Меню KDT

Новости

Главная Новости

24.11.2013

№3 мектеп-гимназиясында мекпет Президентін сайлауы

№ 3 мектеп-гимназисында 30.09.13 ж 7-11 сынып окушыларының қатысуымен мектеп Президентін сайлауы өтті. Сайлаудың нәтижесі бойынша басым дауысына ие болған үміткерлер мынадай: 1. Абдрахманов Олжас - 77 2. Абенов Марат - 16 3. Айтеева Жансулу - 71 4. Амиров Алмаз - 37 5. Бакибай Олжас - 105 6. Баязи Айгуль - 4 7. Евченко Анна - 52 8. Жанбиршина Алу - 74 9. Ильдебаева Шынар - 58 10. Стручков Владислав - 100 Белсенді қатысқан үшін рахмет! Бакибай Олжас 8 "а" сынып оқушысы президенттік сайлауда жеңіске жетті! Поздравляем Бакибай Олжаса, ученика 8 "а" класса с победой на выборах Президента школы!

24.11.2013

Қарттарға құрмет көрсетейік!

1 қазан Халықаралық қарттар күні   Бұл мереке XX ғасырда пайда болды. Қарттар күні мерекесін алдымен Европада,содан кейін Америкада, ал 80-ші жылдардың аяғында барлық әлем болып тойлаған.   1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1 қазан Халықаралық қарттар күні болып жарияланды.   Япония –қарттар күнінің негізін қалаушы ел секілді Японияда қыркүйектің үшінші дүйсенбісінде Қарттарды құрметтеу күнін тойлайды К2050 жылға қарай жер бетіндегі қарттар саны қазіргі 600 миллионнан 2 миллиардқа дейін өседі.   Қарттарды құрметтейік! Неменеңе жетістің, бала батыр?  Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне,  Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.  Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,  Сонда орнайды жетімдік басымызға.  Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,  Бір күлшесін бөліскен ашымызға. Ақиқатты айқындап жариялар,  Бара жатыр азайып қариялар.  Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын, Бара жатыр сарқылып дариялар... Ойландыратын сұрақ: Сіздер ата-әжелеріңізбен қаншалықты жиі кездесіп, сөйлесіп тұрасыздар? Сіздер оларға қандай қуаныш сыйлап тұрасыздар? Қарттарға құрмет көрсетейік! Біздің ата-әжелеріміздің денсаулықтары мықты болып, әрдайым жақын жандарының жылуына бөленіп жүре берсін!

24.11.2013

№ 3 мектеп-гимназиясының сенбілік қорытындысы бойынша есебі

21 қырқүйек күні № 3 мектеп-гимназиясының 700-ден астам оқушысы «Біз таза қаланы қолдаймыз!» атты жалпы қалалық сенбілікке қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сағат 9:00-де мектепте жиын өткізіліп, оқушыларға тазалайтын мектеп аймақтары беріліп, жасыл галстуктер үлестірілді. 9:20-да 400-дей оқушы сенбілікке шығып, мектеп айналасын сыпырып, ақтады. Сенбілікке 60-тан астам ұстаздар қауымы қатысты. Алтын ұямектептерінің тазалығын сақтауүшін барлық оқушылар бір адамдайжұмылды. Әсіресе, 11 сынып ұлдары жұмыстарын жауапкершілікпен атқарды. 12:00-де тағы 300-дей оқушы сенбілікке шығып, мектеп айналасын тазалыққа келтіріп, қаланың гүлденуіне өз үлестерін қосты. Директордың ТІ жөніндегі орынбасары: Шинибаева В.М

24.11.2013

«Тіл болашақ ұрпақтың бойтұмары»

2013 жылы 19 қыркүйекте «Тіл байлығы-халықтың байлығы» атты Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне арналған іс-шаралар аясында, 2-4 сынып оқушылары арасында «Тіл болашақ ұрпақтың бойтумары» атты сурет байқауы өткізілді. Ата-аналар үшін ең үздік суреттер іріктеліп алынып көрмеге және стендерге орналастырылды. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды 2б сынып оқушысы Фирсова Софья иеленді, жетекшісі Ильина Л.Н.

24.11.2013

«Тілі бірлің тілегі бір» поэзия кеші

20 қыркүйек күні 7-10 сынып оқушылары Қазақстан халқы тілдер айлығы іс-шаралары аясында өткізілген, мектеп кітапханасында «Тілі бірлің тілегі бір» атты поэзия кешіне қатысты. Іс-шара «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» атты Елбасымыздың сөзімен басталды. Қазақстан халқы мен қазақ тілінде арнвп слайд-презентациялар дайындалды.

24.11.2013

"Әрбір ұлттың тілі керемет те, ұлы" шағын жобаларды қорғау байқауы

19 қыркүйек күні мектепте 5-10 сыныптар арасындағы оқушылардың қатысуымен "Әрбір ұлттың тілі керемет те, ұлы" атты шағын жобаларды қорғау байқауы өткізілді. Оқушылар байқауға өте жақсы дайындықпен келді. Олар Қазақстан халқының әр түрлі тілдері туралы слайдтар көрсетті. Корей, польша, ингуш, әзірбайжан және неміс тілдерінде өлеңдер мен әндер айтылды. Корей жазбалары мен орыс сөздері туралы көптеген қызық мәліметтермен танысты.     Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды! 1 орын Долгиева Танзила,5г 2 орын Хон Юлия,10в 3 орын Молдахметова Русалина,8в

24.11.2013

«Қазақстан-ортақ үйіміз» әр тілде тақпақтар оқу байқауы

"Қазақстан-ортақ үйіміз" атты әр тілде тақпақ оқу байқауына 3-4 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қазақ, өзбек, ұйғыр, орыс, неміс тілінде Отан және достық туралы тақпақтар оқыды. Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды: 1 орын - Асылбек Мадияр, 4а 2 орын - Горбунова Анна, 3а і орын - Байтанатова Амира, 3а

24.11.2013

"Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде" эссе байқауы

16 қыркүйек пен 21 қыркүйек кезені аралығында Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында мектепте 7-10 сынып оқушылары арасында эссе байқауғы өткізілді. Оқушылардың жұмыстары әр жанда жазылды (проза, тақпақтар әңгіме) Жұыстардың нәтижелері келесідегідей: 10-11 сынып оқушылары өзгелерден ерекшеленді. Д.Тажинаның (11сын), Б.Канашеваның (11сын), Р.Дидарбековтың (11сын), жұмыстарын назарға алу керек. 10 сынып оқушылары арасында А.Амангельды, А.Андирова, З.Рахимбекова жұмыстарымен өзгелерден ерекшеленді. 9а сынып оқушылары Д.Кабирова, А.Берлесова, А.Бирюкова да жақсы жұмыстар тапсырды, 8 сыныптардан Д.Бейсенбаева мен о.Бакибай да жұмыстарымен ерекшеленді. Аталған байқауға қатысқан оқушыларға алғыс білдіріліп, үздік жұмыстар иелері мадақтамалармен марапатталды.

24.11.2013

Тілдер бірлігі - Қазақстан халқының бірлігінің негізі

22 қыркүйек Қазақстан Республикасы Елбасының Жарлығымен Қазақстан хылқы тілдер күні бллып жарияланды. Біздің елімізде бұл күні өздерінің жеткен жетістіктерімен бөліскілері келетін ондаған халық тұрады. Бір аптадан бірнеше аптаға созылатын көптеген фестивалдер өткізілетін болғандықтан, жеке бір күн жеткіліксіз болады. Бірге бір жерде өмір сүретін елдің бірлігін айқындайтын, бұл іс-шара аясында өнер иелеріның концерттері, шебер-ұсталардың көрмелері, ғылыми конференциялар және дөңгелек стоөлдер, тіл білімін анықтайтың байқаулар өткізіледі. Қазақстан халқы тілдер фестивалі көптұлтты республикада тойланады. Халықтар арасында келісім мен бірліктің нышаны айкындайтын фестивалі аясында, №3 мектеп-гимназияда тіл білімі байқаулары, дөңгелек стөлдер, шығарма және сурет байқаулары, поэзия кештері мен сынып сағаттары өткізілуде.

24.11.2013

«Өнегелі отбасы байқауы»

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні "Дәулет" спорт кешенінде "Өнегелі отбасы байқауы" ұранымен спорттық эстафета ұйымдастырылды. Іс-шара отбасылық кұндылықтарды насихаттау, отбасылық оң имиджін және сонымен қатар салауатты өмңр салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. 6а сынып оқушысы Кудайберген Асылдың отбасы эстафетаға белнесе қатысып диплом және жүлдегі сыйлықтарды иеленді.

24.11.2013

«Шахматшылар отбасы»

"Шахматшылар отбасы" байқауына Бейсембаевтар мен Еркеновтар жаңұяларының қатысуы, жетекшісі Р.М.Мухамеджанова

24.11.2013

«Салауатты өмір салты» тренингі

№3 қалалық емхананың психологы Б.С.Рысқұлова 2014 жылдың 3 қыркүйекгінде 10в сыныбында "Салауатты өмір салты" тақырыбында тренинг өткізді


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны