Сарыарқаның саумал желімен тербелген аппақ күміс селеулі далада барша дүниені селт еткізіп елең еткізген қала, Тәуелсіз Қазақстанның астанасы Астана қаласының төрінде орналасқан жүз жылдық тарихы бар Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы киелі шаңырағының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, екі бірдей қуаныштың иесі - Үсенов Әділет Асқарәліұлын бүгінгі қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз.

Жаңа жылдың басталуымен жер ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген қасиетті Наурыз айын М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі ерекше атап өтті.
Наурыз – бұл көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Халқымыздың салт-дәстүрі ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткен Ұлыстың ұлы күні әр жүрекке нұр-қуаныш әкеледі, үміт ұялатады.
7 а сынып оқушысы Мұқытқызы Ақерке қалалық Т.Айбергенов өлеңдері кешіне белсене қатысқаны үшін мадақтама қағазымен марапатталды. Жетекшісі Макишева З.М.
Туберкулезге қарсы күрес айлығына арналған "Көңілді жарыстар"
Мектеп құрамасын жеңістерімен құттықтаймыз! Қалалық жарыста 1 орынды иеленді!
Халқымыздың маусымдық мерекелерінің бірі жыл басы - Наурыз болып саналады. Наурыз күн мен түннің теңелген уақыты.
Табиғаттың оянуымен бірге келіп отырған көктемнің басты мейрамы Наурыз мерекесіне орай 2014 жылдың 13 мен 17 наурыз аралығында Оқушылар сарайында «Берекелі Наурыз» атты елорда балаларына қызықты, көңілді театрландырылған бағдарлама өткізілді.
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын!
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін!, деп басталған мейрамымызда Қыдыр ата мен Жер ана, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, батасын берді.

28-29 наурыз 2014 жылы Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде
ІІ қалалық математикалық «Зерде» олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадаға қала мектептерінің қазақша оқытылатын 4-5 сынып оқушыларынан математикалық білімі үздік оқушылар қатысты.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін ұстаздар қауымы да ерекше қарсы алды. Мұғалімдерден құралған ұлт аспаптар ансамблінің орындауында күй ойналып, әсем ән де шырқалды. Кәсіподақ кеңесі төрайымы Жарасбаева Дариға Асқарқызы мен тәрбие ісі меңгерушісі Нұрпейісова Ләззат Жақыпқызының ұйымдастыруымен әр бірлестік бойынша ұлттық ойын түрлерінен байқау өткізілді.
"Қызғалдақ" сырласу клубының ұйымдастыруымен "Асыл әже, сүйкімді немере" атты байқау өтті. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Самал Серікқызы. Сайысқа әр сыныптан бір әже, бір немереден қатысты. Төрелік еткен әділ-қазылар : мектеп директоры Қасымбек Жамал Базарқұлқызы, директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Ғазиева Жанна Қасенханқызы, директордың шаруашылық істері жөніндегі орынбасары Хамит Жұмагүл Жанпейісқызы, ақын ұстаз Ашымжан Үрімжан.
Наурыз мерекесіне арналған салтанатты бастауыш сыныптан бастап, І және ІІ ауысым бойынша сап түзеу өткізілді. Сап түзеуді Наурыз қыз-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бабашова Динара Мейрамбекқызы жүргізді. Бүлдіршіндер жырдан шашу шашып, кішкентай әнші жұлдыздар әндерін шырқады, Қыдыр ата-Мұқанов Қадырғазы ақ тілек батасын берді. Жиын соңы қазақтың "Қара жорға" биін барлық оқушылар билеп, көңілді тарқасты.
27 наурызда №70 мектеп-гимназиясында «Ең үздік мектеп психологы» атты қалалық байқау өтті, байқаудың қорытындысы бойынша біздің мектептің психологы Вишневская Людмила Антоновна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны