Тамаша жыл мезгілінің бірі күзде келіп жетті. Әр жыл мезгілі өз табиғатымен ерекшеленеді. Біздің мектебімізде жылдағы дәстүрімізге сай 5 сыныптар арасында «Күзгі балл» кеші болып өтті. Сайысқа 7 топ қатысты. Сайыс 3 турдан тұрды. Олар: 1 тур – Өнер сайысы, 2 тур – Күзгі сән үлгісі, 3 тур – Табиғи материалдардан жасалған жұмыстардың көрмесі. Сайыс барысында тамаша дайындығымен, әсерлі өнерімен, ғажап шеберлігімен топ жарып, оқтай озып шықан топтар жүлделі орындарға ие болды. 5«А» - 1 орын, 5«Б» - 2 орын, 5«В» - 3 орын. «Күзгі балл» кеші өз деңгейінде өтті. Бәрінің көңілінен шықты. Келесі күзді асыға күтеміз.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының Ішкі Істер Департаментінде 30-31- қазан аралығында «Мен және менің полициям» атты республикалық акция өтіп жатыр. Атаулы акцияға Астана қаласының Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп гимназиясының инспекторы полиция капитаны Ыдырышканова М.К., әлеуметтік педагог Нүрсейітова А.К. және бастауыш сынып мұғалімі Дильмагамбетова Ж.К. жетекшілігімен 2 «Ә» сынып оқушылары Сарыарқа аудандық Ішкі Әстер Департаментіндегі музейге барды. Мектеп оқушылары полиция тарихынан толық ақпараттар алды
30 қазан күні 2г сынып оқушылары Астана қаласының ІІД мұражайында экскурсияда болды.
29 қазан күні 5 сынып оқушылары Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Академиялық театрында болды. «Арыстанның қорқынышы» ертегі.
8-9 сынып оқушылары үшін 29 қазан күні «Кәмелетке толмағандардың құқығы және міндеттері» атты дөңгелек үстел өтті.

2014-2015 оқу жылы қазан айында бастауыш сынып бірлестігі бойынша апталық басталып кетті.

Апталықтың тақырыбы:Білімді ұрпақ-келешек негізі.

Жоспар бойынша апталықтың 1-ші күндері бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Данар 1 «А» сынып оқушыларына «К к әрпі мен дыбысы» атты ашық сабақ өткізді.

2014 жылдың 30- қазанында №10 мектеп-гимназиясында география пәнінен Республикалық интернет олимпиаданың екінші туры өтті.

Астана қаласы №38 мектеп-лицейінің «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 2014-2015 оқу жылының І тоқсан қорытынды есебі нәтижесінде «Ең үздік сынып» газет шығару байқауы өткізілді.

ҚР Білім және ғылым министіргілі Жастар ісі комитетінің қолдауымен «Қазақстан жастары конгресі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан КВН одағы» Республикалық «Жайдары Жас Ұлан» финалдық бәсекесіне обылыстық сайысының жеңімпаздары Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы «Ғафу шәкірттері» КВН командасы қатысты сонымен қатар тек Астана қаласы ғана емес Қазақстанның түкпір түкпірінен жас жеткіншектер мектеп оқушылары сонымен қатар бастауыш сыныптың оқушыларыда қатысты. Командалардың бәріне сертификат номинациямен марапаттады, және І, ІІ және ІІІ орынмен тағайындады. Ұйымдастыру алқасы мен жүргізуші Есен Елеукен болды.

29қазан айында Астана қаласы әкімдігінің және қалалық білім басқармасының жоспарына сәйкес №53 мектеп-лицейде «Этнопедагогика үрдісін оқу тәрбие жұмысында қолдану» тақырыбында қала мектептерінің музыка пәні мұғалімдерімен би жетекшілеріне арналған тәжірибелік семинар өтті. Бұл семинардың мақсаты музыка мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу болатын. Семинарға Астана мектептерінің музыка пәні мен би жетекшілері және өнер, музыка мектептерінің басшылары қатынасты. Семинардың жұмысы үш секция бойынша жүргізілді. Семинар сабақтарын би секциясы бойынша № 64 мектеп-лицейдің мұғалімі А.Жакеева мен «Мирас» Халықаралық мектебінің мұғалімі А.Махамбетова жүргізді. А.Жакеева өз сабағының тақырыбын «Қазақ халқының ұлттық би өнерін насихаттау» деп алып, ұлттық би өнеріміздің қимылдарын өз шәкірттері арқылы насихаттай білді. №64 мектеп-лицейдің мұғалімі Жанар Кудеринаның «Қазақ халқының ән айту өнері» тақырыбы бойынша өткізген панорамалық сабағында тыңдаушылар дәстүрлі ән орындау мектептерінің өкілдерімен танысып, халық әндерін тыңдап бір серпілісіп қалды.

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы Н.А.Оразахынова тәжірибе алаңындағы сыныптардың ата-аналарымен кездесті.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны