Отбасылық эстафета жарысынан бейнеүзіндіні назарларыңызға ұсынамыз!
Спорт денсаулық кепілі демекші 2023 жылдың 15 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде отбасы апталығы аясында 2 сыныптар арасында «Отбасым – менің тірегім» атты отбасылық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.
Тілдер апталығына байланысты Ыбырай Алтынсариннің шығармалары бойынша 5-сыныптар арасында іс-шара өтті.
2023 жылдың 14 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Отбасы күніне орай "Отан – отбасынан басталады" тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
Отбасы апталығы аясында "Оқуға құштар мектеп" жобасымен бірегей мектебімізге бастауыш сынып ата-аналары келіп оқушыларға қызықты ертегі оқып, әңгімеледі. Өнегелі құндылықтарды жаңғырту, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, отбасының жағымды имиджін қалыптастыра түсті.
Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптарының кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған "Әжемнің ертегісі" атты 1 сынып оқушыларына ертегі оқылды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде Отбасы күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында «Әжемнің ертегісі» жобасы іске асырылуда.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны