Меню KDT

Новости

Главная Новости

03.12.2021

«Тәуелсіз елім тірегім, Самғауыңды тіледім»

Нұр-Сұлтан қаласы №83 мектеп-гимназиясында 03.12.2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналаған «Тәуелсіз елім тірегім, Самғауыңды тіледім» атты Тарих апталығының ашылу салтанаты өтті.

03.12.2021

«Білім алушы ұйым ретіндегі мектеп: бірге үйренеміз» атты ІІ Аймақаралық онлайн форумы өтті.

2021 жылдың 3 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жетекші мектептерінің «Білім алушы ұйым ретіндегі мектеп:бірге үйренеміз» атты ІІ Аймақаралық онлайн форумы өткізілді. Форумның мақсаты: жетекші мектептердің өз бетінше білім алатын кәсіби қоғамдастық ретінде жұмыс істеу тәжірибесімен алмасу үшін диалог алаңы және жаңа білімді құру тетіктерін анықтау. Форумға А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі «Жетекші мектеп- өзін-өзі оқытатын кәсіби қауымдастық ретінде» постерлік бейнепрезентация галереясына қатысты. Жетекші мектеп жұмысын ұйымдастыруда мектеп директорының  бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Қ.И.Ибраймова бейнепрезентация ұсынып, таныстырды. Форум қорытындысында «Үздік педагогикалық идеямен жасалған бейнепрезентация» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталды.

03.12.2021

Құттықтаймыз!

Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің шығармашылық белсенділіктерін арттыру мен мұғалімдердің қашықтан сабақ беру кәсіби деңгейінің өсуі мен әдістемелік шеберлігін байқау мақсатында қалалық сырттай  «Үздік онлайн сабақ» байқауы  өтті. Байқауға А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейден ағылшын тілі пәні мұғалімі Нанаева Айгүл Шумкарбековна қатысып, жүлделі 2 орын иеленді. Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз!

03.12.2021

Үздік психолог

2021 жылдың қараша айының 11-12 күндері аралығында  «Астана дарыны» ДДжПСО ұйымдастырумен шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында «Үздік жыл психологі»  конкурсы  өткізілді.

03.12.2021

03.12. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-лицейінде «64-те қонақта» жобасы аясында «Тәуелсіздіктің – 30 жылдық» мерекесіне орай «Алаш идеясы-тәуелсіздік бастауы» атты тарихи танымдық кездесу кеші өтті.

03.12. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-лицейінде «64-те қонақта» жобасы аясында «Тәуелсіздіктің – 30 жылдық» мерекесіне орай «Алаш идеясы-тәуелсіздік бастауы» атты тарихи танымдық кездесу кеші өтті. Мектебіміздегі театр үйірмесі оқушыларының қатысуымен «Алаш зиялылары» атты тарихи қойылыммен басталды. Кешіміздің құрметті қонағы ЕҰУ-нің оқытушысы, Алаш танушы ғалым Ильясова Күлпаш Мырзамұратқызы болды. Кешке 8-сынып оқушылары және ұстаздар қатысты. Тарихи танымы мол кешіміздегі ғалыммен болған сыр-сұхбат оқушыларымыздың ұлттық сана сезімін оятуға, елжандылыққа баулуға, тарихқа деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізді. Күлпаш Мырзамұратқызы Алаш «ақтаңдақтарын» қазіргі өмірмен байланыстырып, тарих қойнауынан сыр шертті. Оқушылар қонағымызға сұрақтар қойды, өз пікірлерімен бөлісіп, кездесуден мол әсер алды. Кеш соңы «Егеменді Қазақстан» атты әсем әнмен жалғасты.

03.12.2021

«Дені саудың-жаны сау»

Нұр-Сұлтан қаласы №29 орта мектеп ұстаздары арасында 27.11.21 күні ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Дені саудың-жаны сау» атты тақырыбында спорттық жарыс өткізілді.

03.12.2021

"Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері" атты қолөнер көрмесі

Тұңғыш Президент күніне орай №60 мектеп-лицейінің 5-6 сынып оқушылары "Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері" атты қолөнер көрмесіне қатысты. Көрме экспонаттары қаланың рәміздерін бейнелейді. Жұмыстар сүйіспеншілікпен және шығармашылықпен  орындалған.

02.12.2021

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Биылғы жылы елімізде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап — Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді. Осыған орай қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, қоғамтанушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Орталық жасөспірімдер және балалар кітапханасы қалалық «Кел, балалар, оқылық» атты оқуын өткізді.

Байқаудың мақсаты:

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, түсінік беру, оқушылардың ақпараттық -құзіреттіліктерін кеңейту.

Міндеттері:

• Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту
және тіл шеберлігін ұғындыру;
• Оқушыларды шығармашылық әрекетке тарту, олардың танымдық
қызығушылықтарға ынталандыру;
• Тың тақырыпқа эссе жаздыру арқылы оқушылардың ой өрісін кеңейту
шығармашылық қабілеттерін шыңдау;

«Кел, балалар, оқылық» атты оқуларына онлайн бейне байқауына қатысып №42 орта мектебінің 1 «Ә» сынып оқушысы Куренбаева Арай «Бала тілі – бал» атты номинациясын жеңіп алды. Жетекшісі: Әбуова Айгүл Әбітайқызы

02.12.2021

Инклюзивті білім беру ұжымының ұйымдастыруымен

«Инклюзивті білім берудегі түзете-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты-ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Іс-шара барысында инклюзия жайлы толық ақпарат беріліп, дефектолог және логопед мамандарының ата-аналар мен ұстаздарға арналған ұсыныстарымен ой бөлісті.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны