04.02.2022 күні мектебімізде ашылған "Спорттық-балдық би" үйірмесінің презентациясы өтті

04 ақпан күні мектебіміздің 4 «А» сыныбында «Батылдық пен табандылық» атты тақырыпта өткізілген ашық сабақ өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік құрылымын сақтай отырып, балаларды белсенді іс-әрекетке жұмылдырып жоғары деңгейде өтті. Мұғалім сабақ барысында техникалық құралдарды қолдана отырып тақырыпты жан-жақты ашып, бүлдіршіндердің көкірегін құндылықтармен толтыра білді. Батылдық, өжеттік, адалдық қасиеттерін сабақтың әр кезеңінде аша отырып, балаларды батыр ата, апаларымыздың рухымен сусындатты.

04 ақпан күні мектебіміздің 5 «Ә» сыныбында «Адам ұжымда» атты тақырыпта өткізілген ашық сабақ өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік құрылымын сақтай отырып, балаларды белсенді іс-әрекетке жұмылдырып жоғары деңгейде өтті.

Балалар дәйексөзді талдап, мұғалім сыйын тыңдап, одан әрі шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы ұжымда сыйластық, сыпайылықты сақтап, адалдықпен өмірсүру керектігін жүректерімен сезініп жақсы әсерленді.

Сабаққа қатысқан мұғалімдердің арсынан ардагер ұстазымыз Ахметқалиева Мара Жамбылқызы сабақтың соңында балаларға жақсы тілегі мен қоса мақтау айтып, қанаттандырып сабақты тәмәмдады.

Астана Дарын " дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен 2-4 сыныптар арасында Зерде зерттеу жұмысының қорытындысы.

МӘУЛЕНОВ МҰРАГЕРЛЕРІ

Бүгін, 4 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі мен Қостанай қаласы Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясы арасында Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында республикалық деңгейде «МӘУЛЕНОВ МҰРАГЕРЛЕРІ» атты телекөпір өткізілді. Телекөпір барысында №37 мектеп-лицей директоры Гульжан Дарибаевна мектеп тынысымен және мерейтой қарсаңындағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Р.Баймағанбетов "Сырбайтану" курсы тақырыбы аясында баяндама жасаса, мұражай жетекшісі Ғ.Ахметова "Мәуленов мұражайы" жобасы негізінде мектептің киелі орнымен таныстырып шықты. Ал Қостанай қаласындағы Сырбай Мәуленов есімі берілген мектеп-гимназиясы талантты әрі дарынды шәкірттердің тәрбиеленіп, білім алып жатқандығы туралы мақтана айтты. Сонымен қатар мектеп мұражайына саяхаттап, ақынның өмір жолына тағы да бір шолу жасалды. Қостанай қаласында орналасқан мектеп-гимназиясымен ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жасалатын жұмыстарымыз өз жалғасын табатын болады.

3 ақпан күні № 70 мектеп-лицей базасында 2-7 сынып оқушыларына арналған ұлттық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қалалық кезеңінде мектебімізден 4 «Б» сынып оқушысы –Бота Мөлдір мен 4 «Д» сыныбынан Бектасқызы Аружан қатысты. Жас зерттеушілеріміз әділ қазылар алдында өздерінің ғылыми жобаларын қорғап, 4 «Б» сынып оқушысы Бота Мөлдір жүлделі 2 орынды жеңіп алды, сынып жетекшісі Ахметкалиева Мара Жамбыловна.

4 «Д» сынып оқушысы Бектасқызы Аружан грамота иеленді, сынып жетекшісі Абденова Қарлығаш. Конкурс оқушылардың қабілетін дамыту мақсатында өтті. Жобаларды қорғау жұмыстары тікелей эфир арқылы көрсетілді. Бота Мөлдір мен Бектасқызы Аружанға сәттілік тілейміз!

03 ақпан күні мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары арасында «Абай насихаттаған ақиқат білім» тақырыбындағы пікір алысу өтті. Осы шарада оқушылар арасында Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасына қатысты адамның рухани болмысы туралы сөз қозғалды. Нақтылап айтар болсақ ақыл, қайрат, жүрек мәселелері туралы айтылды. Ақыл мен жүрек туралы әлемдік деңгейдегі басқа да ғұлама ғалымдардың айтқандары сөз етілді. Соның ішінде түрік оқымыстысы О.Н.Топпаш, Ә.Рудаки, Нұртуған Кенжеғұлұлы сынды данышпандардың жүрек туралы, жүректің рухани мәні туралы айтқандары салыстырмалы түрде талқыланды.

"Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында математика, химия, физика пәндерінен ЮНИОР жасөспірімдер олимпиада l (аудандық) кезеңінен оқушылар орын алды.
Нұр-Сұлтан қаласы №48 мектеп-лицей рухани-адамгершілік білім беруге арналған кітаптардың көрмесін ұйымдастыра отырып, оқушыларға жақсылық жасауға, жанашырлық пен мейірімділік танытуға, адамдарға махаббат пен қуаныш сыйлауға байланысты шағын бейнебаян ұсынылды.

02.02.2022ж. 9 сынып оқушылары арасында "Жетістікке жету өз қолыңда" тақырыбында тренинг өткізілді.

«Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есептерді салыстыру» тақырыбында 4«Ә» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны