PISA бағдарламасы міндетті білім алуды аяқтаудың алдында тұрған оқушылардың қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін қажетті белгілі бір білім мен машықтар жиынтығын қаншалықты жақсы меңгергенін бағалауды көздейді. Басқаша айтқанда, оқушылардың ересек өмірге араласуға дайындық дәрежесі бағаланады.PISA тесті «Оқушылар мен студенттер қазіргі заманғы қоғамда еңбек ету үшін қаншалықты білімге ие?» деген негізгі сұраққа жауап береді. PISA білім алушылардың академиялық білімін емес, оларды қолдану тәжірибесін зерттейді.
№38 мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару ұйымының "Асыл" командасы , Наурызбек Малика мен Жумаева Арайлым , жетекшісі : Нұргүл Жанатқызы "Ұшқыр ой алаңы" @ns_ushqyroi қалалық пікірсайыс турниріне қатысып , белсенділіктерін көрсетті.
Турнирге 66 фракция , 132 пікірсайысшы қатысты.
"Астана Дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ұйымдастыруымен жалпы пәндер бойынша 9-11 сынып арасында өткен аудандық олимпиадада үш оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Информатика пәнінен 5 «Г» сыныбында ашық сабақ өтті.

Тақырыбы: «Роботтың сызық бойымен қозғалысы».

Сабақтың мақсаты: Түс датчигін қолдану арқылы роботты құрастырып, оған программаны жүктеуді үйрену. Роботқа маторлар мен датчиктерді жалғауды, EV3-ті қосуды үйрену.

Оқушылар топтарға бөлініп өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берді. LEGO MINDSTORMS EV3 программалау ортасында бір түс датчигін пайдалану арқылы қара сызық бойымен қозғалу программасын жазды. Программаны құрастырып болған соң, роботқа жүктеп тексерді. Сабақтың соңында роботты іске қосып қара сызық сызылған алаңнан қанша уақытта өткенін есептеді.

16.02.2022 күні Нұр–Сұлтан қаласының А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде Жаратылыстану онкүндігі аясында 10 «Ә» сыныбында химия пәнінен ашық сабақ өтті. №5 – зертханалық жұмысты оқушылар сабақ барысында орындап, галогендерді қорытындылады.

Ақпанның 16-на 7-сыныптар арасында «Ақпараттар әлемі» атты интеллектуалдық ойын сайысын оқушыларға Информатика бірлестігі, «Әлем – нақты пәндер тілімен» атты математика және информатика пәндер апталығы аясында ұйымдастырды. Оқушылар

1- бөлім «Құпия алаң»

2- бөлім «Жұмбақ шешу»

3- бөлім «Бәйге. Қатені анықта».

4- бөлім «Сиқырлы әріптер».

5- бөлім «Адасқан әріптер» кезеңдерінде тапсырмалар орындап, жауаптарын таба білді. 7-ші "Д" сыныбы 1 орын, 7-ші "В" сыныбы 2 орын, 7-ші "А" ,7-ші "Ә"сыныптары 3 орын иеленді. Көрермендер де ойынға атсалысып отырды. Ойын соңында оқушылар грамотамен , тәтті сыйлықтармен марапатталды. Сайыс ұйымдастырушы информатика пән мұғалімдері Ерімбетова Н., Бижанова С.

Нұр-Сұлтан қаласы №78 мектеп-гимназиясында "Есіл" ауданы әкімінің бастамасымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға уәкілі,полиция майоры Әлия Қибатқызы жоғары сынып оқушылары арасында "Нұр-Сұлтан - есірткісіз қала" тақырыбында дәріс сабағын өткізді. Дәріс соңында оқушылар өздерін ойландырған сұрақтарына жауап берді. Дәріске 205 оқушы қатысты.

Мектеп асханасын тексеру мақсаты:

Асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың салмағы мен калориясын өлшеп көру.

Калькуляциялық және брокераждық журналдың болуын тексеру;

Асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау қоймаларын көру және ондағы өнімдердің пайдаланудағы уақыт мерзімін тексеру;

Асханадағы тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігін анықтау;

Асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және дезинфекцияның болуын тексеру;

Асхана жұмысшыларының санитарлық кітапшаларының болу міндеттілігін және олардың адам басына шаққанда ас даярлау киімдерінің комплекциясын тексеру.

Тәлімгер мұғалімдер, мектебіміздің жас мамандармен “Дарынды оқушыны қалай анықтаймыз?” тақырыбында тренинг өткізді. Жас мамандар постер арқылы топқа бөліп, жұмыс жүргізілуде. Жас мамандар өздеріне көп тәжірибе алды, өз білімдерін көтерді. Тәлемгерлер жүйелі жұмыстар жүргізуде.
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден және ақынның өлеңдерін оқудан II Халықаралық өнер байқауына оқушыларын қатыстырып І,II дәрежелі Вокал, Хореография, лаурета атағын алды. Жетекшісі: Омар Бекмұрат музыка пәні мұғалімі.
Осыдан 33 жыл бұрын Кеңес бітімгерлік күштерінің соңғы сарбазы ауған жерін тастап шыққан болатын. Қазақстаннан бұл майданға 22 мыңнан астам жауынгер тартылды. Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейінде соғыс аймағында болып, "Әскери іс-әрекеттерде жауынгерлік ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталған Бекжан Құрманғазы Жамбылұлы дене-шынықтыру пән мұғалімі ретінде қызмет етіп, оқушыларға патриоттық тәрбие беруде өз үлесін қосуда.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны