Ағымдағы жылдың 14-16 қыркүйек күндері аралығында мектеп ішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа барлығы 148 сыныптың ата-аналары қатысты. Іс-шара барасында биылғы жаңа оқу жылындағы өзгерістер, сабақтың ұзақтығы, мектеп тәртібі жайлы ақпараттар ұсынылып түрлі психологиялық ойындар ойнатылды.
Бүгін, қыркүйек айының 17 күні Экологиялық айлық және жыл сайынғы “Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2022)” экологиялық акциясы аясында 79 мектеп-лицей базасында жалпықалалық сенбілік өтті. Бұл акцияға мұғалімдерде ат салысып, мектеп ауласын тазартты. 🍁🍂🧹🪣
5.09.2022 жылы күні Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында 79 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Аленова Назира Тоқжанқызы 6 «ә» сыныбымен " Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекеттер" тақырыбында, "Мәдени мұра" зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Нұсқабай Әбдінұр Арғынбайұлымен бірге сабақ өткізді.
8 қыркүйек күні 7"Ғ" сыныбында "Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы" атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатын өткізген: Бөгетбаева Үкілім Бақытжанқызы
Ұйымдастырған: Жакеева Айгерим Нурлановна.
12.09.2022ж 1-сынып оқушыларының ата-аналарына мектеп психологы Б.Қ.Қали, С.С. Апсат , Г.А.Кауысова "Сіздің балаңыз бірінші сыныпта тақырыбында вебинар жүргізді. Вебинарда "Неліктен балада қиындықтар туындады мүмкін? Бірінші сынып оқушыларында кездесетін мәселелер жайлы айтылып өтті.
2022 жылдың 09 қыркүйек күні "Денсаулық фестивалі" акциясы аясында "Спорт-денсаулық кепілі" атты спорттық жарыстар өткізілді.

Іс-шараға орта буын сыныбының оқушылары қатысып жүлделі орындар мен марапатталды.
2022 жылдың 09 қыркүйек күні мектеп қабырғасында ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ өткізілді.
Қыркүйектің 5-сі күні Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында өтетін іс- шаралар жоспарына сәйкес мектеп парламентінің оқушыларымен бірлесе отыра «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
Мереке күні білім ордамызға Анықтау бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Шерняздинов Алмаз Еркінұлы ат басын бұрып, Ішкі Істер министрі полиция генерал-лейтенанты М.М. Ахметжановтың тапсырмасы бойынша "Жалпы құқықтық білім беру сабағын" өткізді.
1 қыркүйек білім күніне орай орта буын сынып оқушыларына арналған сынып сағаттары өткізілді.
1 қыркүйек білім күніне орай мектеп қабырғасында "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм" тақырыбы аясында Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Бүгін еліміз үшін маңызды күн! Себебі, ҚР-ның кезекті Президенті сайлауы өткізілуде. Дәл осы жауапты күні мектебіміздің педагогтері белсенді түрде дауыс беруде.

БІЗ СІЗДІ ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!!!!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны