Сіздерді кәсіби «Ұстаздар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта берсін! Осындай мерейлі сәтте, еңбетеріңізге толағай табыстар мен биік шыңдарға жете берулеріңізге тілектеспін!

Қырқүйектің 29-30 күндері Нұр-Сұлтан қаласында, каратэ-до WKF-тен «Nur-Sultan CUP 2021» бірінші республикалық жарысы өтті.

№27 мектеп-лицейінде 2021 жылдың 20-24 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тілі бірдің - тілегі бір» атты тілдер апталығы аталып өтті. Апталықтың мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту.

Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары оқушыларға мемлекеттік тілдің және орыс, ағылшын тілдерінің, қоғамдағы үштілділік саясатының маңызын, бірнеше тілді қатар игеру арқылы туған жерімізді сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуші білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.

Бірлестік жетекшілері Сердалы Т.О. Секерова А.Ж. Садыкова Р.С. ұйымдастыруымен бекітілген жоспар негізінде өткізілген іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.

Осыған орай, мектеп әкімшілігі ұйымдастырушы ұстаздарға және іс – шараларға белсене қатысушы оқушыларға алғыс білдірді.

2021 жылғы 1 қазан күні 8 «Г», 8 «Д» сынып жетекшілері Д. Райымбекова, Б. Қуанбай «Ұстазым, келеді өзіңе ұқсағым» атты сынып сағатын өткізді
2021 жылғы 1 қазан күні 5 «Д», 5 «Б» сынып жетекшілері Қ. Ахан, Л. Ермағанбет «Қарттарым, асыл қазынам!» атты сынып сағатын өткізді
Биыл «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі» байқауы екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Байқауға қала мектептерінің мұғалімдері қатысты
«ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ - ҰЛТ МЕРЕЙІ»
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар, деп басталған «Ұстаздар күні» қарсаңындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейде өткен САЛТАНАТТЫ ҚҰТТЫҚТАУ өткізілді.
Мереке қарсаңында директордың міндетін атқарушы Тулеуова Гүлжан Дәрібайқызы мен мектептің кәсіподақ төрағасының міндетін атқарушы Баймаганбетов Руслан Тлепович педагогикалық ұжымды кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттау рәсімі жасалды.
Әріптестеріміздің осы қиын да, қызықты ұстаздық жолдағы қажырлы еңбектерінің арқасында келген марапаттауларымен шын жүректен құттықтаймыз!
Мектепішілік, «Нұр Отан» партиясы, Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық Әкімдігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы тарапынан берілген марапаттаулар біздің нағыз еңбекқор ұжым екеніміздің белгісіндей. Салтанатты жиынымыздың сәнін келтірген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Әлем» эстрадалық би тобы мен домбырашылар Мұхит Салабеков, Ардақ Тәңірбергеновке алғысымызды білдіреміз.
Барлық ұжымды бүгінгі мереке қарсаңындағы жемісті және жеңісті сәттерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
1.10.2021ж. Мектебіміздің 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен
«Өзін-өзі басқару» күні өтті.
30.09.2021 ж-АСТАНА ДАРЫНЫ

Дарындылықты дамыту психологиялық сүйемелдеу орталығы 11 сынып оқушылары арасында республикалық Президенттік олимпиада өткізді. Олимпиаданың l кезеңі #11 мектеп базасында өтті. Олимпиадаға елордалық 156 оқушы қатысып ең жоғары 20 оқушы іріктеліп алынды. Оның ішінде біздің мектептің 2 оқушымыз да келесі кезеңге жолдама алды.

Олар: Данат Мерей 11г сынып оқушысы , Кенжетаева Назия 11ә сынып оқушысы.

Қыркүйектің 30 күні елордалық №35 мектеп-лицейінде Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларды қоғамның жалпы адамгершілік құндылықтарымен таныстыру. оқушыларды «Ұстаздар күні» мерекесінің тарихымен таныстыру, мұғалім еңбегінің маңыздылығын мойындау және құрметпен қарау,мұғалім мамандығына құрмет сезімін тәрбиелеу

2021 жылғы 30 қыркүйек күні «Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, инклюзивті білім беру» тақырыбында ата-аналармен педагогикалық консилиум өтті
Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі
Бүгін, мектебімізде Білім беруді жаңғырту орталығы мен «Оператор ӨКМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесе отырып «Менің өмірімнің экомектебі» жобасы көшбасшыларының қатысуымен «Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі» атты республикалық деңгейде семинар өткізілді. Семинар барысында ең алдымен қонақтарымызды мектеп аймақтарымен таныстыру мақсатында экскурсия жасалынып, экологиялық ашық сабақ, сынып сағаты, экологиялық қойылым және шебер сынып өткізілді. Семинар қонақтары Экология, геология және табиғатты қорғау ресурстары министрлігінің өкілі Мырзабекова Жұлдыз Еслямбекқызы, «Оператор ӨКМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің стратегиялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Хайрулла Кайраткали Сагынғалиұлы, «Білім беруді жаңғырту орталығының» басшысы Мадеев Сабыржан Маратұлы және қаламыздағы басқа да білім беру ұйымдарының басшылары болды, сонымен қатар Қарағанды, Семей, Теміртау, Петропавл қалаларынан үздік көрсеткіш көрсеткен білім ұйымдарының басшыларды да онлайн форматта қатысты.
Осы орайда мектебіміз «ЭкоАсар – игі істер науқанында» үздік көрсеткіш көрсетіп, I ДӘРЕЖЕЛІ Дипломмен және гринэйктер кітаптарымен марапатталды. Аталмыш науқанда оқушылар, мұғалімдер және ата-аналарымыздың бірлескен еңбегінің нәтижесінде 2698 ұпайға ие болдық. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Барша атсалысқан әрістестерімізге үлкен алғысымызды білдіріп, ары қарай шығармашылық табыстар тілейміз!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны