10а сынып оқушысы Әбдірахман Олжас пен 10б сынып оқушысы Исмагулов Тимурды! Құттықтаймыз! Қазақстан Республикасының әскери-қолданбалы спорт түрлериң чемпионатында Астана қаласының командасы "Барыс" командасы 3 орынды иеледі. 10 сынып оқушысы, Әбдірахман Олжас 2013 жылдың 7-9 қараша аралығында Астана қаласында өткен әскерге дейінгі жастардың арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен республикалық турниріне қатысып, пневматикалық винтовкадан атудан 1 орыны иеленді. Жарайсын! 10б сынып оқушысы, Исмагулов Тимур 2013 жылдың 7-9 қараша аралығында Астана қаласында өткен әскерге дейінгі жастардың арасында әскери-қолданбалы спорт түрлеринен республикалық турниріне қатысып, жеке әскери-колданбалы кросс тан 2 орынды және спорттың барлық түрінен "Үздік қатысушы" номинациясы бойынша 2-дережелі медальмен 3 орынды иеленді! Жарайсын!
6а сынып оқушылары Талғатбек Анель мен Талғатбек Жанелдің жеңістерімен құттықтаймыз! Олар 2013 жылдың 22 қазанынан 26 қазанына дейін Талдықорған қаласында көркем гимнастиканың жекелеген түрлерінен өткен Қазақстан Республикалық Чемпионатында 2 орынды иеленді! Жарайсыңдар!
2013 жылдың 14 қыркүйек күні – жаратылыстану-математикалық пәндер, 21 қыркүйек күні – гуманитарлық-қоғамдық пәндер бағыттары бойынша екі кезеңде Зияткерлік марафон өткізілді. Жаратылыстану – математикалық пәндер бағыты бойынша барлығы 548 оқушы қатысты, оның ішінен жүлделі орындарды иеленген – 238 оқушы: жүлделі бірінші орынды - 43 оқушы иеленді; екінші орынды – 84 оқушы; үшінші орынды - 111 оқушы иеленді. Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бойынша барлығы – 551 оқушы қатысты, оның ішінде жүлделі орынды иеленген оқушылар саны – 223: бірінші жүлделі орынды иеленген – 64 оқушы; екінші орынды иеленген - 85; үшінші орынды иеленген - 74. Іс-шараның хаттамасы жүктеп алу
№ 3 мектеп-гимназисында 30.09.13 ж 7-11 сынып окушыларының қатысуымен мектеп Президентін сайлауы өтті. Сайлаудың нәтижесі бойынша басым дауысына ие болған үміткерлер мынадай: 1. Абдрахманов Олжас - 77 2. Абенов Марат - 16 3. Айтеева Жансулу - 71 4. Амиров Алмаз - 37 5. Бакибай Олжас - 105 6. Баязи Айгуль - 4 7. Евченко Анна - 52 8. Жанбиршина Алу - 74 9. Ильдебаева Шынар - 58 10. Стручков Владислав - 100 Белсенді қатысқан үшін рахмет! Бакибай Олжас 8 "а" сынып оқушысы президенттік сайлауда жеңіске жетті! Поздравляем Бакибай Олжаса, ученика 8 "а" класса с победой на выборах Президента школы!
1 қазан Халықаралық қарттар күні Бұл мереке XX ғасырда пайда болды. Қарттар күні мерекесін алдымен Европада,содан кейін Америкада, ал 80-ші жылдардың аяғында барлық әлем болып тойлаған. 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1 қазан Халықаралық қарттар күні болып жарияланды. Япония –қарттар күнінің негізін қалаушы ел секілді Японияда қыркүйектің үшінші дүйсенбісінде Қарттарды құрметтеу күнін тойлайды К2050 жылға қарай жер бетіндегі қарттар саны қазіргі 600 миллионнан 2 миллиардқа дейін өседі. Қарттарды құрметтейік! Неменеңе жетістің, бала батыр? Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр. Ақыл айтып жүрмесе қасымызда, Сонда орнайды жетімдік басымызға. Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп, Бір күлшесін бөліскен ашымызға. Ақиқатты айқындап жариялар, Бара жатыр азайып қариялар. Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын, Бара жатыр сарқылып дариялар... Ойландыратын сұрақ: Сіздер ата-әжелеріңізбен қаншалықты жиі кездесіп, сөйлесіп тұрасыздар? Сіздер оларға қандай қуаныш сыйлап тұрасыздар? Қарттарға құрмет көрсетейік! Біздің ата-әжелеріміздің денсаулықтары мықты болып, әрдайым жақын жандарының жылуына бөленіп жүре берсін!
21 қырқүйек күні № 3 мектеп-гимназиясының 700-ден астам оқушысы «Біз таза қаланы қолдаймыз!» атты жалпы қалалық сенбілікке қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сағат 9:00-де мектепте жиын өткізіліп, оқушыларға тазалайтын мектеп аймақтары беріліп, жасыл галстуктер үлестірілді. 9:20-да 400-дей оқушы сенбілікке шығып, мектеп айналасын сыпырып, ақтады. Сенбілікке 60-тан астам ұстаздар қауымы қатысты. Алтын ұямектептерінің тазалығын сақтауүшін барлық оқушылар бір адамдайжұмылды. Әсіресе, 11 сынып ұлдары жұмыстарын жауапкершілікпен атқарды. 12:00-де тағы 300-дей оқушы сенбілікке шығып, мектеп айналасын тазалыққа келтіріп, қаланың гүлденуіне өз үлестерін қосты. Директордың ТІ жөніндегі орынбасары: Шинибаева В.М
2013 жылы 19 қыркүйекте «Тіл байлығы-халықтың байлығы» атты Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне арналған іс-шаралар аясында, 2-4 сынып оқушылары арасында «Тіл болашақ ұрпақтың бойтумары» атты сурет байқауы өткізілді. Ата-аналар үшін ең үздік суреттер іріктеліп алынып көрмеге және стендерге орналастырылды. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды 2б сынып оқушысы Фирсова Софья иеленді, жетекшісі Ильина Л.Н.
20 қыркүйек күні 7-10 сынып оқушылары Қазақстан халқы тілдер айлығы іс-шаралары аясында өткізілген, мектеп кітапханасында «Тілі бірлің тілегі бір» атты поэзия кешіне қатысты. Іс-шара «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» атты Елбасымыздың сөзімен басталды. Қазақстан халқы мен қазақ тілінде арнвп слайд-презентациялар дайындалды.
19 қыркүйек күні мектепте 5-10 сыныптар арасындағы оқушылардың қатысуымен "Әрбір ұлттың тілі керемет те, ұлы" атты шағын жобаларды қорғау байқауы өткізілді. Оқушылар байқауға өте жақсы дайындықпен келді. Олар Қазақстан халқының әр түрлі тілдері туралы слайдтар көрсетті. Корей, польша, ингуш, әзірбайжан және неміс тілдерінде өлеңдер мен әндер айтылды. Корей жазбалары мен орыс сөздері туралы көптеген қызық мәліметтермен танысты. Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды! 1 орын Долгиева Танзила,5г 2 орын Хон Юлия,10в 3 орын Молдахметова Русалина,8в
"Қазақстан-ортақ үйіміз" атты әр тілде тақпақ оқу байқауына 3-4 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қазақ, өзбек, ұйғыр, орыс, неміс тілінде Отан және достық туралы тақпақтар оқыды. Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды: 1 орын - Асылбек Мадияр, 4а 2 орын - Горбунова Анна, 3а і орын - Байтанатова Амира, 3а
16 қыркүйек пен 21 қыркүйек кезені аралығында Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында мектепте 7-10 сынып оқушылары арасында эссе байқауғы өткізілді. Оқушылардың жұмыстары әр жанда жазылды (проза, тақпақтар әңгіме) Жұыстардың нәтижелері келесідегідей: 10-11 сынып оқушылары өзгелерден ерекшеленді. Д.Тажинаның (11сын), Б.Канашеваның (11сын), Р.Дидарбековтың (11сын), жұмыстарын назарға алу керек. 10 сынып оқушылары арасында А.Амангельды, А.Андирова, З.Рахимбекова жұмыстарымен өзгелерден ерекшеленді. 9а сынып оқушылары Д.Кабирова, А.Берлесова, А.Бирюкова да жақсы жұмыстар тапсырды, 8 сыныптардан Д.Бейсенбаева мен о.Бакибай да жұмыстарымен ерекшеленді. Аталған байқауға қатысқан оқушыларға алғыс білдіріліп, үздік жұмыстар иелері мадақтамалармен марапатталды.
22 қыркүйек Қазақстан Республикасы Елбасының Жарлығымен Қазақстан хылқы тілдер күні бллып жарияланды. Біздің елімізде бұл күні өздерінің жеткен жетістіктерімен бөліскілері келетін ондаған халық тұрады. Бір аптадан бірнеше аптаға созылатын көптеген фестивалдер өткізілетін болғандықтан, жеке бір күн жеткіліксіз болады. Бірге бір жерде өмір сүретін елдің бірлігін айқындайтын, бұл іс-шара аясында өнер иелеріның концерттері, шебер-ұсталардың көрмелері, ғылыми конференциялар және дөңгелек стоөлдер, тіл білімін анықтайтың байқаулар өткізіледі. Қазақстан халқы тілдер фестивалі көптұлтты республикада тойланады. Халықтар арасында келісім мен бірліктің нышаны айкындайтын фестивалі аясында, №3 мектеп-гимназияда тіл білімі байқаулары, дөңгелек стөлдер, шығарма және сурет байқаулары, поэзия кештері мен сынып сағаттары өткізілуде.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"