«Бала ойнының қарапайымдылығы –алдамшы құбылыс бұны бәрі біледі, бірақ оны түсіне бермейді» (П.Ф Каптерев.) Ойын - мәдениет феномені.

Ол – оқытады, тәрбиелейді, дамытады, ойын-сауық, демалыс уақыттарын сыйлайды. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан біз, ҰОҚ жиі ойын технологиясын қолданамыз. Әрине, өзге ұлт балалары болғандықтан, көбінесе өлең арқылы айтылып, іс- қимылымен жалғасын табады.

Біз, тәжірибе барысында, балалармен ән түрінде айтып, эмоциялық тұрғыда да көңілді үйреткенді ұнатамыз. Балалар - ойын баласы болғандықтан олармен көңілді ойнай отырып, сөздік қорларын байытып отырсақ, нұр үстіне нұр болмақ. Назарларыңызға келесі өлең шумақтарын арнаймыз. Балалармен ойын түрінде өткізіледі.

«Қуыршақ»

Авторы: РАУАН АГЫБАЕВА

Қуыршақ, қуыршақ кел, кел,
Қуыршақ, қуыршақ кел, кел,
Қуыршақ, қуыршақ кел, кел,

Кел, кел, кел ойнаймыз,
Кел, кел, кел ойнаймыз,
Кел, кел, кел ойнаймыз.

№14 «Ақбөпе» балабақшасында 25.01.2021 «Күншуақ» мектепалды даярлық тобында кезекті: «Қазақшаң қалай балақай?» атты ҰОҚ өткізілді. Әдеттегідей балаларымыз өте жақсы дайындалып, мемлекеттік тілге деген құрметтерін көрсетті. Әрине айтып кетпесе болмас, топтың тәрбиешісі- Юсупова А.У. кез- келген уақытта қол ұшын созып, бірауыздан келісіп, балалардың ойдағыдай өздерін ұстауларына, сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап берулеріне өз үлесін қосты. Және топтың ата- аналарына қолдағандары үшін өз рақметімді айтсам деймін.

Ізгі тілекпен: қазақ тілі мұғалімі- Агыбаева Р.И.

2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Осыған орай №14 «Ақбөпе» балабақшасында түрлі іс- шаралар өткізілді. Сонымен бірге тәрбиешілеріміз бүлдіршіндермен түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Соның бір айғағы ретінде, №14 «Ақбөпе» балабақшамыздың тәрбиешісі: Ильясова Анар Хамитовна, Абай Құнанбайұлының 175- жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай дана, Абай дара қазақта» атты Республикалық байқауға қатысып, «АБАЙ-175 ЖЫЛ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН марапатталды.

№14 «Ақбөпе» балабақшасында 25 қарашадан 10 желтоқсан аралығындағы «Гендерлік зорлық - зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» атты акцисына қатысып, «Мұңаймасын ана, жыламасын бала» атты тренинг семинарын өткізді. Бұл семинарға балабақшамыздың барлық педагогтары атсалысып, балаларға үгіт- насихат жүргізді. Қазіргі таңда болып жатқан, түрлі, ауқымды жағдайлардың алдын- алу мақсатында, осындай акциялар жиі ұйымдастырылып, келешек ұрпағымыз тәрбиелі, иманды, үлкенді сыйлайтын болса деген тілегіміз бар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

28.10.2020 ж. №14 "Ақбөпе" балабақшасының мектеп жасына дейінгі балалары үшін Нұр-сұлтан қаласының № 3 қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Ертегілер әлемінде"атты іс-шара өтті. "Күншуақ" тобы тәрбиеленушілері іс-шараға қатысты. Балаларға жұмбақтар айтылды, викторина өткізілді, мультфильм көрді және ұсынылған ертегілерді тапты. Балалар сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді, ойын тапсырмаларына қатысты, осылайша ертегілер туралы білімдерін көрсетті.

Кітапхана басшысы Марал Құрманбаевқа және барлық қызметкерлерге мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік дамуына көмектесетін танымдық іс-шаралар өткізгені үшін алғыс айтамыз.

Елорда тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, интеллектуалды қабілетін арттыру, сондай-ақ ата-ана мен байланысын нығайту мақсатында шахматтан жарыс ұйымдастырылды.

Жүлделі орынға ие болған қатысушылар ақшалай сыйлықпен марапатталды 1 орын - 10 000 теңге
2 орын - 7000 теңге
3 орын - 5000 теңге
"Өмірге ИӘ, деп айт!" қалалық ақпараттық акция аясында "Әдістемелік орталық" МКҚК психологиялық қолдау көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен іс-шаралар жоспарына сәйкес 11-сынып оқушыларымен «Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті» тақырыбында семинар-тренинг жүргізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны