Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында елордада «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ұранымен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық слёты басталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті декадасы аясында Базылғаламова С.Б мен Ғылым С. «Тіл өшеді демеңдер, тіл өлмейді...»

атты дөңгелек үстел өткізді.

Мектепшілік кезең “Әдебиет әліппесі” оқулары 2-4 сыныптар арасында 27 қыркүйек күні ұйымдастырылды.
“Әдебиет әліппесі” оқуларының мақсаты: мектеп оқушыларының қиялын , эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, халық шығармашылығын құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Шығармашылық қабілетін арттыру, әдеби тіл байлығы , көркемсөз оқу шеберлігін ұштау.
2021 жылдың 27 қыркүйек күні ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізілді.

8-11 сыныптар арасында "Жемқорлыққа жол жоқ" тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: "Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.

Қоғамдағы көкейтесті мәселе болып, өзек жарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық - ел ішіне білінбей кірген індет, жау. Ал біздің осы жауға қарсы қолданар қаруымыз - қоғам. «Қоғам - өмірдің айнасы» дейміз. Айналамыз таза болса, өзіміздің әсемдігіміз еріксіз байқалады. Сондықтан да оқушылар бойына осы бастан жемқорлыққа жол жоқтығын түсіндіру міндетіміз. Өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әр азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Ол әр азаматтың басты парызы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру,оны насихаттау ісі де ұшан-теңіз септігін тигізеді.

Ол үшін кез келген адам санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.

08.10.2021 ж Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның "Жасұлан" ұйымының Ұланбасының ұлықтау рәсімі өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында елордада «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ұранымен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық слёты басталды.
Ыбырай Алтынсарин- ұлы тұлға
Қазан айының 7 күні М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ж.С. Маманованың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиетінің жас мамандарына арналған "Жас маман - білім беруді жаңғыртудың негізгі тұлғасы" тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ильясова Л.Б. қатысып, тәлімгерліктің тәлім алушыға ықпалы туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Жас мамандарға кәсіби қызметті ұйымдастыру бойынша бағыт- бағдар, жүйелі жұмыс жоспары көрсетілді. Мектебіміздегі "Жас мамандар мектебінің" жұмысымен таныстырып, шығармашылық ынтымақтастықтың кәсіби қызметті жақсартатын бірден-бір тиімді жолы екендігін жеткізді.

«Есірткіге –жол жоқ!» Сынып сағаты 9-11 сыныптар арасында өткізілді

Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа, баулу болып табылады.

21 ғасыр білікті емес білімдінің заманы екен бәрімізге мәлім. Біліммен көптеген белестерді бағындырып, талай жетістікке жетуге болады. Білімді көптеген бағытта шыңдау қазіргі жастардың басты арманы. Біздің елде бұл мүмкіндік бар. Спорт, білім, ғылым қазіргі замманың басты приоритеті. Осы мақсатта, біз мектеп оқушылар арасында «Кубик рубик» уақытқа житнау сайысын өткіздік. Сайысқа мектеп 1-11 сынып оқушылары толық қатысты. Жарыс 3 категорияға бөліп ұйымдастырылды. Яғни бастауыш сынып оқушылары бөлек, 5-7 сынып оқушылары және 8-11 сынып оқушылары бөлек. Сайысты ұйымдастыруды «Жас ұлан» ұйымының мүшелері толық мойына алды. Жарыс 2 күн бойы өткізіліп, ең жылдам, ең мықты деген оқушылар таңдалып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Бастауыш сынып оқушылар арасында ең үздік уақыт 25 секунд, 5-7 сыныптар арасында 22 секунд, 8-11 сыныптар арасында 32 секундты құрады.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны