді - Отбасы күнін атап өтеді. Отбасы - бұл бір-біріне жақын және де қымбатты адамдар, біз жақсы көретін, біз үлгі алатын, қамқорлық жасайтын, жақсылық пен бақыт тілейтін адамдар. Біз отбасында сүйіспеншілікті, қамқорлықты, жауапкершілікті және сыйластықты үйренеміз.
6 «А» сыныбында сынып жетекшісі Какимов Бауыржан Аскарович отбасының әрбір азаматтың өміріндегі маңызы туралы айтты. Отбасына деген сүйіспеншілік пен сыйластықты, айналамыздағы әлемге мейірімді, қамқор көзқарасты тәрбиелеу қажет. Балаларда отбасына барлық жағынан көмектесуге деген ұмтылысты қалыптастыру, баланың жауапкершілік сезімін ояту және отбасына деген қамқорлықты тәрбиелеу.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны