2021 жылғы желтоқсанның 24-і күні Нұр-Сұлтан қаласының №3 мектеп-гимназиясында Білімді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үйрену дағдылары арқылы функционалдық сауттылықты қалыптастыру жолдары» тақырыбына қалалық семинар өткізілді

Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінде "Аналар" жобасы жұмыс жасайды. Осы жоба аясында "Жер ананы қадірлейік!" деген тақырыпта 6 "а"сыныбында суреттер байқауы өтті. Мақсаты: оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру; табиғат пен адам арасындағы байланыстың маңыздылығын түсіну. "Жерді ана деп айтатын себебіміз - жерде біз өмір сүреміз. Сондықтан біз жерді - ана деп атаймыз. Біз үшін, "Жер ана - әр халықтың, әр ұлттың кіндік қаны тамып, туып өскен жері.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК бастауыш сынып мұғаліміне конкурсы жарияланады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жаңа жылдық сыйлығы балаларға қуаныш сыйлады.

Бүгін мектебіміздің директоры Күнімбала Ізтөлеуовна және әлеуметтік-педагог Ляззат Галимжановна бастаған топ ұжымы 2020 жаңа жылғы мейрамы қарсаңында көп балалы отбасы мен ерекше күтімді қажет ететін балалардың шаңырағында болды.

24 желтоқсан күні мектебімізде «Қайырымдылық - қадірлі іс» атты қайырымдылық концерті өтті. Концерт Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы оркестрінің орындауында Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйімен басталды. Сондай-ақ, мектеп-лицей директоры Гүлжан Дәрібайқызы қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып, қол ұшын беруге ат салысып жүрген демеушілерге өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, демеушілерге мектеп-лицей директоры мен Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің атынан Алғыс хат табыс етілді. Іс-шара оқушылардың қатысуымен дайындалған концертке ұласты. Осы орайда концертке өз үлесін қосып, өнерлерін көрсеткен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясына, ерекше білімді қажет ететін балалардың пара-каратэден жетекшісі Лиза Максимовнаға, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Бержанова Аделяға және әрбір өнерпазымызға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Биыл карантиндік шектеулерге байланысты білім ұяларында жаңа жылды тойлауға тыйым салынды.

№38 мектеп-лицейінде бүгін ерекше күн. Аяз ата мен Ақшақар оқушыларға қала әкімінің сыйлығын табыстап, келіп жеткен Барыс жылымен құттықтай отырып, оқушыларға оқуда озат болуларын тіледі.Қала әкімінің құттықтау тілегін оқып, сыйлықтарын табыстады. Кішкентай бүлдіршіндеріміз де өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Қала әкіміне деген ізгі тілектерін өлең жолдары, сурет арқылы жеткізіп, ата-аналар Нұр-Сұлтан қаласы әкіміне, Білім Басқармасына, №38 мектеп-лицей ұжымына осындай шараны ұйымдастырып, балаларына ерекше көңіл-күй сыйлағандары үшін өз ризашылықтарын білдірді.

24.12.2021 күні мектебіміздің оқушылары Амантай Әсет пен Бота Мөлдір Президент шыршасына қатысты. Аяз Ата мен Ақшақар балаларды Жаңа Жылымен құттықтады. Келген қоңақтарға оқушылар өз өлең шумақтарын арнады. Жаңа Жыл құтты болсын!

Сыйлықтар табыс етілді

2021 жыл Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей үшін жақсы жаңалықпен аяқталуда. 10-сынып лицейінің оқушылары Негметова Анель, Амангелді Ақбота Елбасының қола медалімен марапатталды. Тиісті деңгейдегі тапсырмаларды абыроймен орындаған қыздар өздерінің жауапкершілігін, жеңіске деген жігерін, бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.

Бәрекелді! Жарайсыздар! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!! Сынып жетекшісі Ахметова Ғайния Сандыбаевнаның жан дүниесі қуаныш пен мақтаныш сезіміне толы. Шәкірттерінің жеңістерін көру, өз еңбегінің жемісін сезіну – нағыз ұстаз үшін үлкен бақыт.

Құрметті біздің оқушыларымыз, біз сіздерден жаңа жетістіктер күтеміз! Барлығы өз қолдарыңызда! Болашақ бүгіннен басталады!

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны