Меню KDT

Новости

Главная Новости

30.09.2014

Болашақ мамандықты анықтау

27 қыркүйек күні «Нұр Бағдар» орталығының психолог-кеңесшісі М.Д.Ахметова болашақ мамандықты анықтау бойынша 9-шы сынып оқушыларына сауалнама жүргізді және кеңестер берді

30.09.2014

Оқушылар арасында кикілжің жағдайларды болдырмау мақсатындағы тренингтер

Қыркүйек айының 26-30 күні  6-11 cынып оқушылары арасында кикілжің жағдайларды болдырмау мақсатында тренингтер өткізілді. Тренинг рөлдік ойындар түрінде өтті.

30.09.2014

Алло, біз таланттарды іздейміз!

Әрбір студент көз жеткізсіз - дарын, данышпан, және табиғаттың  ғажабы. Осыған орай 30 қыркүйегінің 2014 ж  біздің колледжіміздің қабырғаларында гала-концерт  «Алло, біз таланттарды іздейміз!» атты колледжішілік байқау өтті.

29.09.2014

«Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша онкүндік оқыту семинары өтті

15-26 қыркүйек аралығында мектебімізде Қазақстан Оқу Ассосиациясының  ұйымдастыруымен «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша онкүндік оқыту семинары өтті.

Семинардың ерекшелігі семинарға қатысушы мұғалімдер оқушырөлінде болып, сын тұрғысынан ойлауды дамытуға бағытталған стратегиялар мен әдістерден құралған сабақтарды өз басымыздан өткіздік. Әр сабақтың соңында оқушы ретінде сабақтан алған әсерімізді,ал мұғалім ретінде сабақта қолданылған стратегиялар мен әдістер туралы, сабақтың құндылығы, алдағы жұмысымызда не өзгерту керектігін ой елегінен өткізіп, рефлексия жасап отырдық. Сонымен қатар, семинар барысында оқып, үйрену мен оны тәжірибеде қолданудың қатар жүргізілгені біз үшін тиімділігін көрсетті. Яғни әр жаңа сабақта үйренген стратегиялар мен әдістердібіз өз сабақтарымызда қолданып, әріптестерімізбен өзара сабақтарға қатысып, сабақтағы жетістіктер мен кемшіліктерді талқылап, тренеріміздің де пікірін тыңдап алдағы жұмыстарымызға дұрыс бағыт алуға мүмкіндік туды.

Семинардан алғанымыз, оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін оларды жаттанды ақпараттардан алшақтатып, сабақта қойылған мәселені өз беттерімен табуға, зерттеуге, талдауға, салыстыруға, ой толғауға және бағалауға көшудің қаншалықты маңызды екеніндігі, білімнің шынайы өмірмен байланыста болуы мен алған білімдерін келешекте өз қажеттеріне жарата білуіне бағыт беру.

Қыдырбекова Гүлмира Жарқынбекқызы

29.09.2014

Робототехника бойынша Республикалық олимпиада

6 «г» сынып оқушысы Калинкин Юрий Робототехника бойынша Республикалық олимпиадаға қатысып, екінші жүлделі орынды иеленді. Жарайсың, Юрий, ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!

29.09.2014

Тілдер күні

23 қыркүйек және 24 қыркүйек аралығында біздің мектепте Тілдер күніне орай 8-11 сынып аралығында «Фауна», ал 5-7 сынып аралығында «Флора» атты көрме өткізілді.

29.09.2014

«1с» клубының өкілдерімен кездесті

27 қыркүйек күні мектеп оқушылары оқушылар үшін бағдарламалау мектебі «1с» клубының өкілдерімен кездесті

29.09.2014

Экологиялық айлық аясында сынып сағаттары

2014 жылғы 27 қыркүйек күні экологиялық айлық аясында 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті

29.09.2014

Дзюдодан 2002-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы үшін өткен қалалық жарыстың нәтижелері

2014 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қаласындағы «Мақсат» спорт кешенінде дзюдодан қалалық жасөспірімдер арасында ҚР кубогы өтті. Жарысқа Астана қаласы, Ақмола облысының  спорт мектебінің ең үздік спортшылары қатысты.

29.09.2014

Халықаралық туризм күні

29 қыркүйек күні колледжде халықаралық туризм күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. Колледж директоры Серик Балтыханович студенттерді және оқытушыларды мерекемен құттықтап және декаданың өткізілу қортындысы бойынша диплом және мадақтама берді.

29.09.2014

«EXPO-2017»

Ғафу Қайырбеков атындағы  № 2 мектеп – гимназиясында 7 «А» және 7 «Ә» сынып оқушылары тамаша «EXPO-2017» көрмесіне Астанада өтетін, «Болашақтың энергиясы»  атты сабақ көрсетті. Пән мұғалімдері: Ахметова Алтын Олжабаевна  мен Жанайдарова  Жібек Хасеновна.

Қазіргі таңда әлемнің қарқынды дамуы, жер бетіндегі адам санының көбеюі, адамзаттың тұтынушылық қабілетінің өсуі әсерінен, біздің өмірімізге ең қажетті азық-түлік, ауыз судың тапшылығы көп елдерде сезілуде.

Ал XXI-ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, ас үй құрылғылары т.с.с) елестете алмаймыз. Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды.

Атап айтар болсақ Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесі өткізіледі 2017 жылы. Бұл көрмеде баламалы энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын тәсілдері мен технологиялары көрсетіледі деп жоспарлануда.

29.09.2014

Ядролық қарусыз болашаққа!

Мектебімізде 10-сыныптар арасында 29-тамыз Ядролық сынақтарға тиым салу күніне орай дөңгелек үстел өткізілді. Жауапты тарих пәнінің мұғалімі Авдхалым Асия. Мақсаты: Ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы, ядролық сынақтарға тыйым салу туралы оқушылардың білімдерін кеңейту. Дөңгелек үстел барысында мұғалім мен оқушы пікірлері тыңдалып онда, «Ядролық сынақ зардаптары» бейнефильмі, және арнайы жасалған фото көрмесі ұйымдастырылды. Жер бетіндегі сынақтан басқа полигонда 340 - тан астам жерасты сынағы: тік ұңғылар мен көлбеу туннельдерде жасалғаны айтылды. «Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды?» деген сұрақ арқылы оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, ойларын арнайы стикерге түсіру арқылы қорытынды жасалды.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны