2022 жылдың 11-23 сәуір аралығында М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында «Үздік жас маман-2022» байқауы ұйымдастырылуда.
Байқау мақсаты- жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, бағыт –бағдар бере отырып оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
1-кезең:жас мамандар ашық сабақ көрсетеді және портфолио жинақтайды.
2-кезең:шығармашылық кезең акт.залында өтеді
Мектебімізде 11-15 сәуір «Жас мамандар апталығы» болып жарияланып, байқаудың 1-кезеңі болып өтті.
1 апта бойы 24 жас маман өз пәндері бойынша ашық сабақ көрсетіп, портфолио жинақтады. Іс-тәжірибесі мол ұстаздардан құрылған комиссия мүшелері жас мамандардың ашық сабақтарына қатысып, өз бағаларын берді.
24 жас маман ішінен байқаудың критерийлеріне сай сабақ өткізіп, портфолио көрсеткен 10 жас маман байқаудың 2-кезеңіне жолдама алды. Екінші кезеңге өткен жас мамандарға сәттілік тілейміз!
15.04.2022 күні жоғары сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде дебат сайысы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты оқушылардың ұтқыр ойлау жəне ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту болды.Жеребе арқылы дебат тақырыбы ретінде "Жеке автомобиль иелену құқығына тыйым салу" қарары таңдалды. Пікірсайыс барысында оқушылар өз жауаптарына дəлелді фактілер келтіріп, ұшқыр ойларын көрсетті. Дебат қорытындысы бойынша оқушылар дипломмен жəне сыйлықтармен марапатталды.
"М. Мақатаев атындағы N74 мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК 16.04.2022 ж. күні мектеп ауласына Нұр-Сұлтан қаласын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша "Бірге таза Қазақстан" атты экологиялық іс-шарасы өтті.

16 сәуір күні Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының 10 жылдық мерейтойы аясында қалалық мектеп оқушылар арасында өткізілді.

Білім ордамызда "Үздік жас маман – 2022" мектепішілік байқауы өтті!

Мамандықтар жәрмеңкесі

2022 жылғы 16 сәуір күні мектебімізге орта білім беру мекелемері келіп, мамандықтар жәрмеңкесін өткізді. 9-10 сынып оқушыларына «Қаз УТБ» колледжі АҚ, «Тұран» колледжі, Индустриалды инженерлік-экономикалық колледжі және «Қазақстандық Швейцария-Американдық» колледжінде оқытылатын мамандықтармен танысты. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Рустемова мен ұйымдастырушы педагог С. Сейдахметова білім беру мекемелерінің мамандықтар жәрмеңкесін ұйымдастырып, оқушылардың толыққанды ақпарат алуын қамтамасыз етті.

Сенбілік – тазалық таразысы

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

2022 жылдың 16-сәуір күні "Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі №54 мектеп-лицейінде өткізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп жарияланғандықтан, Мұқағали Мақатаев атындағы № 74 мектеп – гимназиясының ағылшын тілі бірлестігінің он күндігінде жас дарындылардың мәдени және шығармашылық әлеуетін насихаттау мақсатында «FLASHMOB» би жарысын ұйымдастырды. Жас өрендеріміздің шығармашыл тұлға болып қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін бұл іс-шара 8-11 сыныптар арасында өтті. «Мектеп - мен шабыттанатын орта» ұранымен өз орталарын тапқан жас өрендер би жарысынан жүлделі орындарға ие болды. Мұндай іс-шаралар болашақта да жалғасын табатыны сөзсіз.
ҚР Халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтың туғанына 100 жыл толып отыр.
Жазушының шығармашылығының ауқымы кең. Бірінші, көркем әдебиет, екінші-драматургия, үшінші-сын, төртінші-аударма.
Желтоқсан оқиғасында жастарды жақтап 38 минут сөйлеген азаматтық тұлғасын ұмыту мүмкін емес.
А.Байтұрсынұлы атындағы 48 мектеп-лицейінің 5 сыныбында жазушының немересі Жәниа оқиды. Сол сыныпта жазушыға арнап "Сафуан Шаймерденов-100 жаста" оқу клубы дәріс өтті. Оқу клубының дәрісін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Момынқұлова Алтын өткізді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны