Ағылшын пәні апталығы бойынша 8-9 сыныптар арасында дебат ұйымдастырылды. Тақырыбы: Children should wear uniforms. Дети должны носить униформу. Балалар униформа кию керек. Балалар көпшілік алдына шығып, пікірлерін білдірді. Балалар екі жақты пікір калыптастырып, көпшілік алдында көсіліп сөйлеу және сыни тұрғыда ойлау шеберлігін арттыра білді.

2022 жылдың 22 сәуірінде 2-11 сыныптар аралығында "Зерде" ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен "Ғылым - ғажайып әлем" атты ғылыми жобалар сайысы өтті. Сайыс 4 бағыт бойынша: І Бағыт "Ғылыми - техникалық прогресс-экономикалық өсудің негізгі буыны" Секция: физика, техника, жер және космос туралы ғылымдар;

ІІ Бағыт "Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу" Секция: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика; ІІІ Бағыт "Таза табиғи орта - Қазақстан - 2030 стратегиясын іске асырудың негізі" Секция: химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау; ІV Бағыт "Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары" тарих, құқықтану, өлкетану, тілтану, әдебиет, ағылшын бойынша өтті. сайысқа 41 оқушы өтініш білдірді. Әділқазы алқалары әр оқушыны тыңдап, жұмыстарын саралай отырып, әділ бағаларын берді.

Жаратылыс -ғажайыптар әлемінде атты Жаратылыстану әдістемелік бірлестік пәндерінің апталығынын ашылуы өз деңгейінде өтті,9 сынып окушылары білімдерін ортаға салып ғажайып тәжірибелерімен бөлісті

Бірлескен жұмыстың тереңдігі мектеп пен кітапхана арасындағы

байланысты жүзеге асыру мақсатында "Оқуға құштар мектеп" жобасы ұстаздар арасындағы "Бірге оқимыз" «Ұжымдық оқу» атты тақырыпта өз жұмысын жалғастыруда. Ұжым ұстаздары арасында әр жиналыс сайын «Ұжымдық оқуға» уақыт бөлініп, жоба іске асырылып келеді. Шығармашылық топ құрамындағы ұстаздар кітап оқуға жетелейтін іс-тәжірибелерді жинастырып, «Педагогикалық қоржын»әдіс-тәсілдер жинағын дайындауда.

20.04.2022ж. «Ғажайыптар әлемінде» атты география, химия, биология апталығының жоспарына сай «Тұңғыш академик, әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?»-атты ғылыми жоба байқауы өтті. Байқауға 7-8 сынып оқушылары қатысты.

12-сәуірде ғалым, геолог, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 123 жыл толды. 7-8 Оқушылар ғалымның балалық шағы мен еліне сіңірген ерен еңбегін зерттеген. Ол – Қазақстан ғылымындағы геологиялық қызметтің негізін қалаушы, Қазақ ССР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, геологиялық ғылымдар институтын құрушы.

"Менің Отаным - менің бастамам" республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінің "Жақсылық керуені"" номинациясы бойынша мектебіміздің 9в сынып оқушысы Анвар Шахрияр 3ші дәрежелі дипломмен марапатталса, 9 в сынып оқушысы Мұсабеков Нұрлыбек "Қазақстанның жеті кереметі" номинциясы бойынша 3ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушылар жетістіктерімен қуантуда.
16 сәуір күні мұғалімдер арасында БП форматта "20 ғасырдың ең керек мамандығын атайды" тақырынба дебат ұйымдастырылды. Дебат- тек зияткерлік ойын емес, , ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге үйрететін білім беру технологиясы. Оған 4 қатысушы, 2 фракция қатысты. Қоғамда барлық мамандықтардың өз алар орны бар. Мамандықтың табысты болуы оның атына немесе формасына емес, өзіңнің сол мамандықты қаншалықты игергеніңе, сол мамандықты өз орнында қаншалықты шеберлікпен пайдалана білуіңе байланысты болады. Ұйымдастырушы дебат клубы жетекшісі: Оралбаева Н.К
Сәуір айының 21-і күні "Ғылым әлемін ашамын" онкүндігі аясында 3-5 сынып оқушылары арасында Scratch программасында “Үздік анимация” сайысы өткізілді.
Ақпараттық технологияның қарқынды дамуы біздің оқушыларымыздың заман ағымынан қалыспай, техникалық білім алуды талап етеді.

Жастайынан программалаудың алғы шарттарын үйреніп, анимация жасай білген оқушы болашақта мықты аниматор, программист, дизайннер болары сөзсіз. Сайысқа қатысқан барлық оқушы мадақталып, сыйлықтармен марапатталды.
Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар:
1-орын иеленген оқушылар Түгелбай Каирбек және Абраев Ерназар;
2-орын иеленген оқушылар Нұрмат Айсара және Пернебек Айсара;
3-орын иеленген оқушылар Ермек Диар және Анарбек Диас.

Үздік нәтиже көрсетіп, орын иеленген оқушыларды құттықтаймыз!

Алдағы уақытта оқушыларды Информатика ғылымына қызықтыру мақсатында әртүрлі сайыстар ұйымдастырылатын болады.
#информатика
9, 11 – сыныптар арасында «Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент» КЕСДЕСУ.Кештің мақсаты: Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
Жауапты:Мамырханова Ш.С. Сейлова К.С
"Тіл - халықтың мұрасы" тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігіне бекітілген жоспар негізінде 6 - сынып оқушыларымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына "Саяхат сабағы" ұйымдастырылды. Мақсаты: кітапхана тарихымен таныстыру, білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру және оны бағалай білуге үйрету.
Оқушылар пән бойынша "Әлемнің ірі кітапханалары" тарауынан алған әлем кітапханалары туралы ақпараттарымен бөлісіп, Ұлттық академиялық кітапхана туралы мағлұмат алып қайтты.
"Саяхат сабағы" барысында оқушылар кітапхана тарихымен таныс болып, кітапхана мұражайына саяхат жасады. Оқушылар осы орайды өздеріне тиімді пайдалана отырып,
"Балалар кітапханасы" бөлімінің меңгерушісі - Клара Көпжасарқызымен де ашық сұхбат жүргізіп, өздерінің оқыған кітаптары жайлы ой бөлісті.
Сондай - ақ, қазіргі заман талабына сай электронды оқулықтың тиімділігі туралы деректермен танысып, өз көзқарастарын анағұрлым байыта түскендей әсерге бөленді..
Ғылыми-зерттеу конференция "Ғылымға қадам"
“Ғылым-ғажап әлем” атты айлық іс-шара аясында 6-сынып оқушылары арасында “Қызықты математика” сайысы өткізілді. Ойында 4 топ өзара бәсекеге түсіп, өздерінің спорттық қабілеттерімен қатар математикикалық, логикалық қабілеттерінің жоғары екенін көрсетті. Қатысушыларымыз қызу ойын үстінде өздерінің шапшаңдығы мен ой ұшқырлығын көресте отырып, жақсы көңіл-күйде ойынды аяқтады.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны