Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлына арналған " Тарихта мәңгі өшпейтін ізі қалған" атты I - ші Қалалық мүшәйра өтті. Мүшәйраның басты мақсаты- қысқа ғана ғұмырында ұлттық мемлекеттік мүдде тартысына ерте араласып, артына мол мұра қалдырып, мемлекеттің нығаюы жолында сүбелі еңбек еткен, ерекше құбылыс болып, қазақ аспанынан аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан асыл азаматтың ұлы есімін ұрпақтар санасына жеткізу. Бұл мүшәйра Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты барлық жалпы білім беру оқу орындарының 8- 11 сынып оқушылары қатысты. Мектептерге алдын - ала мүшәйра ережесін жіберген болатынбыз. Көптеген мектептерден сұраныс түсті. Алғашқы іріктеуден өткен талантты оқушыларды ғана шақырдық. # 62 МЛ, 63 МГ, 69 МЛ, 70 МЛ, 76 МЛ, 80 МГ, 90 МГ, 78 МГ оқушылары қатысты. Мүшәйраға келіп түскен оқушылардың жырлары сұрыпталды. Бұл мүшәйра биыл бастау алған мектепте жыл сайын осы уақытта өткізілетін дәстүрлі "С.Сәдуақасұлы" мүшәйрасы болып жалғасын таппақ. Смағұл рухына арналған жырды тыңдап, жүректерге жылылық сыйлады. 90 МГ оқушысы, Оралбек Биназир бас жүлдені алса, I- дәрежелі дипломмен, Қайратұлы Абылай 76 мектеп - лицей оқушысы, II дәрежелі дипломмен, Мейірхан Нұржалғас 69 МГ, II дәрежелі дипломмен мектебіміздің оқушысы, Тастан Мәншүк, III дәрежелі дипломмен Жеңісбай Аружан 63 МГ, Серік Мерей 80 МГ III дәрежелі дипломмен, 70 МЛ оқушысы, Қуандықова Аяулым III дәрежелі дипломмен марапатталды. Қалибек Бақдәулет 62 МЛ оқушысы, Мағзұм Мәруа, Зинадин Шұғыла алғыс хат берілді. Барлық оқушылар, Абай Құнанбаевтың қара сөздері жинағын сыйлыққа алды, және қазақ тілі бірлестігінің арнайы тапсырыспен мектеп атауымен жасалған қолжазба кітапшасы да сыйға тартылды. Келген қонақтар мен оқушылар қазақ тілі бірлестігіне үлкен алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Әділқазы құрамында Республикалық айтыстардың жүлдегері, ақын Өтепбаев Тоба және Республикалық жыр байқауының бірнеше рет жеңімпазы мектебіміздің ақын ұстазы Мұқият Қойшыбай, Мектебіміздің ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдикадырова Гулиза Сарсембевна.

#ҚазақстанРеспубликасыТәуелсіздігініңЗ0жылдығыСмағұлСәдуақасұлыайлығықазақтілібірлестігі2021ж.

№38 мектеп-лицейде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп тарихшылары Ерсін Шоқанұлы мен Әйгерім Нұргелдіқызы "Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы" атты Желтоқсан оқиғасының куәгерлері: Баян Алиевна, Алибек Окапович, Баян Рамазановна, Бауыржан Окташевич, Гулден Канафияновна мен Алдаберген Бауыржан ағалармен сыр-сұхбат өткізді. Кездесу соңында оқушылар қызықты сұрақтар қойып, 1 жыл, 3 жыл, 5 жылға отбасымен тегін адвокаттық кеңестер алу үшін СЕРТИФИКАТТАРға ие болды.
Нұр-Сұлтан қаласы №83 мектеп-гимназиясында 10 сынып оқушылары арасында дебат сайысы өтті.

Пән апталығында желтоқсан айының 8-і күні мектебіміздің тарихшы мұғалімдері ашық сабақ өткізді

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына, Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығына арналған «Ұстаздың ұлы келбеті- Ыбырай» шығармашылық байқауының «Ыбырай-дана, Ыбырай-дара» атты өлеңдер байқауына өтінім

ББЖО ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Ұлағатты ұстаз" атты қалалық бақаудан тарих пәнінің мұғалімі, Иманбаева Гүлзия Калиевна жүлделі lll орын иеленді.
Физика пәні мұғалімі Пармонова Г. Р.
7"Е"-сынып оқушыдарымен "Таптылыс құбылысы. Салмақ" тақырыбында зерттеу сабағын жүргізуде. Сабақ жоспары айтылым дағдысын дамыту мақсатымен құрылып, "Ойлан, тап", семантикалық карта, эксперимен жасау әдістері нәтижеге жету құралы ретінде алынған.
"Алматы" ауданының әкімдігі ұйымдастыруымен "Мемлекеттілік- ең алдымен тәуелсіздік потриотизм және халықтың рухы" атты аудандық робототехника сайысы бойынша "Кегельринг" ойынында l орын Порман Мейіржан, Асхат Темірлан (жетекшісі: Дәнебеков Мағжан) марапатталды!
Нұр-Сұлтан қаласы №83 мектеп-гимназиясында Тарих апталығы жүріп жатыр. Соған байланысты тарихшы мұғалімдер Сабырқұлова А, Шакенова Г, Рустемова Ф, Керимбекова А, Демисинова А, Кайдарова Диана бастауымен оқушыларымыз «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейіне» саяхат жасап қайтты.
Ел егемендігінің 30 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай біздің мектепте «Желтоқсан – Тәуелсіздік белгісі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі қоғамдық пәндердің 6-15 желтоқсан аралығында өтіп жатқан онкүндіктің барысы
2021 жылдың 6-15 желтоқсан аралығында «Тарих – өткенге сабақ, келешекке–өнеге» атты тақырыпта онкүндік өтіп жатыр. Мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту. Өткен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.

Желтоқсан айының 6 күні 5 «а» сыныбында Рахимжанова Тұрғын Қабидоллақызы «Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру; көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны