Бүкіләлемдік тазалық күнінің мақсаты-қоршаған ортаны қорғау, тазалық сақтау. Сондықтан тазалық күніне «Жасұлан» ұйымының мүшелері мектеп ауласына ағаштар отырғызып, іс- шараға белсенді қатысты. Мектеп ауласында, таза ауада, мектеп ұжымы да өз үлестерін қосып, жұмыла кірісті. Мектеп ауласына ағаш көшеттерін әкеліп отырғызды. "Тазалық-денсаулық кепілі" - екенін әрбір қазақстандық жауапкершілікпен қабылдауы керек.

Бахтияров Асар Ғалымжанұлы 2004 жылы 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. Балабақша қабырғасында болмаса да өте алғыр əрі ақылды болды. Анасының көмегімен мектепке дейін жазуды, оқуды меңгеріп барды. Өзі сурет салуға құмар-тын. Ой-қиялынан түрлі суреттер салып, түр-түсін де шебер келтіріп бояйтын. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен айналысуды кішкене күнінен жанына серік етті. Ол №29 орта мектебінің үздік оқушылары қатарынан. Барлық сабақты ынта-ықыласымен оқып, ұстаздарының мақтанышы, сыныптастарының адал досы болып, əрдайым көмектесуге дайын жүреді.

16 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№38 мектеп-лицей» КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен дене шынықтыру пән мұғалімі Шияқов Серик Казтаевич баскетболдан 8-сынып оқушылары арасында мектепішілік жарыс өткізді. Жарысқа сынып ұлдарынан жеке команда жинақтады. Кездесулер өте тартысты, қызықты өтті. Ойынға әділ және білікті төрелік еткен мектеп-лицейіміздің дене шынықтыру пән мұғалімі Кубышев Азамат. Төрешіліктен тәжірибе жинау мақсатында, дайындығы жоғары оқушылар қатарынан төрешінің көмекшілері тағайындалды. Жарыстың қорытындысы бойынша жүлдегер командалар мен түрлі номинация жеңімпаздары марапатталды. I, II, III орындар 8 «Ғ», 8 «Е» және 8 «Г» сыныптардың командаларына берілді. «Жеңіске деген жігер үшін» - Шакен Елнар, «Үздік орталық ойыншы» - Ербол Санжар , «Үздік капитан» - Аманкелді Мирас, «Үздік доп таратушы» - Абдрахымов Алихан, «Үздік қарғаушы» - Мурзагулов Темірлан, «Үздік техника» мен «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша - Берден Нұрсұлтан марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша, 12-13 жас аралығында өткен каратэ байқауында А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің 7 «А» сынып оқушысы Пралиева Ақмаржан 1-ші орынды иеленді.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған волейбол жарысында мектебіміздің командасы, қалалық кубокта 1-ші орын иеленді.

Мектебіміздің волейбол командасын жеңісімен құттықтаймыз!

"Демеу" орталығының психологы Баймухаметова Резеда Салимжановна ата-аналарға мәселелер туындаған жағдайда психологиялық консультацияны тегін, анонимді жүргізеді. Байланыс телефоны: 87773379313, 87779017713.
14.10.2021 күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасының қолдауымен мектептің 8, 9, 10 сынып оқушылары Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ-музыкалық-драма театрына барды. Бұл күні мектеп оқушылары үшін С.Тұрғынбекұлының “Шәмші” элегиясы сахналанды.
⠀⠀ «Вальс королі» атанған ұлы композитордың ішкі жан дүниесін элегия авторлары ән арқылы жеткізуді мақсат еткен. Спектакльде Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ маңдайлым», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең...», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Теріскей», «Менің Қазақстаным» (Әнұран) әндері мен Естайдың «Құсни-Қорлан», А.Жұмашевтың «Аққу дастан» әндері орындалды. Сахна, хореография, бәрі үйлесімді қосылған біртұтас ұжымдық қойылым болды.
⠀⠀ Қойылымнан кейін оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, тілектерін білдірді.
№38 мектеп-лицейде «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс жасайды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Валиханов Ерсын Чоханович. Клуб мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларында белсенділік танытады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастырып бас қасында болады. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және адамгершілік сезімдері еңбексүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені үлгі етілді.
№38 мектеп-лицейдің «Адал ұрпақ» жылдық жоспар негізінде тақырыптық адалдық сағаттары өткізіледі. Адалдық сағатының мақсаты – оқушыларға адамның басты құндылықтары – адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім туралы ұғындыру, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны