Елордалық № 35 мектеп-лицейі "Зияткерлік ұрпақ" жобасы аясындағы іс-шараларға қатысуда. 22 қазан күні мектептің акт залында қоғам белсендісі, "Қарашаңырақ" жобасының авторы Тұрар Саттарқызымен кездесу өтті. Тұрар Саттарқызы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясы астаналық филиалы жанындағы "Мирас" кеңесінің мүшесі болып табылады. Тұрар Саттарқызы 8-сынып оқушыларымен әңгімелесті. Кездесу барысында қоғам белсендісі жастар заманауи және білімді болуы керек деген пікірімен бөлісті. Кездесу барысында 8 сынып оқушылары сахналық қойылымдар қойды.
22 қазан күні Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасы аясында Педагогикалық өлшемдер орталығы өткізген халықаралық үшінші дөңгелек үстеліне А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейден қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Капшаева Гүлшат Аблашқызы қатысып, тәжірибесімен бөлісті. Өзін-өзі бағалау және кері байланыс арқылы оқу материалын терең меңгеруге ықпал ететін бағалау туралы сөз қозғады.
Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелері педагогтары мен психологтары арасында 2021 жылғы 18-19 қазан күндері республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.

Атап айтсақ, «Географиялық қабықтар» тақырыбында тапсырмалар берілді. Мәселен, викторина, сканворд, кроссворд, ойлан тап, кескін картамен жұмыс, 4 сурет 1 сөз ойындары сондай-ақ, 8-сыныптар аралығында «Оңтүстік жарты шар эндемиктері» тақырыбында сурет сайысы өткізілді. Оқушылар сурет салып қана қоймай, арнайы QR-кодтарды сканерлеп, жануарлар туралы қызықты мәліметтер мен бейнероликтерді тамашалады. Оқушылар сайыстарға белсенді қатысып, географияға деген қызығушылықтарын көрсетті.

2021–2022 оқу жылындағы Нұр-Сұлтан қаласы әскери-спорттық ойындарының күнтізбелік жоспары бойынша 15.10.2021 ж. қала мектептерінің 10-11сынып оқушылары және колледж студенттері арасындағы «Спорт гранатаны қашықтыққа лақтыру» атты қала біріншілігі өткізілді.
Кәмелет жасқа толмаған оқушылар кешкі 22:00 - 06:00 ойын-сауық мекемелеріне және 23:00-06:00 үйден шығуға тыйым салынады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті ұйымдастырумен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы "Адал ұрпақ" қалалық еріктілер мектеп клубы арасында өткен мектепаралық "Тик-ток" түсіру байқауы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» әдіскерлері әдістемелік көмек көрсету үшін №45 орта мектепке келді

Қазан айының 15 күні Нұр- Сұлтан қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп- гимназиясында «І қалалық Сакен оқулары» сайысы өтті. Бұл сайыс қалалық «Астана Дарыны» орталығымен, Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай ұжымымен, Сәкен Сейфуллин атындағы мектептің ұйымдастыруымен өткізілді. Байқау өте жоғары деңгейде, карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілді. № 38 мектеп –лицейдің қатысушы оқушылары қаланың 56 мектебінің ішінен үздік деп танылып жүлделі орындарға ие болды.

Мектебімізде 18.10.21-22.10.21 аралығында «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ» тақырыбында өткізілетін география, биология және химия пәндер апталығының жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқу клубында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей 10 "ә"сыныбында М. Әуезовтің "Абай жолы" романының 1-томын оқып жатырмыз. Оқуға құштар балалар мен ынтымағы жарасқан ата -аналармен бірлесе кітап оқу бір ғанибет.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны