ҚР Үкіметтің № 669 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 74 мектеп-гимназиясына Мұқағали Мақатаевтың есімі берілді.
Бүгінгі ашылып отырған «Мұқағали әлемі» шығармашылық орталығының негізгі мақсаты - ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау, дәріптеу арқылы әрбір оқушыны Отанын сүюге, елін сүюге тәрбиелеу арқылы қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына қызығушылығын арттыру, парасатты, адами қасиеті жоғары, жан-жақты дамыған, шабыты оянған тұлғаны қалыптастыру.
Орталықтың ерекшелігі-заманауи технология мүмкіндіктерін пайдалану.
QR және AR қосымшалары арқылы мұзбалақ ақынның жанды дауысы ести отырып, бейнесін де көруге болады.
Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар көптеген ақынның өлеңдері мен сазгерлер жазған әндерін гаджет құрылғылары арқылы тамашалай алады.Сонымен бірге мәжіліс депутаттары мен ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты.

«Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия» КММ

10 наурыз 2022 жылы мектебімізде «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы-тарих» атты тарих апталығының ашылуы болды. Апталықтың ашылу барысында «Тәуелсіздік ақтаңдақтары» атты сахналық қойылым көрсетіліп, тарих қойнауына саяхат жасалды. Оқушыларға тарихқа байланысты викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді. Сонымен бірге, Ұлы Дала тарихынан сыр шертетін «Томирис», «Алтын тақ», « Жаужүрек мың бала», « Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмдерін уақыт сызығымен байланыстыра отырып, үзінділер берілді. Директордың бейінді және бейіналды ісі жөніндегі орынбасары Токмурзина Г.С.

«Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия» КММ

Мектебімізде 10 наурыз күні «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы-тарих» атты тарих апталығы аясында « Мектепте тарих пәнінің оқытылуының маңыздылығы» тақырыбында 9 сыныптар арасында дебат болып өтті. Сайыс барысында оқушылар жақтаушы «Ақиқат» және даттаушы «Парасат» фракциясына бөлініп, өз пікірлерін деректер мен дәйектерге сүйеніп, қорғай білді. Нәтижесінде әділқазылар алқасының шешімімен, «Парасат» фракциясының спикерлері айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Мектебіміздің Бозбаласы мен Бойжеткені анықталды!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны