1-қазан Халықаралық «Қарттар күніне орай»

2014 жылдың 30 қыркүйегінде 5-қазақ сыныптары бойынша «5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу барысы» атты психология-педагогикалық консилиум өтті. Консилиумге директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Залетаева А. Нурекенова А. А. («Кембридж» курсының І деңгейін бітірген), бастауыш сынып мұғалімдері: Маханова Б. Д., Турабекова М. Б., педагог-психолог Шонаева Б. С., және 5-сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері қатысты. Консилиум барысында бастауыш сынып жетекшілері жеке-жеке сыныпқа мінездеме бере отырып, сыныптағы оқушылардың ерекшеліктеріне тоқталды. 5-сынып жетекшілері сыныптың бүнгі күнгі ахуалына тоқтала отырып, өзгерістер мен жетістіктерін атап өтсе, пән мұғалімдері бақылау жұмыстарының қорытындысына және сынып ұжымының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. Консилиум үшін ең маңыздысы Нүрекенова Алма Абдуахитқызының «Сынып жетекшісі оқушы көзімен», «Сабақ оқушы көзімен», «Пән мұғалімі оқушы көзімен» атты сауалнамалары болды. Әр сауалнаманың қорытындысын талдау барысында оқушылардың жалпы мектептегі оқуға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне деген көз қарастарын, пікірлерін аңғаруға болды. Сонымен қатар мектеп психологі Шонаева Баян Серікқызы бесінші сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуі кезіндегі алаңдаушылық деңгейлерінің диагностикасы мен оқуға деген мотивациясының деңгейлері зерттеулерінің қорытындысымен таныстыра отырып, пән мұғалімдеріне оқушылармен жұмыс жасау кезінде ескерулері қажет шарттарды атап өтті. Консилиум соңында қатысушылар 5-сынып оқушыларын орта буынға бейімдеу барысында кездесіп жатқан мәселелермен жұмысты нақты бағыттармен жалғастыру жөнініде шешім қабылдады.

11 сынып оқушыларымен бірге І-тоқсан қорытындысы бойынша, АКТ залында пікір сайыс өткізілді.

В рамках месячника по всеобуча и благотворительной акции «Дорога в школу»№498 от 24 июля 2014 года Комитета по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан. Приказа по школе №77 от 30 июля 2014 года «О проведении месячника по всеобучу и благотворительной акции «Дорога в школу» был составлен и утвержден план работы. Информация о месячнике по благотворительной акции «Дорога в школу» помещена на сайте школы. В течение месяца проводились обходы микроучастка учителями школы для выявления нарушения прав несовершеннолетних. В ходе рейдов не было выявлено нарушений. С 10 по 30 сентября прошли родительские собрания по параллелям, где классные руководители провели инструктаж по безопасности детей. Согласно утвержденному плану все запланированные мероприятия проведены.

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында 1 қазан қарттар мерекесіне арналған «Қарты бардың - қазынасы бар!» атты кездесу кеші өткізілді.

Қарттар күні елімізде 1990 жылдан кең көлемде аталып келеді. Қазан айының бірінші жұлдызына тап келген мейрам жыл сайын ескінің көзіндей болған қазыналы қарттарымыздың бір сәтке болса да көңілін көтеріп, өміріне қуаныш сыйлаумен қатар үлкен тәрбиелік мән атқаратыны белгілі.
7 б сынып оқушысы Байбисенова Сымбат “Ана-менің ардағым, әке-менің қорғаным” атты қалалық жас ақындар байқауында 3 орын иеленді
Қазақстан халықтарының тілдер фестивалі аясында 2014 жылдың 17 қыркүйегінде Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ театрында «Тілдер байлығы-халықтың байлығы» атты театр актерлерімен «Сыр сұхбат» өткізілді. Осы іс-шараға 10 сынып оқушылары қызығушылық танытып, белсене қатысты.
30 қыркүйек күні 5-10 сынып оқушылар аралығында «Тілім менің- тіршілігім, тынысым» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоқтамысова Арай Тоқтамысқызы өткізді.
Мектеп инспекторы полиция лейтенанты У.Н.Буранбаева 8-ші сынып оқушыларын ҚР қылмыс және әкімшілік кодексінің баптарымен таныстырды
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны